ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Сүйген қызы үшін ғашық жігіт отқа да түседі, суға да түседі.
27.02.2021 2 688 0 Admin

Кітап үзіндісі: Сүйген қызы үшін ғашық жігіт отқа да түседі, суға да түседі.

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Бас екеу болмай - мал екеу болмас деген рас екен. Бұрын жатақханаға шаршап - шалдығып келгенде, далаға келгендей құлазып, ұйқыны олжа көрсек, оғанда шүкір, өз үйің - өлең төсегің дегендей, алдыңнан жадырап жарың шықса, тапшылыққа қарамастан жоқтан бар жасалып, дастарханың жаюлы тұрса, дос - жаранның бергеніңе ғана емес, ықылас - пейіліңе тойып аттанса, ер жігіттің бір мұраты осы емес пе. 
Дінмұхамед Қонаев "Ақиқаттан аттауға болмайды"
Өзіңе сырымды айтқан соң, жұрттың бәріне де солай екен деп ойлайсың ба? Жоқ. Жантасжан, әйел сыры құлыптаулы сандық, көрінгенге ашыла бермейді. Кілті табылғанда ғана ашылады.
Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
Неге? Неге? Себебі қайсы? Бір - бірінсіз тұра алмайды екен деген адамдар қайда? Қайда қане, солар? "Әлде менің өмір жолымда ондайлар кездеспеді ме?" Неге? Әлде, бірін - бірінсіз тұра алмайтын адамдар адам ойының ғана жемісі ме? Пәленше өлді деп екінші біреудің қоса өлгенін неге көрмедім? Сонда олардың бәрінің қабірге бірге түсер бірде бір достарының болмағаны ғой? Адам тек өзіне ғана қадірлі болған - ау... 
"Мені кім іздейді, мен кімге қадірлімін?" Ол өзін жер бетінде еш жанашыры жоқ жетім баладай сезінді. 
Дулат Исабеков "Қарғын"
ӨМІРДІҢ МАҒЫНАСЫ - ҰРПАҚ АЛМАСУ
- Өмірдің мағынасы не?
- Ұрпақ алмасу. Алдыңғылар кейінгілерге орын беру керек, - саналы түрде. Қазақта бір терең аталы сөз бар: ”Көп жасай берсе ер азады” деген. Өкінішке орай біз осы мәселеде оңбай ақсап тұрмыз. Көп жылдар бойы дәйекті түрде жүргізілген құдайсыздық бір - ақ рет өмір сүретін адамдардың легін дайындап шығарды. Ол адамдар осы өткінші дүниеге тас кенедей жабысып алған; көздері қарауытып көзіне көрініп тұрған дүниеден басқа бір дүние бар деп еш ойламайды.
Омар Жәлелұлы "Махаббатсыз дүние дос"
Адам баласы қызық қой, әлде мен солаймын ба, өз қайғымнан гөрі, өзгенің қайғысын көбірек ойлаймын, біреудің жылағанын, не оның ренжігенін көрсем, со күні менің де берекем кетеді. Қолымнан келер жәрдемім болмаса да, әлгі адамның қайғылы халы ойымнан шықпай қояды.
Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
... - Бұлбұлдың неге әдемі сайрайтынын білесің бе?
Ол басын шайқап күлді.
- Өйткені, ол өз әнін өзі ғана тыңдайды. Өзгелердің тыңдап отырғанын сезбейді. Өзгелерден қысылып - қымтырылмайды, егер қымтырылса олар не ойлап отыр екен деп алаңдаса мынадай құйқылжыған, әдемі ән қайдан шықсын: Кісі бақытты болу үшін не ешкімнен ешқандай шаруасы болмай саяқ жүруі керек, не жұрттың пыс - пысына пысқырмауы керек. Онсыз бүгежектеп бауырыңды жаза алмайсың. Ал бұқпантайға бақыт бұйырушы ма еді!
Әбіш Кекілбаев "Шеткері үй"
Сүйген қызы үшін ғашық жігіт отқа да түседі, суға да түседі. Сол үшін біз жігіттердің ғашық кезін жырға қосамыз. Ғашық жігіттің бәрі жақсы, өйткені ол ғашық кезінде жар қадірін біледі. Ал үйленген соң сол қадірді ұмыту ол махаббат белгісі емес. Ол ер белгісі емес. Нағыз махаббат сыйластықта көрінеді. Ер әйелін сыйласа, әйелдің ер сыйламауы мүмкін емес.
Бексұлтан Нұржекеұлы "Ерлі - зайыптылар"
Адам баласының, әсіресе, жас шағында мынау жалпақ жаһанға тоятсыз сезіммен қарауы, дүниедегі ең ауыр, ең сұмырай қиындықты тілек етіп, пәруана көбелектей шыр айналып, шырғалап шықпауы неден екен?
Оралхан Бөкей "Өз отыңды өшірме"
Сондықтан адал болуды үйренейік, әліміз жеткенше адалдықты қорғайық, біріміздің адалдығымызға біріміз сүйсініп жүріп, қалай өліп қалғанымызды білмей қалайық та.
Бексұлтан Нұржекеұлы "Бір өкініш, бір үміт"
Біз ұлттың тілін "ана тілі" дейміз. Олай дейтініміз, біз туғанда тілімізді, асылымызды, бар ізгі қасиетімізді ананың ақ сүті арқылы бойымызға сіңіреміз. Батыста бұлай айтпайды, мәселен, орыс "туған тіл" дейді. Осыдан - ақ ананы ұлықтаудың озық үлгісін көруге болады. Түптеп келгенде, әлем жұртшылығы әйелді сыйлауды, ананы ардақтауды бізден үйренуі керек.
Дархан Қыдырәлі "Атымды адам қойған соң"
Бір нәрсе ғана ақиқат: өзің ақымақ әрі қорқақ болсаң жауыз болуың да оп - оңай, тек бастаушың болсын.
Сайын Мұратбеков "Жабайы алма"
Осыдан дәл бір ғасыр бұрын «Айқап» журналында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ өкпесі» деген мақаласы жарияланған еді. Бұл жерде ол мақаланың мазмұнына емес, тақырыбына шұқшиып отырмыз. Мақаланың көтерген жүгі әркімге мағлұм болар. Тақырыпты айтыңызшы, «Қазақ өкпесі» деп, жауына да өзімсініп өкпелейтін қазақтың ақын жанды, аңқаулығы мінеледі. Өнер білім қумайтындығы, жалқаулығы сыналады. Өкпелейтін өкпесі бар қазақ барда өмір сүрген Ахаңдар бақытты екен. Біз өкпелей алмайтын ұрпақпыз. Жанарымыздан кек ұшқыны шашырап, жер - дүниені жалмайтындай көңіл - күймен өмір сүруге дағдыланғамыз...
Ырысбек Дәбей "Жылқы атылған жаз"
Неге соншалық тыныштық? Неге соншалық жаймашуақ ерке өмір? Неге көп ұйықтап, аз жұмыс істейтін болып барамыз? Неге... Неге?
Оралхан Бөкей "Өз отыңды өшірме"
Мықты болғыңыз келсе, өзіңізді мықтылармен қоршаңыз. Аз уақытта солардың қатарына қосыласыз.
Данияр Жігітбек "26 жылда қалыптасқан 26 қағида"
Өтіріктен тілін тия алмаған адам арамдықтан ындынын тия алмас.
Шәкәрім Құдайбердіұлы "Шығармалары"
Қар – тaбиғаттың адамға берген ұлы сыйлықтaрының бірі. Қарға қyаныңдар, балалар. Оны yыстаңдар, иіскеңдeр, бір - біріңе шашу шашып, қуана күліп қызықтаңдaр! Бұл – кейін қaртайғанда қолдарың жетпей қалатын қызық, жаcтыққа ғана арналған табиғат ләззaты. Аппақ қаpдай ақ махаббат болсын! Аппақ қаpдай адалдық болсын! Аппақ қаpдай таза пейіл, пиғыл, мейір бoлсын!
Әзілхан Нұршайықов "Мәңгілік махаббат жыpы"
Білгенің жөн. Дүниеде айыпсыз адам болмайды. Алайда, өзің шапағатты, әрі сақы пейілді бол. Мұндай адамдардың айыбы аз болады. Сыйлай білмейтін, қадіріңе жетпейтін жандармен достаспа. Ондайлардың қасиеті болмайды.
Кайқаус "Қабуснама"
Өмір деген осы шығар. Шаршау, аңсау, ойлау, уайымдау, күту, шыдамсыздану, жету, жете алмау...
Әкім Ысқақ "Жүректегі жазулар"
Үнемдеуді үйренуіміз керек. "Теңге тиыннан құралады", "Тамшыдан тама - тама дария болар" дейді ғой. Әр нәрсеге үнеммен қарай білсек, байи түсеміз, қолда барды көбейтеміз, қауіпсіз болашағымыздың, қаржылық тәуелсіздігіміздің негізін қалаймыз.
Данияр Жігітбек "26 жылда қалыптасқан 26 қағида"
Ой бостандығы
Еркін ойлау – ой - сана тәуелсіздігін сақтауға байланысты.
Еркіндік «кепілге» берілсе, өмір бойы «Ипотекалық» төлемді төлеу керек болады.
Мансапқорлыққа құл болған ой еркіндігінен айрылады.
Ой - сана тәуелсіз болмаса, өзінің емес, өзгенің қалауы бойынша жыр жырланады.
Мәлік Отарбаев "Ойқазан"
Адам болған соң артына тым болмағанда зәредей игілікті іс қалдырмау қандай аянышты өлім еді. Баяғының «күнім өтіп барады» деп зар еңіреп жылайтын заржақ шалдары – осының бәрі - бәрін ой таразысынан өткізіп, арғы дүние мен бергі дүниені сабақтастыра, күннен бұрын бағамдаған - ау; тіпті, олардың өмірін қызыға, қызғана еске түсіруге болар.
Оралхан Бөкей "Өз отыңды өшірме"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме? Пауло Коэльо "Алхимик" Махаббат пен
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Үлкен махаббатты армандау үшін Кітап үзіндісі: Үлкен махаббатты армандау үшін
Шөл дала соншалықты үлкен әрі шексіз, сондықтан сен өзіңді құмның бір түйіршігі ретінде елестетесің. Пауло Коэльо "Кемел"
Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан? Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан?
Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр –
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×