ойын сауық отауы
Тұрмыс құру екі жас бірін - бірі көріп - біліп, сүйіскенде ғана баянды болмақ
20.01.2022 453 0 Admin

Тұрмыс құру екі жас бірін - бірі көріп - біліп, сүйіскенде ғана баянды болмақ

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Тұрмыс құру екі жас бірін - бірі көріп - біліп, сүйіскенде ғана баянды болмақ. Махаббат кеңесшіні керек етпейді, оған өктемдік жүрмейді. Барар жерді, сүйер жарды өзім таңдаймын ғой.
Темірбек Қожакеев "Қалыңдық қасіреті"
Қазір таңғаламын. Сонда біз сол төрт - бес жасар орыс пен қазақтың балалары қай тілде сөйлестік екен? Түк те есімде жоқ. Менің орысша білмейтінім анық. Ана орыстың балалары да қазақша біле қоймаса керек. Сонда қалай түсіністік. Ғажап. Бірақ ертеден кешке дейін бірге ойнайтынымыз зайыр есімде.
Шерхан Мұртаза “Ай мен Айша"
Тарих - адамзат қауымына құмырсқаның ұясы сияқты бір жерде тұрмай, өркениетпен өрілген әсем де, әдемі туындылар туғызатын мемлекеттердің мәртебесін жоғарылата отырып, халықты басқарудың жолын көрсететін ғажайып ғылым.
Григорий Петров "Финляндия - ақ лалагүлдер мекені"
Базбіреулер үшін бала бел қызығының құрбаны, я болмаса ерлі - зайыпты екеудің төсеки алқынысынан пайда бола салған тіршілік иесі ғана. Мұндай тасыр түсініктің төңірегінен «жауапкершілік» туралы ой іздеудің де қажеті бола қоймас.
Ықылас Ожайұлы "Қалам ұшына тұнған сыр"
Жалындаған жас буын өкілін ескі тəсілмен басқару мүмкін емес. Жаңа ұрпаққа ақылға қонымды, əділетті, тамырын тереңге жіберген басқарудың жаңашыл түрі қажет. Парасат – пайымы жоғары басқарушылары бар мемлекеттерде сəтсіздіктер мен құлдырауларға жол берілмей, халықты басқарудың мейлінше əділетті жолдары қарастырылған. Кейбір елдерде болса, керісінше, мемлекет тізгінін ұстаған адамдар халықты дұрыс басқаруды жəне оның сауаттылығын арттыра түсу қажет екендігін түсінбейді немесе түсінгілері келмейді.
«Мезгілі келгенде мұз да ериді» демекші, уақыты келгенде, мықты мемлекеттердің де қабырғасы сөгіліп, сызат пайда болады. Бір өкініштісі, күн өткен сайын көлемі ұлғайып бара жатқан бұл сызатқа дер кезінде көңіл бөлінбейді.
Григорий Петров "Финляндия - ақ лалагүлдер өлкесі"
Ізгілік пен иман, ар - ұятты ұрпағының ең ұлы қазынасы санайтын үлкен кісілердің аманатына адалдық пен қиянат күнделікті тіршілігімізден менмұндалап көрініп тұрады.
Ырысбек Дәбей "Жылқы атылған жаз"
Адамзат тек өзінің ойы менен түсінде ғана ажалсыз, азат өмір сүре алар. Арман ағысын да ол көкке көтеріліп, теңіз түбіне түсе алар. Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы. Ал бірақ ажалға бәрі бір - ақ тиын: сенің өмірді сүйетінің, ой - арманыңмен қандай ғарыш биікке көтеріліп, нендей даналық шегіне жеткенін, не түс көргенің — ажалға бәрібір, ол мұнымен санаспайды.

Шыңғыс Айтматов "Ақ кеме"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Ауыздан шыққан анттың бәрі орындалса, адам адам емес, баяғыда - ақ періште болған болар еді! Кітап үзіндісі: Ауыздан шыққан анттың бәрі
Ауыздан шыққан анттың бәрі орындалса, адам адам емес, баяғыда - ақ періште болған болар еді! Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер қайтіп келмейді"
Кітаптан үзінді: Елді билеуден адамның өзін - өзі билеу қиын Кітаптан үзінді: Елді билеуден адамның өзін - өзі
— Мен мезгілсіз өлген адамды өте аяймын, — деді ол,— әсіресе, әйел жынысты болса... — Heгe?— дедім мен.— Еркек - әйелі не, өлген соң, бәрі аянышты...
Кітап үзіндісі: Адам бейшараны қуанту үшін көп нәрсе де керек емес екен ғой Кітап үзіндісі: Адам бейшараны қуанту үшін көп
Мен уәдеде тұрудың керемет үлгісін әкемнен көріп өстім. Кішкентай кезімізде «ойыншық әперем», «қыдыртам» деп уәде берсе, соны істегенше жаны тыныштық
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×