Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу
Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті
Безбендеу
1. Безбенге (қол таразы) салып өлшеу, таразылау;
2. Салыстыру, теңестіру.
Мысалдар:
1. Жоспар, директивтер тәжірибеге, ғылымға негізделсе, оның орындалуы творчествоға негізделген. Ешбір Иванның яки Байжанның творчестволық қуаты безбендеп өлшенген жоқ.
(Ғ. Мұстафин, Қарағанды)
2. Ал бұл түйенің күтімі: шөбі, жемі, қорасы, бағу тәртібі бұрынғыдан әлдеқайда артық. Бағасы күтімімен өлшенеді. Алатын өнім — шығарған шығымымен безбенделеді.
(Х. Есенжанов, Ағайынды Жүнісовтер: 1 кітап)
3. Пәлеңнен доспын деген сақта тәңрі,
Күнәңды күнде жинап безбендеген!
(Ә. Тәжібаев, Кімді сүйем)
4. Нұрлан осы секретарьды Якуповпен салыстырып, безбендеп тұр, қайсысының салмағы басым - біреуі шапшаң да жеңілтек, шешімі тез.
(З. Шашкин, Сенім)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Мимырт
Мимырт Жай, шабан, баяу, жайбасар, марғау. Мысалдар: 1. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып,
Аяқты айқастырма
Алла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді.
Көркем сөздің құдіреті: Қотару, сақи сөздерінің
ҚОТАРУ 1) Сұйық затты бірден аудара құю; 2) Тез ішу, жұта салу; 3) Аудару, тәржімелеу (линг.).
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Көркем сөздің құдіреті: қунау
Қунау 1) Демалу, тынығу; 2) Ширау, қуаттану, бой сергіту; 3) Жайнау, жадырау.