ойын сауық отауы
Араб тілі – жоғары мәдениеттің тілі
24.11.2024 118 0 Admin

Араб тілі – жоғары мәдениеттің тілі

Әдебиет
Тіл тарихы
Араб тілі – жоғары мәдениеттің тілі
Жаугершілік заманнан бірнеше ғасыр өткеннен кейін, әдебиет саласында керемет шығармалар пайда болды. Ислам мен оның Қасиетті кітабы – Құран адам өмірінде үлкен рөл атқарды, бірақ жалпы білім алу мен дүниетанымын кеңейту өте маңызды деп есептелді. Бастапқыда жұрт араб тілінде сәндік үшін сөйлесе, енді ол өмірдің діннен тыс барлық саласындағы жазу тіліне айналды. Ол әкімшілік - басқаруда, сауда - саттықта, әскер ісінде қолданылды, көп ұзамай көркем әдебиетке, философияға және ғылымға да араласты. Билік бұрын қолданылған түрлі тілдерді араб тілімен алмастыру саясатын ұстанды, бұл саясат іске асты деп те айтуға болады.
Ирактағы Бағдат, Испаниядағы Кордова ақыл - ой мен білім орталықтарына айналды. Олар түрлі қайнаркөздерден ақпарат алып, оны өздеріне сіңіріп, пайдасына жаратып отырды. Византия соңғы технология мен ғылым жаңалықтарымен қамтамасыз етті, бірақ бәрінен бұрын ежелгі грек әдебиеті мен философиясы туралы көп мәлімет берді.
Шығыстан талантты парсы ақын - жазушылары шықты, мұсылман әлемінің түкпір - түкпірінен білімді еврейлер бой көрсетті. Шығысқа қарай тереңдей енген арабтар инд өркениітмен қатынасқа түсті. Ал Испанияда католиктік христиандармен және латын жазба тілімен санасты. Орта ғасырлар деп аталатын кезеңде Еуропада мәдени өмір гүлденді.
Мұндай өскелең ортада араб жазба тілін бірнеше атақты ақын - жазушылар таратты. Тілдік үлгіні Құраннан және алғашқы поэзиялық туындылардан алды; грамматикалық ережелер мен емлені талқылау ерте басталды. Араб тіліндегі сөздер Құранда қалай жазылса, Мұхаммед пайғамбар (с. ғ. с.) заманындағы бәдеулиер қалай сөйлесе, солай айтылуы керек деген ортақ келісім болды. Ол кезде жазу нормасы латын тіліндегідей тұрақты және өзгермейтін болған, киелі кітаптарға негізделетін. Бастауыш мектепте Құранмен бірге осы тілді үйретті, діни сауатын ашты. Медреселер мен жоғары оқу орындарында тіл тереңдете оқытылды.
Әрине, ауызекі тіл өзгермей қалған жоқ. Бірақ үлкен империя тұрғанда, оның аймақтарының арасындағы қатынастар айтарлықтай жиі болды, бұл диалектілік айырмашылықтардың пайда болуына кедергі жасауы мүмкін. Тілдің өзгеруі саяси жағдаймен бірге жүрді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіл тарихы: Империя және тіл Тіл тарихы: Империя және тіл
Билік жұрттың бәрінің Римдегі шешендер мен жазушылардай сөйлегенін қалады. Грамматика мен риторика білгірлері тілдің барлық аспектісін үйретті:
Тіл тарихы: Гректерден үйрену Тіл тарихы: Гректерден үйрену
Грек тілінің бай әрі даңқты тарихы талай сыннан өтті. Алғашында грек тілі Грекия аумағында қолданылды. Кейін Жерорта теңізінің шығысындағы
Тіл тарихы: Жаңа грек тілі Тіл тарихы: Жаңа грек тілі
Константинополь қаласы жаулап алынғанмен, грек тілінің тарихы аяқталған жоқ. Грекия Осман империясының құрамында болған жылдары, яғни XV ғасырдан
Тіл тарихы: Көршілер Тіл тарихы: Көршілер
Қытайдың дамыған мәдениетінің зардабын оның айналасындағы елдер мен халықтар тартып келеді. Доминант мәдениеттің ықпалы көбінесе шешуші рөл атқарады,
Тіл тарихы: Мемлекет, тіл және жазу Тіл тарихы: Мемлекет, тіл және жазу
Бізге аман жеткен мысыр тіліндегі алғашқы мәтіндер бес мың жылдай бұрын жазылған. Мысырда сол кездің өзінде - ақ бір орталыққа бағынатын, әлеуетті
Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан
Ғаббас...... Ғұмар ҒАББАС - (қараңыз: Аббас). ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен - қадірлі, құрметті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×