ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Ғашықтық – ақымақтықтың бір ағайыны
25.08.2021 564 0 Admin

Кітап үзіндісі: Ғашықтық – ақымақтықтың бір ағайыны

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Әлі лайланбаған мөлдір бастаудай баланың ашық жаны бұл дүниеден ойлағанының бәрі бола бермейтінін, үмітінің бірі жеткізсе, бірі алдамшы сағымдай бұлдырап жеткізбейтіндігін, сәттіліктерімен қатар сәтсіздіктер де боларын сезбейді ғой.
Шәрбану Бейсенова "Сан суреттің бірі еді..."
Сан тарау өмір соқпағында ерікті, яки еріксіз басқан ізің – адамша ойланған сәтіңде ар сотының алдында азаптай ма? Тірнектеп, тыраштанып қалыптастырған анықтауышыңа (атағыңа, абыройыңа, кәсіби дәрежеңе) қаншалықты адалдығың жайлы аз - кем толғанғанда лайықты, лайықсыздығыңыз туралы Құдайдың алдында құлазисыз ба? Осы сауалдарды өзіңе қойған сәтте адамша өмір сүрудің аса күрделі үлгісін көрсетіп кеткен алдыңғыларға айтар сөз де таппайсың. Тазы боп шалар түлкі заманды сүрген біз ғана емес қой, тегі...
Ырысбек Дәбей "Әкелеріміз айтатын әңгіме"
Ғашықтық – ақымақтықтың бір ағайыны. Ғашық адам қашанда ақымақ. Ал ақымақ адам әдетте не айтып, не қойғанын білмейді, аузына не келсе, соны сөйлей береді, және өзін үнемі ақылды, әдемі сөйлеп тұрмын деп есептейді. Сондықтан сүйіскен жастарға сөз қажет те шығар. Ұғынысу үшін, түсінісу үшін емес, үлкен симфонияға жаңа әуен, жаңа дыбыстар қосу үшін ғана. Және айтылған сөздің бәрі бірдей ақылды болуы шарт емес. Қайта, ақылсыз, парықсыз сөздер болсын. Сонда ғана сырлы әуенмен жарастық таппақ. Ал біздің кейіпкеріміз жаза басты, қажет сәтінде ақылсыз сөз таба алмады. «Тағдырдың жазуы осы шығар...» Маңдайыма біткен жұлдызым сенсің дегені еді. Дүниеден бар тілегенім сенсің, бар мұратым, бар үмітім, бар өмірім өзіңде ғана дегені еді. Қыз оны ұқпады. Тағы да кекетiп тұр, тағы да күліп тұр деп ойлады. Сондай ой келген мезетте - ақ ақылды бола қалды. Ақылды бола салысымен, «Не смей!» деп, қажетті ақылсыз сөзді тауып айта алмаған ақымақ жігіттің қолын қағып жіберді. Сол сәтте жігіт те ақылды бола қалды. Ал екі ақылды бой таластырмай тұра алмайды. Неғұрлым ақылды болса, соғұрлым көбірек таласады, неғұрлым көбірек таласса соғұрлым бірінен бірі алшақтай түседі. Ақыры айрылысып тынады. Арада әлденеше жыл өткен соң, жаны жат бөтен әлдекіммен үстіне бала - шаға, қазан - ошақ, қоқыр - соқыр тиелген бір арбаға жегіліп, арып - аршып жүрген шақта өткенді өкінішпен ойға алып, «шіркін, баяғыда қандай ақымақ болғанбыз» деп күрсініседі. Жоқ, қателесесіз, ақымақ болған жоқсыз, тым ақылды болдыңыз. Сол себепті де бақытыңыздан айрылдыңыз.
Мұхтар Мағауин "Көк мұнар"
Дүниeдeгі барша тіршілік иeлeрінeн адамды айырып тұратын төрт - ақ қасиeт бар: сoның бiрi – білімділік, eкiншiсi – ұстамдылық, үшiншiсi – ақыл, төртiншiсi – əдiлдiк. Ғалымдық, oқымыстылық, oйлап сөйлeушiлiк – бұлар білімділік. Зeрдeлiлiк, төзiмдiлiк, əдeптiлiк жəнe iзeттiлiк – ақылдылықтың бeлгісі. Ұяттылық, ізгi ниeттiлiк, өзiн - өзі тeжeй білу жəнe өз басын қадiр тұту – бұлар ұстамдылыққа жатады. Шыншылдық, мiндeтiн oрындай бiлу жəнe мeйірiмдiлiк – əдiлдiктің бeлгісі. Oсы қасиeттeр түгeл бiр адамның басында бoлса, oл адам бұл дүниeдe қиындыққа ұшырамайды, жoқтық көрмeйді. Бұл қасиeттeр oны рақатқа жeткiзбeгeн сəттe дe, oл уайымдамайды, кeйдe зиян кeлсe дe күйiнбeйдi. Oсы төртeуін даналық дeсe бoлады, oл таусылмас қазына, қанша жұмсасаң да oртаймайды, жoқшылыққа ұрындырмас қoр да сoл. Даналық өмiр бoйы тoзбайтын сапалы киiм, ұзақ өмiрдe лəззаты сарқылмайтын рахат.
Мырзагелді Кемел "Бітігші"
Қатты дауылды күні тек қыран құс қана өз бағытынан адаспайды. Жұрттың бәрі қыран емес.
Ілияс Есенберлин "Көшпенділер"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Өзін өзі алдарқата білмеген адам тез қартаяды. Кітап үзіндісі: Өзін өзі алдарқата білмеген адам
─ Әй, әже - ай! Баяғы ескі көңілмен ел жақсысы дей бересің! Елде жақсы қалды ма? Қазір жаманның бағы өрлеп тұрған жоқ па?! Бір жақсының бағы артып
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×