Тіл тарихы: Империя және тіл
Аңыздар
Тіл тарихы: Империя және тіл
Билік жұрттың бәрінің Римдегі шешендер мен жазушылардай сөйлегенін қалады. Грамматика мен риторика білгірлері тілдің барлық аспектісін үйретті: сөздердің орфографиясы мен дыбысталуы, сөз түрлері, сөө таңдау, тілдегі стильдік ерекшеліктер оқытылды.
Ол кезде Римде мемлекеттің әлеуеті тілге, латын тілінің әбден жетілдірілген түріне көп байланысты болды. Өзге диалектілер мен стильдердің қандай күйде болғанын жақсы білмейміз, өйткені сақталып қалған мәтіндерде тілдің тек ресми түрі қолданылғанын көрдік. Түрлі жәдігерлердегі граффити жазулардан, күнделікті тіршілікті көрсететін бірен - саран мәтіндерден тілдің бұқаралық нұсқасы анда - санда қылаң беріп қалады. Жұрттың бәрі Цицерон сияқты сөйлей алмауы мүмкін. Бірақ Рим билігі кезінде империяның әр түкпіріндегі халық өз диалектілерін дамытқанын дәлелдейтін жәдігерлер өте аз. Жалпы алғанда, латын тілі сәл - ақ түрленіп өзгерді.
Римнен тысқары жатқан провинцияларда қарапайым халық қалай сөйледі? Бұған дейін айтқанымыздай, бастапқыда латын тілінде тек Рим қаласында сөйледі. Уақыт өте келе, латын жазба тіл ретінде де, ауызекі тіл ретінде де жан - жаққа тарады. Бізге ол процестің егжей - тегжейі белгісіз, бірақ басты деректерге қанықпыз. Біздің заманымызға бірер ғасыр қалғанда, Италияда жақсылы - жаманды жазуы бар бірнеше тіл болған, олардың бес - алтауының сөйлеушілерінің саны латын тілінде сөйлеушілерден көп еді.
Бізге этруск, оскан, умбрий тілдері және басқа да тілдерде мәтіндер жетті. Ғасырлар өте келе, бұл тілдердегі мәтіндер мен түрлі заттардағы жазбалар сирей түсті, шамамен б. з. д. 100 жылдардан кейін ол тілдерде ештеңе жазылмаған тәрізді. Содан кейін олар ауызекі тіл ретінде қолданылуы мүмкін, бірақ оған еш дәлел жоқ. Қалай айтқан күнде де, олар өте ежелде жойылып кеткен. Олардан басқа заманауи ешқандай тіл өрбіп шықпады, Италияның барлық халқы латын тілінде сөйлеуге көшті.
Батыс Еуропаның басым бөлігінде де жағдай дәл осылай болды. Римдіктер Франция, Испания және Португалияға, Сицилия мен Сардиния аралдарына келгенде, ол жерлердегі халық өз тілдерінде сөйлейтін. Ежелгі тарихтың аяқ шеніне қарай адамдардың дені латын тіліне көшті, қазір сол жақта тұратындардың көбі латын тілінен өніп шыққан тілдерде сөйлейді. Тек екі тілдік топ қана өзге тілде сөйлеуін жалғастыруда, олар: Испанияның солтүстігі мен Францияның оңтүстік - батысындағы баск тілі және Бретаньдағы бретондар. Бірақ бретондар – Ұлыбританиядан ежелгі тарихтың аяғына таман келген кельттердің ұрпағы, олар имдікРимдікРимдік Галлияда өз тілін сақтап қалған кельт халқы емес.
Халықтардың латын тіліне осылай көптеп ауысуына не себеп болды? Елді басқа біреулер басып алып, бөтен тілде сөйлейтін, солардың саясаты жүріп тұрса да, жергілікті тұрғындардың бәрі бірдей ана тілін латын тіліне ауыстыра салған жоқ. Тіпті көп уақыт өткеннен кейін де ауыспағандар бар. Мәселен, ағылшынтілділердің билік құрғанына 700 жыл болса да, Уэльстегі валий тілі әлі тірі. Тарихта мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады, сондықтан Рим империясындағы ассимиляцияны түсіндіру керек.
Оның бір себебі – үкіметтің басқару стилі. Римдіктердің басқыншылық жорықтары, расында да, ьаңданарлық болды, бірақ олар елге кіре салып, ол елді басқарудың тиімді жолдарын табуға көп күш жұмсады. Түрлі салада басқарушылар, салық жинаушылар, заңгерлер, бақылаушылар, кеденшілер және басқа да көптеген қызметкерлер тағайындалды, жауынгерлер дайындалды. Сауда Рим көпестерінің қолына тапсырылды, оларға түрлі жеңілдіктер берілді.
Мұндай жағдайда қоғамда дәрежесін көтергісі келген немесе тұрмысын түзегісі келген адам латын тілін үйренуге мәжбүр болды. Қай жұмысқа тұрғың келсе де, тіл білу керек, тілді жақсы білген адам көптеген артықшылыққа ие. Оның үстіне, Рим өзінше бір әскери мемлекет те еді, ол империяның түкпір - түкпіріндегі гарнизондарда көптеген жауынгер әскери қызметті таңдғандар латын тілін білуге міндетті болды. Жастардың ьасым бөлігі солай істеді де. Ресми білім алу жүйесіне келетін болсақ, мектептердің бәрі сабақты тек латын тілінде жүргізді (жоғары оқу орындарында грек тілі қосылды).
Қақалықтар латын тіліне үш - төрт ұрпақ ауысқаннан кейін өтіп кетуі мүмкін. Ал халықтың басым бөлігін құрайтын ауылдық жерлерде ана тілін ұзақ уақыт бойы жоғалтпай жүрді. Бірте - бірте латын тілі ауылдық жерлерге де тарады. Халықтың ең тұрақты деген топтарының өзінің латын тіліне ауысуының бір себебі – жаңа дінді, христиан дінін қабылдауымен байланысты.
Римге христиан діні ерте келді. Біздің заманымызға дейінгі 64 жылы қала өртенгенде, өрттің тұтануын жаңа сектаны жақтаушылардан көріп, император Нерон көптеген христианды азаптап өлтіруге бұйырды. Библия мен өзге де христиандық мәтіндер грек тілінен латын тіліне өте ерте кезде аударылды. Империяның батыс бөлігіндегі христиандар шіркеу қызметінде латын тілін тұрақты пайдаланды. IV ғасырға қарай бұл дін нығайып алды, ал император Константиннің осы дінге өтуінен кейін христиан діні Рим мемлекетімен байланыстырылды. Шіркеу ел билеуші тұлғалардың христиан дініне беріле қызмет етуін талап етті.
Сөйтіп, Оңтүстік - Батыс Еуропа тұрғындары латын тілінде сөйлеушілер болып шыға келді. Сонымен қатар латын тілі бүгінгі күнгі Алжир, Тунис және Ливияға жақсы тарады, ол жерлерге тура Еуропадағыдай сіңіп кетті десек, артық айтқандық болмас. Бірақ бірер ғасырдан кейін Африкаға жаңа басқыншылар – арабтар келді. Араб тілін араб саяси билігі мен ислам діні қолдады, ал латын тілі дер кезінде жойылып кетті. Енді сол туралы әңгімелейік.
Рим империясының өзге бөліктерінде латын тілі ешқашан үстемдік құрған емес. Ілгеріде римдіктердің империяның шығысында ресми тіл ретінде грек тілін қолданғанын айттық. Ал Британияға латын тілі онша қатты сіңген жоқ, өйткені оған Рим басқыншылары кейінірек келді және ол Римнен шалғайда орналасқан. Солтүстіктегі бұл форпосқа мекен ауыстыруға қызығушылар аз болды. Латынтілділермен тығыз байланыс болмағандықтан және бөтен ешкім әрі ештеңе ықпал етпегендіктен, Британияда өзгеріс болған жоқ.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіл тарихы: Гректерден үйрену
Грек тілінің бай әрі даңқты тарихы талай сыннан өтті. Алғашында грек тілі Грекия аумағында қолданылды. Кейін Жерорта теңізінің шығысындағы
Тіл тарихы: Жаңа грек тілі
Константинополь қаласы жаулап алынғанмен, грек тілінің тарихы аяқталған жоқ. Грекия Осман империясының құрамында болған жылдары, яғни XV ғасырдан
Тіл тарихы: Барлық тіл тең дәрежелі ме?
Грек тілінің беделі жоғары, тұғыры биік болған дейміз. Сонда оның мәртебесі жүздеген жылдар бұрын қолданыста болған тілдерден де жоғары болды ма?
Тіл тарихы: Грек тілі және алфавиті
Бұл – осыдан 2600 жыл бұрын грек тілінде жазылған өлеңнің еркін аудармасы. Грек тіліндегі мәтіннен «мен» деген сөздің әйел адамды меңзеп тұрғаны
Тіл тарихы: Одақтасу және ыдырау
Алғашқы императордың бірыңғай жазуға айрықша мән беруі сол кездің өзінде тілде аймақтық айырмашылықтар болғанын дәлелдейді. Ол айырмашылықтар жазудан
Тіл тарихы: Иероглифтер
Сына жазуларына интерпретация жасау оңай болмаған, өйткені кей символдар өз бейнесінің мағынасын, кейбірі сөздің дыбыстық бейнесін беруі мүмкін.