ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Өзін өзі алдарқата білмеген адам тез қартаяды.
26.03.2021 501 0 Admin

Кітап үзіндісі: Өзін өзі алдарқата білмеген адам тез қартаяды.

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...

─ Әй, әже - ай! Баяғы ескі көңілмен ел жақсысы дей бересің! Елде жақсы қалды ма? Қазір жаманның бағы өрлеп тұрған жоқ па?! Бір жақсының бағы артып бара жатса, бәрі соған жабылады. Су түбіне батырғанша асығады. Өйтпей қайтсін, жақсының қасында жүрсе, жұрт оның жамандығын күнде көрер еді ғой.
Есбол қария кеудесіне түскен басын изеді:
─ Иә, ел жақсыларында пиғыл бұзылған. Жаман тымағын миқитып киеді. Жаман тұғырға жарбиып мінеді. Қосшы - қолаңын ертіп, жемтік аулаған құзғындай шығады ел жағалап. Оу, осыдан басқа көсіп қылмаған жақсыда қасиет қала ма?! Қатын - баланың қамын жемей, әлі жеткендер аузындағы асын тартып алып жүр ғой, түге. Ойдай, заман - ай!
Әбдіжәміл Нұрпейісов "Қан мен тер"

Халқы жақтамаған соғыс қашан да шапқыншылардың күйреуімен біткен. Бұл — тарих қағидасы. Әттең не керек, ел басқарушы күштілер сол тарихи сабақты естерінен шығарып алады. Басқаны былай қойып, қазақ хандарының кейбіреуі бөтеннің жерін басып алам деп жүріп, сол жат жерде қаза тапқан.
Ілияс Есенберлин "Көшпенділер"

Өзін өзі алдарқата білмеген адам тез қартаяды.
Бексұлтан Нұржекеұлы "Жау жағадан алғанда"

Халықтың тарихында мәңгілік ұмытылмас ұлы уақиғаларды бастасқан, бүкіл ұлт тағдырына ортақтасқан адамдар, шынында да, өлмек емес. Олар халықтың жанына, болмысына, табиғатына сіңіп, өз өмірінің жалғасын келешек ұрпақтардан табады, заман озған сайын жаңарып, ұлылығы өссе, тереңдей түскендей болады: өскен заман тереңдігі қазынаны тезірек таниды, тезірек аршып алады. Жеке адамдардың ұлылығы заман ұлылығына жараса түседі.
Тәкен Әлімқұлов шығармалары 1 том

Қаймақ сүттің өн бойында болады. Сондай - ақ шындық көкте де, жерде де, менде де, мынада да бар.
Ілияс Есенберлин "Алтын Орда"

Адам баласы өз - өзін тануы арқылы рухани әрі дене қуатын бір мақсатқа бағыттап, сол мақсатқа жетуі қажет. Қандай да бір істі толыққанды әрі тыңғылықты істеу де - жетістік. Бірақ ол танымсыз жүзеге аспақ емес. Танымның негізінде ғана жүзеге асқан, ойдағыдай істелген іс, жоспарланғанындай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман - жетістіктің нақ өзі. 
"Анық қадам бас" кітабынан

Шын білім ғана күдікті көңілді бекітіп, өмірді бағалауға, материалдық тұрмысты жақсартуға жағдай жасайды. 
Сәбит Мұқанов "Аққан жұлдыз"

"Дұшпанның жаны шыға жамандағанынан сөзімнің тәуір шыққаның білдім" деп Калинин айтқандай, кейбір әуре "білімпаздардың" талақша тарсия жамандағандарынан кітабым тәуірлеу жазылған - ау деген қорытынды жасадым. 
Сәдуақас Сейфуллин "Әдебиет майданы"

Қазақта бір әңгіме бар: әлдекім қойдың тұтас құйрығына у сеуіп, қасқырдың апанының маңына тастайды да, өзі жақын жерде тығылып аңдып жатады; апанына келген қасқыр құйрықты көреді де, «бұ не деген батпан құйрық? Далада тегін жатқан құйрық!» деп қомағайланып асап қояды. Аздан кейін қасқыр уланып құлағанда, аңшы: «У салғаным батпан құйрық, қасқыр оны қапқан құйрық, сілесі содан қатқан құйрық» деп сорлы аңды соғып алады. 
Сәбит Мұқанов "Мөлдір махаббат"

Екі адам бір шаруаны істегенмен, екеуінің істегені бір шаруа болып шықпайды.
Ілияс Есенберлин "Махаббат мейрамы"

Әділеттіктен аттап өтетін, беттің арынан таспа тіліп, түйіндеп тастайтын саясат дейтін сайқал бар. Саясат – көбінесе тақ үшін талас. Тақ дегеніміз – күш. Күшті болу үшін таққа таласқандар туған әке - шеше, құрсақтас бауырын да аямайтынын тарих талмай көрсетті, көрсетіп те жатыр, көрсете де береді.
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме? Пауло Коэльо "Алхимик" Махаббат пен
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан? Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан?
Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр –
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×