Кітап үзіндісі: Сенің шексіз бақытты болуыңды тілеймін, одан басқа не келеді
Әдебиет
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Абай: "Ғалым болмай, немене, балалықты қисаңыз?", - дейді. Ғалым болу үшін дүниенің қызығынан бас тарту керек. Яғни, "балалықты" — дүниеге деген құмарлықты қию керек деген ойды айтып отыр. "Сен дүниені қимасаң да, бәрібір дүние сені қиып жібереді". Біз неге ғалым бола алмай жүрміз? Өйткені ғалым болудың шартын орындамай жүрміз.
Біз ғылыммен сол дүниенің қызығы үшін айналысамыз. Абай: «Әуелі ғылым - білім табылса, ондай - мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемеске керек", - депті.
Абай бұл сөзді Құранға сүйеніп айтып отыр: "Дүние тіршілігі еш нәрсе емес. Ойын - сауық қана" (Әнғам сүресі). Бір орысша сөзде: "этот мир — мишура" депті. Мишура — мереке кезінде үйді алдын - ала безендіретін қызылды - жасылды көздің жауын алатын әшекей заттар. Мереке бітісімен оларды сыпырып жинап алады. Мишура — иллюзия. Дүние де сондай. Кімде - кім осы мишура — дүниеге деген қызығушылығын тыя алмаса, өмір бойы бала болып қала береді.
Одан қайдан "ғалым" шықсын.
Омар Жәлелұлы "Махабатсыз дүниедос"
Адам жақсылықты жерден тауып алмайды, адамнан үйренеді. Жайнақтың беріп кеткен тоны жыртылар, тозар, ақырында жоқ болар, мейлі жер жұтсын, сөзге тұрмайтын нәрсе, гәп онда емес, сол бармақтай балдырғанның жүрегінде тосын біреудің істеген жақсылығы өмір бойы сақталып қалса, адам болған соң басқаға жақсылық ету міндет екенін жастайынан сезіп қалса, Жайнақтың сауап істегені сол емес пе?!
Шыңғыс Айтматов "Құс жолы"
Қош, сау бол. Сенің шексіз бақытты болуыңды тілеймін, одан басқа не келеді менің қолымнан. Қош, сау бол, жаным. Ақ тілегіммен тілеймін тағы да, бақытың тасысын. Артық - ауыс кеткендерім болса кешірерсің, бәріміз де пендеміз ғой, әлсіздік жасаған шығармыз...
Мұхтар Мағауин "Әйел махаббаты"
... Ал, сен анаңа соңғы хатты қашан салып едің? — Вася атайдың қатайған тұлғасы, сұсты өңі Балтаның жүзіне тергеушідей қадалды. Ана — өмір бастауы. Дүниедегі ең ұлы жан — Ана. Ананы ұмыттым дегенше, адамзатқа, Отанға опасыздық жасадым дей бер. Ана көңілдің құлазуын көргенше көлдің шөлге айналғаның, күннің сөнгенін көрген оңай...
Софы Сматаев "Біз құлмыз ба, кімбіз?"
Адамдар бәрін шайтанға жаба салады қазір. Күнә жасап қойса, оған тұлғаның өзі емес, шайтан кінәлі деп айтады. Бірнәрсе айтайын, шайтанға по… сендерге. Өзінің проблемасы жетерлік оның. Сондықтан не істеп қойсаң да, ол өз әрекетіңнің жемісі ғана.
Садық Шерімбек "JUZ"
Көрген - білгенін айтпаса кәрі кінәлі, ал оның айтқанын ынта қойып тыңдамаса, ақыл - ойдың безбеніне салып, елеп - екшеп, пайдалы дегендерін өз керегіне жарата білмесе жас кінәлі.
Болат Бодаубай "Қарт тергеушінің әңгімелері"
Мұғалім пәннің маманы емес, өмірдің маманы, өмірдің тамыршысы болуы керек. Өйткені бала өмір сүруді біздің алдымыздан бастайды емес пе?!
Орынша Қарабалина "Ұстаз бақыты"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

кітаптан үзінділер жазушылар кітаптарынан үзінді Болат Бодаубай "Қарт тергеушінің әңгімелері" Шыңғыс Айтматов "Құс жолы"
Кітап үзіндісі: Бақ та, дәулет те өткінші
Он сегіз мың ғаламның тереңіне қанша сүңгісең де, маңдайың тірелетін бір ғана құпия бар, ол – қу дүниенің баянсыздығынан басқа түк те емес... Басқа
Кітап үзіндісі: Далада өскен жабайы гүл үстін тас
Далада өскен жабайы гүл үстін тас басса да, өлерменденіп, қылтиып, өсіп шығады. О бастағы табиғаты гүл болса да, гүл ашып, айналасына эстетикалық
Кітап үзіндісі: Әр жүректе асыл адамгершілік,
Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.⠀⠀ Зейнеп Ахметова "Әзіліңді
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер