ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
05.12.2020 2 459 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті
Мансұқ

1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады);
2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Мысалдар:
1. Бұрынғылардың «тұрмысты сана билейді» деген пікірін Маркс мансұқ еткен.
(Ж. Аймауытов, Маркс не дейді?)
2. <...> айқын нәрселерден мысал келтіріп, көзге көрсетіп, қолға ұстатқандай қылмаса, өзі де тастым демейді. Ғылымның мұндай бекітіп шығарған жолдарын дәлелсіз мансұқ қылуға болмайды.
(М. Әуезов, Қайсысын қолданамыз?)
3. Мансұқ қып елін, жерін де,
Не тағдыр айдап өтті екен?!
(М. Мақатаев, Шекарада)
4. Абай — барометр. Абайды мансұқтаушы — ұлттың шіріген жұмыртқасы.
(Ш. Мұртаза, Қызыл жебе: 4 кітап)
5. Кеше әулие, бүгін жын, бәрі мансұқ,
Қымызы жоқ сабадай қалған қаңсып.
(Ғ. Қайырбеков, Көнсадақ)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Құзар Көркем сөздің құдіреті: Құзар
Құзар 1. Асу бермес биік, асқар, заңғар; 2. Құз, шың.
Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу
Жоспар, директивтер тәжірибеге, ғылымға негізделсе, оның орындалуы творчествоға негізделген. Ешбір Иванның яки Байжанның творчестволық қуаты
Көркем сөздің құдіреті: Мимырт Көркем сөздің құдіреті: Мимырт
Мимырт Жай, шабан, баяу, жайбасар, марғау. Мысалдар: 1. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып,
Аяқты айқастырма Аяқты айқастырма
Алла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді.
Көркем сөздің құдіреті: Қотару, сақи сөздерінің мағынасы Көркем сөздің құдіреті: Қотару, сақи сөздерінің
ҚОТАРУ 1) Сұйық затты бірден аудара құю; 2) Тез ішу, жұта салу; 3) Аудару, тәржімелеу (линг.).
Көркем сөздің құдіреті: қунау Көркем сөздің құдіреті: қунау
Қунау 1) Демалу, тынығу; 2) Ширау, қуаттану, бой сергіту; 3) Жайнау, жадырау.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×