Көркем сөздің құдіреті: Қосын
Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті: Қосын
Әскери жасақ, қол, жауынгерлер тобы.
Мысалдар:
1. Бие бауы шалғынға, қондырып патша қосынды,
Әскерді көріп сыртынан Әзімбай жаман шошынды
(Қозы Көрпеш)
2. Тұрсын хан қосын тартып келіп, иесіз қалған елді шауып, жебір - жесір қылып, жаман қырғын таптырып, Түркістанды өзіне қаратып алып қойған екен.
(Мәшһүр Ж. Көпейұлы, Еңсегей бойлы ер Есімнің ертегісі)
3. Ақтың қосыны бір ауылға келіп түседі. Ауылға келісімен сасқан қасқырша алақтап қол жұмсау, бассыздық, зорлық істей бастайды.
(С. Сейфуллин, Жемістер)
4. «Оң», «сол», «орта» аталатын қосындaр көшпелі халықтардың бәрінің де тарихында бар.
(С. Мұқанов, Есею жылдары)
5. Енді бұл қосын өздерінен басқа дүниеден түгел қол үзіп, жалғыз қалды.
(Ғ. Мүсірепов, Оянған өлке)
6. Барады жосып қосын жол қуалап,
Барады жөңкіп қаңбақ жел қуалап.
(Ә. Тәжібаев, Ашықтар)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Баябан
Жапан түз, құлазыған дала, шөл, айдала. Мысалдар: 1. Қадірлі болса баябан дария, Шалқар көлмен тең.
Көркем сөздің құдіреті: Тауан
Күш - қуат, әл, дәрмен, жігер. Мысалдар: 1. Онда көп: ноғай, қазақ, сарт пен сауан, Қайтқан жоқ бұ жалғаннан біздің тауан!
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар 1. Шама, мөлшер, уақыт; болжам; 2. Мұрша, әл, мүмкіндік.
Көркем сөздің құдіреті: Тақыс
Қу, айлакер, әккі. Мысалдар: 1. Тайтұяқ алма күміс төбеңдегі, Қой жайғыш бая қуып тақыс шалдың Ұстады қойын, тоның шөгелдегі.
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Аралық дәнекер, келістіруші, мәмілеші, бітім жасаттырушы. Мысалдар: 1. Жемісті сайдың бойында, Бітуажа мен болып,