Көркем сөздің құдіреті: қунау
Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті
Қунау
1) Демалу, тынығу;
2) Ширау, қуаттану, бой сергіту;
3) Жайнау, жадырау.
Айнап - қунау – дем алу, бой жазу.
Мысалдар:
1. Қой қоздап, түйе боздап, құлын қунап,
Даланың төлі ойнақтап аяқтанған.
(Ж. Жабаев, Жаз)
2. Жігіттер ән салысып, күрес салып, ойын - сауық, қалжыңмен отырып, етті жеп, сорпа ішіп, қунап қалысты.
(I. Жансүгіров, Жолдастар)
3. Таза ауаны еркінше жұтып, бойың көтеріліп, өзің мүлде қунап қаласың. Әлдеқайдағылар еске түседі.
(Б. Майлин, Бисекеңнің үйінде)
4. Құлпырды кенді далам, гүлді далам,
Жас өсіп, кәрі қунап, күлді анам
(Т. Жароков, Жыр көмей)
5. Жылына неше мәрте туған жеріне барып, ауылдастарының, туған - туыстарының, дос - жарандарының ортасында болып, аунап - қунап қайтпаса көңілі көншімеген болар еді.
(Ғ. Мұстафин, Естен кетпес есім)
6. Сергимін аунап - қунап көбе шөпте
Шегіртке мен шіркейдің джазын тыңдап.
(Ә. Кекілбайұлы, Жол жыры)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу
Жоспар, директивтер тәжірибеге, ғылымға негізделсе, оның орындалуы творчествоға негізделген. Ешбір Иванның яки Байжанның творчестволық қуаты
Көркем сөздің құдіреті: Мимырт
Мимырт Жай, шабан, баяу, жайбасар, марғау. Мысалдар: 1. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып,
Көркем сөздің құдіреті: Қотару, сақи сөздерінің
ҚОТАРУ 1) Сұйық затты бірден аудара құю; 2) Тез ішу, жұта салу; 3) Аудару, тәржімелеу (линг.).
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Жаз келді
Күн жылынып, қар да еріп дүрілдеп, Сай - саладан сулар ағып, күрілдеп, Ой мен қырда басқызбайды сар балшық. Әлем - тапырық жердің беті іріңдеп.