Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 - 1898 ж. ж.)
Әдебиет
Бабадан қалған асыл сөз
Ғасырлар тоғысында
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 - 1898 ж. ж.)
Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Майлықожа әуелі үйде, әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білім дәрежесіне жеткен. Майлықожаның өнегелі сөздері кейін елге тарап, ауыздан - ауызға көшіп, жаттанды нақылға айналып кеткен. Майлықожа ұлтымыздың әдебиет тарихынан ойып тұрып орын алар өз заманының көрнекті ақыны болған. Ол, сондай - ақ, шығыс әдебиетін қазақ тіліне аударды.
Халық ісі дегенде жақсы қалмас тартынып.
* * *
Елге келген жұмысқа жақсы жүрер қайсып, жаман жүрер майысып.
* * *
Ақын – елдің тұлпары,
Кетпейтін басы кермеден.
* * *
Көпті көрген ер жігіт – көсем болар төселіп.
* * *
Ерінбегеннің еңбегі жанар.
* * *
Мал аласы – сыртында,
Адам аласы – ішінде.
* * *
Бақ қонады ұл таңдап,
Қонақ қонар үй таңдап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтаңдап.
* * *
Жігіттің бағы қайтады – ағайын жұртын алдаса.
* * *
Аңдысқан мынау дүниеде – біреуге - біреу табашы.
* * *
Өңкей жақсы қосылса –
Бітіреді кеңесті.
Өңкей жаман қосылса –
Шығарады егесті...
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бұқар Қалқаманұлы (1684 - 1782 ж. ж.)
Атақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар жыраудың есімі қазақ еліне ертеден мәлім. Замандастары «көмекей әулие» атап кеткен ұлы жырау XVIII ғасырдағы
Шалгиіз Тіленшеұлының ұлағатты сөздері
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы Шалгиіз жырау ноғайлы - қазақ дәуірінде Орақ, Мамай, Би Темірдің тұсында өмір сүрген.
Елім менің аңсаған, тас бұғаудан босаған!
ХХ ғ. басында өмір кешкен көрнекті ақын, прозашы, публицист. Сұлтанмахмұттың өлеңдерінен тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа
Көнеден жеткен өсиет: Күлтегін
Екінші Шығыс Түрік қағанатының негізін салған Құтлықтың (Елтеріс) ұлдары туралы ел аузында: «Білге қаған ел бастап, Күлтегіні қол бастап» деген сөз
Халық күнтізбесі: Мүшелдің жалпы сипаты
Алтын Орда мемлекеті ыдырап, Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі ғасырларда мүшел жылдары, ежелгі түркілердегідей күн мен түннің жазғытұрғы теңелуі
Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан
Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан қанатты сөздері.