ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Материалдық кедейліктен рухани өгейлік әлдеқайда қасіретті һәм қауіпті.
13.11.2022 578 0 Admin

Кітап үзіндісі: Материалдық кедейліктен рухани өгейлік әлдеқайда қасіретті һәм

Әдебиет
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Кіші немереміз Мадияр: «Әже, әже!» - деп мойнымнан құшақтап, бетімнен сүйіп жатыр.
- Бұл үйде мені Мадияр ғана осылай жақсы көреді, - дедім жүрегім елжіреп.
- Әжесі - ау, ол әлі кішкентай ғой, - дегені атасы маған қарап.
Зейнеп Ахметова "Әзіліңді сағындық"
Оқыңдар, қарақтарым, оқыңдар, — деді ағай біраздан кейін. — Қазақтың оқуда кеткен еншісі көп! Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!
Сол екпінмен «шешең үшін де оқы!» деп айтар ма екен деп дәмеленіп ем, ағай оны айтқан жоқ. Онысы әйелдерден оқуды қызғану емес, ауыз байғұстың айтып әдеттенбегендігінен еді.
Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"
Жаңа мекенді қашан да жерсінбейтін хайуандар секілді адам баласы жаңа заманнан гөрі баяғы заманды аңсап отыратын әдеті ғой. Бірақ ол өзінің баяғы жастық шағын — жақсы шағын ғана сағынып отырғанын сезбейді. Ертең тағы да бүгінгі осы күнді ойлап, қайран заман деп отыратын ұрпақ келеді. Одан кейін тағы солай, тағы солай болып кете береді. Әркім өз бойының қуанышынан ия қайғысынан қоғамның қуаныш – қайғысын іздейді. Өстіп өмір, уақыт жайында мың түрлі ой – пікір пайда болады.
Төлен Әбдік "Өліара"
Еркектің таңын атырып, күнін шығаратын, күндізін көрікті, түнін тәтті ететін, жақында жүрсе жанына қанат беріп, алыста жүрсе аңсататын, жұлдызын оңнан туғызып, еңбегін жемісті ететін сүйген жар екен ғой, шіркін!
Әзілхан Нұршайықов - Махаббат, қызық мол жылдар
Біздің жастарға шаһарстандар ұнайтыны рас. Әсем қаланың тамаша көрінісін бұзатын, тынысын тарылтатын – мына біздің күнәміз. Ең азы көшені көк түкірікке толтырамыз, қоқыспен ластаймыз. Күнәнің сан түрі осы үлкен қаланың кез келген жерінен көрініп жатады. Шұрық тесік жолдың жөнделуін, инфрақұрылымның дамуын талап етуіміз дұрыс емес. Бәрібір біз адам секілді оның бәрін дұрыс қолдана алмаймыз, білмейміз. Ең алдымен, біз өзімізді жөнге келтіріп, артық әрекетімізді дұрыстауымыз қажет. Жол жүру ережесіне бағынбаймыз, қоқысты тиiстi орнына тастамаймыз. Сол себепті қаланың Стамбул болуынан пайда жоқ. Біздің алдап - арбайтын, билеп - төстейтін, жігітті қорлап, қызды зорлап, ойнастық жасайтын күнәміз қаланы молаға айналдырғаны қашан.
Жасанов Медет "Баспалдақ"
Менің Димекеңе өте риза болғаным, сол кездердің өзінде əңгімелерінің арқауы елдің, халықтың хал - жағдайы болды. Сөз арасында елдегі қызмет бабымен жолығып жүрген көптеген жігіттердің аты - жөнін ұмытпай, оларды сұрастырып отырды. Сонда отырып байқағаным жеке кітапханасы өте бай көрінді. Үлкен де биік бөлменің еденінен төбесіне дейін жеткен шкафтарда иінтірестіріп қойған сөрелер толы кітаптар бар екен.
Серік Əбдірайымұлы "Елу жыл ел ағасы" кітабы Əділ Сасбұқаевтың естелігінен
Кім де кім өзгеге ажал азабының шербетін қанша ішкізсе, өзі де сол удан соншалық ішеді.
Ілияс Есенберлин "Алмас қылыш"
Материалдық кедейліктен рухани өгейлік әлдеқайда қасіретті һәм қауіпті..
Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"
– Азаматым, – деген сонда ол, – Тiрлiк атты айдын екi нүктенiң арасы ғана. Туу мен өлу заңдылығын жоққа шығару пешенемiзге жазылмаған. Ендеше, тағдыр сол екi нүктенiң арасындағы көзге көрiнбес жiпке түзiлген, оның ұзындығы мен қысқалығын белгiлеу жаратқанның қолында. Десек те, саған байланысты тұстары да жетерлiк. Дүниеге неғұрлым анық көзбен қарасаң, солғұрлым ақиқатқа жүгiнесiң. Ал, ақиқат барда алдамшылыққа орын бұйырмаған. Осыны есiңнен шығарма…
Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр"
— Құлыным, қозым, кішкентайым! — дейді апам, мені кеудесіне қыса беріп, «Кішкентайы» еңкейіп, иіліп, әрең құшағына сыйып тұрғанында жұмысы да жоқ. Ана үшін бала — қашан да бала. Қашан да ана өзін үлкен санайды. Кірпіш жеген ақ алақан менің басымды қозыны сипағандай сипайды.
Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"
Шіркін, ұлы адамдар, данышпандар, дарындар жасаған ой әлемдері, ақын - жазушылар суреттеген табиғат, өмір көріністері қандай ғажап, керемет, сұлу десеңізші! Оқыған сайын адамның ой - өрісі кеңіп, жан - дүниесі байып, көңіл көкжиегі қанат жайып, қиялы алысқа, биікке самғап, өзін еркін сезініп, жүрегін қуаныш кернеп, жаны жадырап, тынысы ашылып, рухани кемелдене түседі. Осы білімге деген құштарлық – өмірге құштарлық секілді адам бойына біткен туа - бітті асыл қасиет секілді. Тән азығына тойған секілді жан азығына тойған кезіңде бойыңды ерекше қуаныш, рахат сезім билейді. Өмірде соны да түсінбейтін, жан - дүниесі кедей, тоғышар адамдар көп - ау!
Нұртас Исабаев "Өмірге құштарлық"
Жетім деп қандай отбасыны айтуға болады? Егер сол шаңырақта көршіге, туған - туысқа, қоғамға деген жақсылық болмаса, қайырымды іске жетім отбасы деп айтуға тура келеді. Жесір отбасыда әйелдің күйеуіне құрметі болмайды. Күйеуі қайтыс болған секілді қарым - қатынастан не қайыр? Күйеуінің де әйеліне сыйластық сезімі болмаса, жесір отбасының нақ өзі болады. Мүгедек отбасы деп ата - анаға, үлкендерге ізет - құрметі жоқ отбасыны айтуға болады. Ата - анаға қызмет ету – парыз. Ал кім парызды мойындамай, жоққа шығарса, мүгедек болмағанда басқа кім болады?!
Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі не жайлы?
Жасанов Медет "Баспалдақ"Жетім деп қандай отбасыны айтуға болады? Егер сол шаңырақта көршіге, туған - туысқа, қоғамға деген жақсылық болмаса, қайырымды іске жетім отбасы деп айтуға тура келеді. Жесір отбасыда әйелдің күйеуіне құрметі болмайды. Күйеуі қайтыс болған секілді қарым - қатынастан не қайыр? Күйеуінің де әйеліне сыйластық сезімі болмаса, жесір отбасының нақ өзі болады. Мүгедек отбасы деп ата - анаға, үлкендерге ізет - құрметі жоқ отбасыны айтуға болады. Ата - анаға қызмет ету – парыз. Ал кім парызды мойындамай, жоққа шығарса, мүгедек болмағанда басқа кім болады?! Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі не жайлы?
Жасанов Медет "Баспалдақ"
Шіркін, дүние қайдан баянды болсын. Дүниені билеген мінезде баян болмаған соң, байыздап тұра ма! Ант ішейін, тегі, осы жеріңіздің, осы тұрған тауларына, айтайық, мынау Семейтау, Көкендеріне аяқ бітсе, олар да бір орында тұрмай, жүріп кетер еді - ау, ә! – деді.
Мұхтар Әуезов "Абай жолы"
Тасбақа жұмыртқасының жөргегі ып - ыстық құм ғой. Обалы нешік, құм - жөргек жетім жұмыртқаларға ана орнына ана болады - ақ. Жетім дейтініміз — теңіз тасбақасы жұмыртқаларын құмға салып болысымен - ақ көз жасын қол қылып, суға қарай сүйретіледі. Оған сусыз өмір сүру жұмыртқалап болғанша ғана берілген. Жұмыртқалап болдың екен, тезірек теңізге жет, әйтпесе өлесің.
Шерхан Мұртаза "Жүз жылдық жара"
Ұят - адамның басты байлығы. Ал адамның бәріне бай болу бұйырмаған.
Қажығұмар Шабданұлы "Қылмыс"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші
Он сегіз мың ғаламның тереңіне қанша сүңгісең де, маңдайың тірелетін бір ғана құпия бар, ол – қу дүниенің баянсыздығынан басқа түк те емес... Басқа
Кітап үзіндісі: "Балдан тәтті ғұмыр" Кітап үзіндісі: "Балдан тәтті ғұмыр"
Жаңа жұртыңа игілік, ізгілік апар. Күйеуің көтерілсе, демеуіш бол, шайқалса сүйеніш бол, тайғанаса таяныш бол
Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік,
Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.⠀⠀ Зейнеп Ахметова "Әзіліңді
Кітап үзіндісі: О дүниеде мəңгі ұйықтайтын болған соң, бұл дүниеде аз ұйықтаған лазым. Кітап үзіндісі: О дүниеде мəңгі ұйықтайтын болған
Соқырлық пен саңыраулық қатар дамыған қоғамда жаңаға орын сақталмайтыны аян. Жаңа деп отырғаны – өскiн.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×