ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Сұлудың айыбы – ажары, данышпанның кінәсі – ақылы, жүйріктің басына біткен бәлесі – шабысы
12.04.2021 885 0 Admin

Кітап үзіндісі: Сұлудың айыбы – ажары, данышпанның кінәсі – ақылы, жүйріктің

Әңгімелер
Кітап үзіндісі: Сұлудың айыбы – ажары, данышпанның кінәсі – ақылы, жүйріктің басына біткен бәлесі – шабысы
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...

Бірсыпыра жастар бірін - бірі ұната сала: «Бітті, біз ғашықпыз!» деп есептейді. Сөйтіп, қолма - қол сүйісіп, сүйкенісіп жібереді. Көзді ашып жұмғанша ерлі - зайыпты боп та шыға келеді. Олар мұның шынайы сезім емес екенін артынан аңғарады. Содан соң бір - бірімен айтысып, ажырасып әлек болады. Мұндай күйге душар болмас үшін жастар тез қауышуға құмартпауы керек. Ұзақ сөйлесіп, сыйласып, сырласып, әбден біліскеннен кейін, шын сүйетініне, бірігіп, жарасты өмір кешетіндеріне анық сеніскеннен соң ғана бір - біріне ләззат құшақтарын ашса абзал. Кіршіксіз, таза махаббаттың тәттілігі де сол болмақ. Қыздар бос күйеу тапқанына емес, дос күйеу тапқанына қуануы қажет. Жігіттер кино, театрға бірге баратын жолсерік қана емес, жан серік тапса ғана бақытты. Осылай жұптасып, зайыптылық өмірдің алтын босағасы - достық пен махаббатты берік ұстаған берекелі семьяны ғана көрші ұнатады, коғам құптайды.
Әзілхан Нұршайықов "Махаббат қызық мол жылдар"
Бұл дүниеде бәрі өледі. Мақсат та, идея да бәрі – бәрі өледі. Баяғы ұлы мемлекеттердің құлағаны секілді, бәрі де құлайды. Шындық өлмейді, халық Өлмейді деген сөз, жұртты жігерлендіру үшін айтылған насихат. Неге өлмейді? – деді Сейіт жан – жағына таңырқай қарап. – Талай халық, талай ел өлген. Айнымас достық, асыл махаббат та өледі. Өлмейтін бір – ақ зат бар, ол – адам бойындағы сатқындық.
Төлен Әбдік "Өліара"
Қашан да елден асқан артықшылық жан иесіне жақсылық әкелмеген ғой. Сұлудың айыбы – ажары, данышпанның кінәсі – ақылы, жүйріктің басына біткен бәлесі – шабысы. Артықшылық өзгенің жанын жаралап, көңіліне шоқ түсіреді. Қанша жұрттан озсаң, сонша жұрт саған жау болмақ. Сонда бәрінен озу – бәрімен жауласу деген сөз емес пе? Бәрімен жауласқанның жеңген күні бар ма?..
Төлен Әбдік "Өліара"
Иə, түптеп келгенде, бұрын - соңды тарихта орын алған сұрапыл соғыстардың бəрі жер үшін де емес, байлық үшін де емес, саяси билік үшін де емес, адамдардың ішкі жан - дүниесі, ақыл парасаты, рухы үшін болған ғой. Сол күрес күні бүгінге дейін тынымсыз жалғасып келеді. Бірақ əр жерде əр түрлі аталады. Қалай аталған күнде де бəрінің мақсаты, түпкі мүддесі біреу - ақ. Мақсаты - өзгелердің рухын жойып, өз ұлтының рухани билігін орнату. Ол үшін алдымен жаулап алған халықтың тілін, ділін, дінін, салт - санасын, əдет - ғұрпын, тағы басқа арғы ата - бабаларынан келе жатқан қасиетті дəстүрлерін жойып жіберу керек. Сонда ғана айдауда жүретін, айтқанға көнетін, өз ұлтының өткен тарихына ойланбай лағынет айтатын, момақан, рухсыз ұрпақ өсіп жетіледі.
Немат Келімбетов "Ұлыма хат"
Жалғанда ғаламат деп ойлаған аяулыңыздың кемшілігін көріп қалудан азапты не бар?! Жақсыға жақындаудан қауіпті не бар?! Асылыңды жоғалтқаннан артық не бар?! "Шіркін - ай" дегізер, оның өкініші өміріңіздің өзегіне айналады. Осы "әттең - ай" мен "шіркін - ай" — нағыз махаббат. Арманда қалу, көксеген затыңа қол жетпеу де — махаббат. Махаббат дегеніміз — қосылмау десек, оған мынандай дәлел келтірелік. Айталық, әлем әдебиетінің арғы - бергісін ақтарып отырсақ, сүйген жастардың бірде - біреуін үйлендірмеген екен. Неге? Неге Ромео Джульеттаға, Фархад Шырынға, Қозы Баянға, Қыз Жібек Төлегенге, Абай Тоғжанға қосылмады?! Неге біздер аһ ұрып қосыламыз, арпылдап айырылысамыз? "Азапсыз махаббат — арзан махаббат", "Шын ғашық бұл дүниеден қосылмайды" деген атамыз қазақ нені меңзеді?!
Оралхан Бөкей "Жетім бота"
Адамдар бір - бірін әрең іздеп табады, сонсоң іп - лезде жоғалтады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз адамдардың бір - бірін тауып, қайтадан жоғалтуы емес пе өзі. Мүмкін...
Оралхан Бөкей "Қасқыр ұлыған түнде"
Ұлы махаббат ешқашанда адам баласына бақыт әкелген емес дейтін ол. Махаббат деген қырық пышақ болып жатқан қан майданға өз еркіңмен кіру деген сөз. Сол майданның ішінен біреудің атқан оғы не сілтеген найзасы тимей, аман – сау шыға қоям деп ойлау – балалық. Олай деп сүйіспеншілік шалығына ұшырап, көзі қарауытқан, ақылын тұман басқандар ғана айта алады. Қозы мен Баян, Жібек пен Төлеген неге бақытсыз болды? Біз оны Қодар мен Бекжаннан көреміз. Олар да махаббат дертіне шалдыққан жандар. Олардың орнында өзің болсаң, сен де соны істер едің; Қозы да, Төлеген де сенің ең асыл сезімдеріңді, армандарыңды аяққа таптаушы қатыгез жандар болып көрінер еді. Сондықтан жасалған қиянаттың себебін адамдардан емес, махаббаттың өзінен іздеу керек.
Төлен Әбдік "Өліара"
Сізге кедергі келтіріп, арманыңызға жетуге бөгет болатын жалғыз ғана нәрсе, бұл – сіздің ойларыңыз.
Джон Кехо "Түйсігіңмен ойлай біл"
Асқанға — тосқан, қылмысқа — жаза, сабырға — мұрат, еңбекке — зейнет, таршылыққа — баршылық, әйтеуір, бар азаптың ақыры қайыр — кез келген жазмыштың соңында жауабы болмақ. Түннен кейін күннің шығатыны секілді, жаңбыр мен бораннан кейін күннің қалай да ашылатыны секілді, алла тағала адамның да тіршілігін алмағайып етіп жаратқан ғой. Сондықтан жақсылық та, жамандық та зая кетуге тиісті емес. Тек бәріне сабыр керек. Шығырдың тегерішіндей әр нәрсе ертең – ақ, алла бұйыртса, өзінің орын – орнына түседі.
Төлен Әбдік "Өліара"
Олардың кейбіреулерінің ұштары жылан уымен немесе аусыл болған сиырдың сілекейімен суарылған. Қолмен ұстауға болмайды. Бұл жебелер тиген жаудың тірі қалуы екі талай. Ежелден садақ тартып үйренген қазақ, осы атамзаманғы қарумен де зеңбірек пен карабинға қарсы шығуына қарағанда тәуелсіздік арманы ажалдан күшті болғаны да, әйтпесе..
Ілияс Есенберлин "Қаһар"
Тегінде, жаманшылық деп аталатын ұлы күштің не екенін білмейтін адамды бұл өмірден табу мүмкін емес. Адам баласына ең көп тараған білім – жаманшылық туралы білім. Ес білген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін өздерін бақытсыз қылатын нәрсенің не екенін, оның қайдан, қалай келетінін табиғи түйсікпен – ақ танып біледі. Жаңа туған хайуан да өзіне төнген қауіп қатерді ең алдымен сезеді, әйтпесе жарық дүниеде жер басып жүре алмас еді. Олай болса, жаманшылықты танып білу, өмірді танып білу деген сөз. Ал өмірді білмеген адамның күні – жүзу білмеген адамның суға түскені секілді.
Төлен Әбдік "Өліара"
«Сүю» деген не ол? Ол — «жабысқан жерінде тас боп қатып қалу» деген сөз емес. Сүю екі жаққа бірдей. Оның шарты: «өзің сүйсең ғана сүйемін, сүймесең, зорламаймын!», «өмірдің сәні таразысының екі жағы да тең басуда. Бір жағы шоңқиып жерде жатқан, бір жағы көтеріліп аспанда жүрген өмір таразысының ешкімге қызығы жоқ. Осындай теңдестікті сақтау үшін, жігіт пен қыздың қай жағы болса да, «мен сені сүйдім, маған қосыла гөр!» деп екінші жағына жалбарына бермей, араларындағы алшақтыққа екі жағынан да бірдей жақындап, таразының тіліндей жерге жетіп, теңдесе қосылу керек. Өйтпесе, өмір теңдестігі де болмайды
Сәбит Мұқанов "Мөлдір махаббат"
«Киім астарынан тозады», – дегенді үлкендерден көп естуші еді. Сонда түсінбеген екен. Санасына там - тұмдап енді сәуле түскендей. Киіле - киіле киімнің астары тез тозатынын кейін аңғарды. Сырт киімнің тіні қанша берік болғанымен, астарының тоз - тозы шығып жүрсе, онда қандай қауқар, қандай қасиет қалады. Демек, астары тысынан да мықты болғаны абзал. Күйеуі киімнің тіні болғанда, бұл астары емес пе? Марғуаның мықты, берік, шыдамды болмасқа шарасы бар ма?
Шәрбану Бейсенова "Бір махаббат баяны"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Өзін өзі алдарқата білмеген адам тез қартаяды. Кітап үзіндісі: Өзін өзі алдарқата білмеген адам
─ Әй, әже - ай! Баяғы ескі көңілмен ел жақсысы дей бересің! Елде жақсы қалды ма? Қазір жаманның бағы өрлеп тұрған жоқ па?! Бір жақсының бағы артып
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан? Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан?
Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр –
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×