ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Педагогика — формулаға салып жіберіп, әп сәтте жауабын білетін математиканың есебі, медицинаның диагнозындай емес
05.02.2024 344 0 Admin

Кітап үзіндісі: Педагогика — формулаға салып жіберіп, әп сәтте жауабын білетін

Әдебиет
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Педагогика — формулаға салып жіберіп, әп сәтте жауабын білетін математиканың есебі, медицинаның диагнозындай емес. Іздеуі мен табылуы, қолданар "ем - домы" машақаттау көрінеді. 
Қабыш Жаркенов "Мұғалімдер"
Бір орында көп тұрса — су да бұзылады. Үнемі қамыға берілсе, адам қияли болады.
Ілияс Есенберлин "Алтын құс"
Біреудің бір сомын ұрлаған адамды ұры деп ат қойып, айдар тағамыз. Айыпқа тартамыз. Тәзірін береміз. Мұнымыз жөн - ақ дейік. Ал, біреудің бірнеше сағат уақытын (яғни бірнеше сағат өмірін) ұрлаған адамға біз түк те істемейміз. Тіпті оған тіс жарып, ауыз ашпаймыз. Мұны айыпқа санамаймыз. Егер байыптап қарасақ, әлгі ұрланған, не жоғалған ақшаны өндіріп алуға яки орнын толтыруға болатын сияқты. Ал ұрланған уақытты өндіріп, қайтарып алу мүлде мүмкін емес қой.
Кейде тіпті сол уақыттың тезірек өтіп кетуін тілейміз...
Немат Келімбетов "Үміт үзгім келмейді"
Үлкен аурухана ашып оған өзімшілдерді, мансап құмарларды, атаққұмарларды, ұятсыздарды, қаскүнемдерді, қатыгездерді, опасыздарды, өсекшілдерді, зинақорларды, жағымпаздарды, күншілдерді жатқызу керек... Өмірдегі ең қатерлі дерттер осылар.
Төлен Әбдік "Ақиқат"
Пендеміз ғой "сүйтемін - бүйтемін" деп жоспар жасаймыз, алайда алдағыны бір Алла біледі.
Зейнеп Ахметова "Теңбіл тіршілік"
— Атай, сіз ғой қартайдыңыз. Отырғызған ағашыңыздың жемісін көре алмайсыз, олай болса неге бейнеттеніп жатырсыз? - дейді.
Қарт:
— Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де отырғызайық, жемісін кейінгілер жесін, - деп жауап береді. 
Мырзагелді Кемел "Шығармалар жинағы"
Қазіргі жастар семьяда кім бас болу керек дегенді біраз диспутқа айналдырды. Мен бас ие болам, сен бағынышты боласың дейтіндей махаббат мансап па? Билеу, билік айту еркектің беріктігіне үйлеседі, әйелдің нәзіктігіне оғаш. Табиғатынан солай. Еркектікке ерлердің өзі талассын, әйелдердің таласатын не жөні бар?
Еркекпен тең праволы екеніміз рас, бірақ еркектің өзімен біз ешқашан бірдей бола алмаймыз. Әйел әрқашан әйел болып қалуға тиіс, табиғат берген оның өз міндеті бар, оны орындау білімді әйелге де, оқымаған әйелге де бірдей. Әйелдің нәзіктігі, әдептілігі мен ізеттілігі, тіпті әлсіздігі мен дәрменсіздігі - бәрі артықшылық. "Мен жанымды еркексіз де бағам, тамағымды өзім - ақ тауып жеймін", - дейтіндер, праволық теңдік пен табиғи ерекшелікті шатастырады. Нәзіктілігінен, қылықтылығынан айырылған әйел өзіне өкпелесін. Адамдар ойына келгенін істей бермей, бір - бірінен қысылуы керек. Өйткені дүние бәрімізге бірдей ортақ, оны бүлдіріп алмауды әрқайсымыз да ойлауға тиіспіз. 
Бексұлтан Нұржекеұлы "Ілесгүлдің сыры"
Істеп жүрген жерінен тістеп жүретін қазақтың ежелгі әдеті.
Оралхан Бөкей "Атау - кере"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Далада өскен жабайы гүл үстін тас басса да, өлерменденіп, қылтиып, өсіп шығады Кітап үзіндісі: Далада өскен жабайы гүл үстін тас
Далада өскен жабайы гүл үстін тас басса да, өлерменденіп, қылтиып, өсіп шығады. О бастағы табиғаты гүл болса да, гүл ашып, айналасына эстетикалық
Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші
Он сегіз мың ғаламның тереңіне қанша сүңгісең де, маңдайың тірелетін бір ғана құпия бар, ол – қу дүниенің баянсыздығынан басқа түк те емес... Басқа
Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік,
Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.⠀⠀ Зейнеп Ахметова "Әзіліңді
Кітап үзіндісі: Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Кітап үзіндісі: Өмір — талас, кім күшті — сол
Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Адам баласының таласы бетпақ дүниеде алма - кезек түсіп осылай өтіп жатады. Еш уақытта да
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×