Көркем сөздің құдіреті: әлей
Әдебиет
Көркем сөздің құдіреті: әлей
1. Ғажап, керемет;
2. Қатты, зор, көп.
Әлей болсын! — "сізге де соны тілеймін" мағынасындағы тілек.
Мысалдар:
1. Бір мезгілде куатымды әбден жиып, жүрегімді тоқтатып алып батырды тік көтеріп алып, жерге қойып келіп жіберіп, кеудесіне мініп алдым. Өзіме - өзім сүйсінуім әлей болды.
(М. Әуезов, Қараш - қараш оқиғасы)
2. Қара көктің үйіріне де қызығуым әлей еді, бірақ мен қара айғырдың үйірін - ақ алайын.
(Ғ. Мүсірепов, Оянған өлке)
3. Неге үндемей тұр өзі?!.. Мылқау біреу емес пе?» деп ойлаған Ғалия, кім де болса тіл қатқысы кеп:
— Жолыңыз болсын! — деді еңкейген бойын жазып.
— Әлей болсын! — деді Балуан дауысын әдейі өзгерте сөйлеп...
(С. Мұқанов, Балуан Шолақ)
4. Ол мына қауырт етек алып бара жатқан әлейім жарыстың байыбына бара алмай, қайран қалып тұр.
(Б. Соқпақбаев, Өзім туралы)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Сарабдал
Көркем сөздің құдіреті: Сарабдал 1. Байсалды, салмақты, біртоға; 2. Тәжірибелі, кәнігі, ысылған.
Көркем сөздің құдіреті: Қосын
Әскери жасақ, қол, жауынгерлер тобы. Мысалдар: 1. Бие бауы шалғынға, қондырып патша қосынды, Әскерді көріп сыртынан Әзімбай жаман шошынды (Қозы
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар 1. Шама, мөлшер, уақыт; болжам; 2. Мұрша, әл, мүмкіндік.
Көркем сөздің құдіреті: Тақыс
Қу, айлакер, әккі. Мысалдар: 1. Тайтұяқ алма күміс төбеңдегі, Қой жайғыш бая қуып тақыс шалдың Ұстады қойын, тоның шөгелдегі.
Көркем сөздің құдіреті: Ындын
Көркем сөздің құдіреті: Ындын Түпкі мақсат, ниет, пиғыл, пейіл, діт, месел, көңіл.