ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Естiген нəрсенi ұмытпастыққа төрт түрлi себеп бар
23.01.2023 385 0 Admin

Кітап үзіндісі: Естiген нəрсенi ұмытпастыққа төрт түрлi себеп бар

Әдебиет
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Абай айтқан:
«Естiген нəрсенi ұмытпастыққа төрт түрлi себеп бар:
əуелi – көкiрегi байлаулы берiк болмақ керек;
екiншi – сол нəрсенi естiгенде я көргенде ғибрəтлану керек, көңiлденiп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
үшiншi – сол нəрсенi iшiнен бiрнеше уақыт қайтарып ойланып, көңiлге бекiту керек;
төртiншi – ой кеселдi нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.
Ой кеселдерi: уайымсыз салғырттық, ойыншы - күлкiшiлдiк, я бiр қайғыға салыну, я бiр нəрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нəрсе – күллi ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нəрселер», – деген талаптардың бəрінің үдесінен шыққысы кеп жүрген Азамат.
Мырзагелді Кемел "Бітігші"
Сұлулар өтсе жанымнан, сүзіліп тұрып қараймын.
Әдемі қызды көргенде, ақылды қызды аяймын!
Жұмекен Нәжімеденов "Дала дидары"
Дүниеде еркектің жынын қоздыратын әйелдің тік қарағаны - ақ қой.
Тынымбай Нұрмағамбетов "Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс"
Еркек дегендердің көзге көрінбейтін екі, көзге көрінетін үш қасиеті болады... Көзге көрінетін үш қасиеті: бетіндегі айбаты, қолындағы қайраты, қалтасындағы дәулеті. Көзге көрінбейтін қасиеттерінен қателессеңдер оқасы жоқ, бірақ көрініп тұратын қасиеттерінен қате жібермеңдер. Әйел пақырдың бағы жанбайын десе, сөйтіп қара басады.
Әбіш Кекілбаев "Шеткері үй"
– Жаны мұңға жақын адам өмірден мән табу үшін не істеуі керек? – деп сұрадым.
– Он екі мүшесі сау адамдардың өмірді сүймеуге еш қақысы жоқ! – деді ол қабағын түйіп.
– Көктем болса да – көктемнің исін сезбейтін, жаз болса да – жадырамайтын, қыс болса да – қардың ақтығын көрмейтін, күз болса да – күздің сұлулығын жүрек көзінен өткізе алмайтын қаншама жүрегі соқыр адам бар. Олардың тәні – cау, бірақ жаны – мүгедек, – дедім жылағым келіп.
Аягүл Мантай "Соқыр сана"
Қайран, балалық - ай десеңші! Алыста қалған арайлы, адал таңдарым менің. Онда мен кіп - кішкентай сәби едім. Айнала таулар да, үйлерде де, қойтастар да, жылқылар да бәрі - бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі "айналайыннан" басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін...
Қария кісілердің сақалынан қасиет - қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз - келіншектердің жүріс - тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді.
Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя"
Адам шын жақсы көрген адамының көп кемшіліктерін, мінезінің кілтипандарын аңғармайды ғой.
Нұртас Исабаев "Өмірге құштарлық"
Махаббат жолында "әзәзіл" де жолығады. Күдікпен қызғаныш та кезігеді - бəрі болады. Бірақ сондай сәттерде жігіт жігіттігін жасау керек, әйтпесе оның несі жігіт?!
Бексұлтан Нұржекеұлы "Ерлі - зайыптылар"
Мың қыздан мың әйел шыққанымен, мың қыздан он - ақ қатын шығады.
Бауыржан Момышұлы "Мен - халқымның Бауыржанымын"
Таудың кереметін тау көрмегендер қайдан біледі? Тау дегенді тегістіктен гөрі биік жер деп қана ойлайтын шығар? Ал тау биіктік қана ма? Жартасы мен шыңы, қалың қарағайы мен тұтасқан бұтасы, бұлағы мен бастауы, сайы мен жырасы, шөбі мен гүлі, аңы мен құсы, құдай - ау, қыруар тіршілік - тынысы – бәрі басқа жерде болмайтын, басқа жерден табылмайтын таңғажайып қой! Бірақ сол әдемілікті әркім көре де бермейді, көруге келе де бермейді. Өйткені таудың көрінген шыға алмайтын құз - қиясы, кез келген түсіне бермейтін қыр - сыры толып жатыр. Төбедегінің көргенін төмендегі көрмейді.
Етекке түсіп тағы тоқтады. Мына етектен қараған адам таудың несін көреді? Тек сыртқы сұлбасын ғана. Ал тау төбеңнен төне қарап, сенің бүкіл тұла бойыңды ақтара көреді. Басқалар білмейтінді білетін, өзгелер көре алмайтынды көре алатын сирек адамдар да тау секілді, сірә.
Бексұлтан Нұржекеұлы "Әй, дүние - ай!"
Батқан күннің ерте кеткеніне ашуланбайтын себебіміз - оның ертең қайта шығатынын білгендіктен. Қатты нөсерден қорықпайтын себебіміз - оның көп ұзамай басылатынын білгендіктен. Кемпірқосақтың ғайып болғанына мұңаймайтын себебіміз - оны кейін тағы көретінімізді білгендіктен. Біздің тез ашуланып, бірден үрейленіп, оңай мұңаюымыздың себебі - білмегендіктен: жаңа мүмкіндіктің келетінін, барлық қиындықтың өткінші екенін, бәрі жақсылықпен аяқталмаса, демек әлі соңы емес екенін.
 Эунсун Ким "1cm"
Біз көбіне өзімізге «адвокат», өзгеге «прокурормыз», яғни кінәратты өзгеден, мемлекеттен, дұрыс оқытпаған мұғалімнен, көмектеспеген достан, туыстан іздейміз. Байқасаңыз өзіне «адвокат» болған адам көбіне «неге?» сұрағын қояды. Ал бұл сұраққа ми қалай жауап береді?
Қуаныш Шонбай "Екінші болма"
Өнімді жинап алмасаң - шіриді. Істі кейінге қалдыра берсең, ол көбейе береді.
Пауло Коэльо "Бесінші тау"
Үйренем деген кісі есігінің алдындағы иттің қылығынан да бірдемелер үйренеді, үйрену үшін ештеңеден жиренбейді.
Бексұлтан Нұржекеұлы "Ерлі - зайыптылар"
Оң жақтағы кезде жүз жігіттің арманы болса да, қызға бір азаматтың адал жан жары болу – парыз...
Зейнеп Ахметова "Бабалар аманаты"
... Алайда ер мен әйелдің арасында қашанда сақталуы керек негізгі нәрсе бар. Ол сыйластық. Сыйластық та сезім. Оның алабұртып басылған сезімдерді қайта ояту қабілеті бар.
Динара Болат "Өмірге шексіз ғашық"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші
Он сегіз мың ғаламның тереңіне қанша сүңгісең де, маңдайың тірелетін бір ғана құпия бар, ол – қу дүниенің баянсыздығынан басқа түк те емес... Басқа
Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік,
Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.⠀⠀ Зейнеп Ахметова "Әзіліңді
Кітап үзіндісі: Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Кітап үзіндісі: Өмір — талас, кім күшті — сол
Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Адам баласының таласы бетпақ дүниеде алма - кезек түсіп осылай өтіп жатады. Еш уақытта да
Тұрмыс құру екі жас бірін - бірі көріп - біліп, сүйіскенде ғана баянды болмақ Тұрмыс құру екі жас бірін - бірі көріп - біліп,
Тұрмыс құру екі жас бірін - бірі көріп - біліп, сүйіскенде ғана баянды болмақ. Махаббат кеңесшіні керек етпейді, оған өктемдік жүрмейді. Барар жерді,
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×