ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: "Балдан тәтті ғұмыр"
08.09.2022 730 0 Admin

Кітап үзіндісі: "Балдан тәтті ғұмыр"

Әдебиет
Кітап үзіндісі: "Балдан тәтті ғұмыр"
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
– Алмағайыптың арашашысы өзiңсiң. Бiр жаратқанның барына сен, содан кейiн өзiңе ғана жүгiн. Шеттен көмек күтсең кешiгесiң, ол уақытында жетпесе өшiгесiң, сөйтiп өндiршектiктiң есiгiн ашып аласың. Бар пәле содан, – деп және бiр қайырып қойды.
Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр"
Жаңа жұртыңа игілік, ізгілік апар. Күйеуің көтерілсе, демеуіш бол, шайқалса сүйеніш бол, тайғанаса таяныш бол. Кісі ғұмыры қысқа, бірақ абыройлы атақ мәңгілік. Ең жанашыр досың – ақыл - парасатың, ең зұлым дұшпан – тежеуіш ашуың. Төңірегінде сенетін дос көп болар, бірақ ең берігі – өзіңнің ақ, адал жүрегің. Дүниеде аялайтын асыл көп болар, бірақ ең қымбаты – өзіңнің өмірің. Адал жүрсең, әрнеден жолың ашық болар. Ақылмен шешсең, ғұмырың ұзара түсер. Қиындықтан қашпа, жаза баспа!
Мұхтар Мағауин "Шыңғыс хан"
Димекең алдағыны болжай білетін еді. Осы дарындылығының арқасында күні бүгінге дейін Қазақстанның тыныштығы бұзылған жоқ. Өйткені Қазақстани - қашанда көп ұлтты мемлекет. Қазақ жерін мекендеп отырған барлық ұлт өкілдерін алаламай басқаруға да ақыл - парасат керектігін бізге көрсетіп кетті. Біз бұл салада Димекеңнің дұрыс соқпақ салып кеткенін ұмытпайық. Халықтың ауыз бірлігін бірінші орынға қойған басшылардың елі əманда берекелі болатынын бір сəт естен шығармайық.
Серік Əбдірайымұлы "Елу жыл ел ағасы" кітабы Төлепбек Назарбековтың естелігінен
Шүбә деген жамансың - ау, жүрекке келіп бір сіңсең, терең түбіне жатып алып адамның ойын оңға бастырмауға тырысасың. Сырласамын, сүйемін, сөйтіп тұрып білмеймін деймін шүбәға еріп... Шынында да, білмейтін шығармын.
Мұқан Иманжанов "Қыз сыры"
Төлеген мен Қыз Жібектің – Құман мен Меруерттің шаңырағында қонақтықта отырмыз. Сөз кезегін Бақытжанға бергенде, қасында отырған Шерхан аға – Шерхан Мұртаза:
- Тікірейген шашыңнан айналайын! – деп інісінің басынан сипады. Сонда Бәкең сөзін тост сөйлеуден емес, басқа бір әңгімеден бастады:
- Аға, жақында мен жан - тән туралы жазылған бір кітап оқыдым. Сонда айтады, адам өмірге келгенде, яғни туыла салып, екі періште қасына келеді екен де, баланың бүкіл алдағы өмір тіршілігін, тағдырын кезек - кезек айтып береді екен. Бірақ қырқынан шығарған соң, бала оның бәрін ұмытады екен. Ал мен ұмытпадым. Періштелер «Әкең – Бауыржан, әйелің – Зейнеп болады» дегенде, төбе шашым тік тұрды да, сол күйі жатпай қалды, – деді.⠀
Зейнеп Ахметова "Әзіліңді сағындық"
Жақсы бастық - жарты бақыт қой, шіркін! Өйткені, ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді. Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.
Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"
«Әке балаға сыншы». Ұлт әкесінің «өздеріңді ел болар дей алмаймын...» дегені жеті түнде ұйқыны бұзар үрей ұялатады. «Бізді емес анау заманның адамдарын айтты» дейін десең де, әкенің «қалған көңіл – шыққан жанын» ұмытар, ұлылық ұйыған уақыт көші керегесін керген кербез дала көзіңізге түсті ме?..
Ырысбек Дәбей "Әкелеріміз айтатын әңгіме"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік,
Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.⠀⠀ Зейнеп Ахметова "Әзіліңді
Кітап үзіндісі: О дүниеде мəңгі ұйықтайтын болған соң, бұл дүниеде аз ұйықтаған лазым. Кітап үзіндісі: О дүниеде мəңгі ұйықтайтын болған
Соқырлық пен саңыраулық қатар дамыған қоғамда жаңаға орын сақталмайтыны аян. Жаңа деп отырғаны – өскiн.
Кітап үзіндісі: Балам, жақсылық жаса, жамандықтың іздеушісі көп болады Кітап үзіндісі: Балам, жақсылық жаса, жамандықтың
Балам, жақсылық жаса, жамандықтың іздеушісі көп болады. Жақсылықты айтпағанымен есіне алып жүреді. Сәуле Досжан "Жатқа туған бала"
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×