ойын сауық отауы
Көнеден жеткен өсиет: Күлтегін
13.11.2022 517 0 Admin

Көнеден жеткен өсиет: Күлтегін

Аңыздар
Бабадан қалған асыл сөз
Көнеден жеткен өсиет: Күлтегін (684 - 731 ж. ж.)
Екінші Шығыс Түрік қағанатының негізін салған Құтлықтың (Елтеріс) ұлдары туралы ел аузында: «Білге қаған ел бастап, Күлтегіні қол бастап» деген сөз бар. Олар «елдің алтын тұтқасы, айбарлы асыл тірегі» болған. Өз дәуірінің белгілі қоғамдық қайртакері Күлтегін батыр, түркі әскерін басқарған қабілетті де көрнекті қолбасшы болған.
Күлтегін дүние салғанда, қалың жұрты, ұрпағы оның рухына тағзым етіп, алып ескерткіш орнатады, оған елінің тарихын қашап жазады. Бүгінде сол ескерткіштің ғылыми көшірмесін Елордасы – Нұр - Сұлтандағы Еуразия ұлттық университетінің төрінен көруге болады.

Көтерген де – тәңірі, ел берген де – тәңірі.
* * *
Қаған ел құрар.
* * *
Ел ұстап, заң жасаған.
* * *
Ері жоқ елдің күні қараң.
* * *
Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп.
* * *
Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдуына сенген, арбауына көрген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінінен айырылады.
* * *
Қағанынан айырылған ел – ғаріп, иесінен айырылған жер – ғаріп.
* * *
Күшке күш қосылса – құп, елге ел қосылса – құт.
* * *
Биікте көк тіңірі, төменде қара жер жаралғанда – екеуінің арасында адам баласы жаралған; адам баласы үстіне – Бумын қаған мен Істемі қаған отырған; отырып түркі халқының ел - жұртын қалыптастырған, иеліп еткен.
* * *
Билеушісі біліксіз елдің жұрты жалтақ келеді.
* * *
Бас иесіз – ел тозар.
* * *
Зердесіз қаған ел билесе – сол жаман, әлсіх қаған ел билесе – сол жаман.
* * *
Халқын жұтатпаған қаған бақытты.
* * *
Халқын асырау – қағанға парыз.
* * *
Қаған үшін еліне қарулы жау келтірмегеннен асқан мерей жоқ.
* * *
Қағанын сатқан халықты тәңірі де жаратпайды.
* * *
Елін сүйген ер бақытты.
* * *
Халқына – бегі, бегіне – халқы сенген ел ұзақ жасайды.
* * *
Елді халық едім, қайда енді сол елім?!
Қағанды халық едім, қайда сол қағаным?!
* * *
Жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым.
* * *
Елін елдікті етті, жауын бейбітті етті.
Бастыны бағындырды, тізеліні бүктірді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көнеден жеткен өсиет: Білге /Мерген/ Көнеден жеткен өсиет: Білге /Мерген/
Алты жасында жетім қалған Білге (Мерген – Могилян) өсе келе әскери дарындылығымен, ақылды ойымен қаймана жұрттың қошеметіне ие болып, түрік - қытай
Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет
«Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп ашығын айтқан Түрік қағанаты тарихындағы бірегей тұлға Тоныкөк (Тоныұқық) тапқыр да шешен сөзімен, ер жүрек
Оғыз қаған жайлы миф Оғыз қаған жайлы миф
Оғыздар, байырғы түркі руларының одағы, бірінші мыңжылдықтың басынан бастап, негізінен, Сырдария өзенінің сағасында өмір кешкен. Бұл жайында Орхон -
Мүшелдің жалпы сипаты Мүшелдің жалпы сипаты
Жылдарды мүшелдеп санау ресми түрде қашан басталғаны әзір белгісіз. Ежелгі түркілердің ресми түрде мүшелдеп есептей бастаған уақыты ұмытылған, Алтын
Ынтымақ - бірлік, татулық туралы Ынтымақ - бірлік, татулық туралы
Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан
Хан тәңірі Хан тәңірі
Хан тәңірі – қарт Тянь - Шаньнің жүрегі... Хан тәңірі – көк аспанның тірегі... Хан тәңірі – көп жасаған қария, – Хан тәңірі – жер жүзіне жария.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×