ойын сауық отауы
Ж. Нәжімеденов / Ақ шағыл
25.08.2021 957 0 Admin

Ж. Нәжімеденов / Ақ шағыл

Әңгімелер
Ұлы Даланың рухани жауһары
Ж. Нәжімеденов / Ақ шағыл
Қазақ поэзиясына жүрек жылытар сырлы да сазды, ойлы лирикалық өлеңдерімен келіп қосылған ақын Жұмекен Нәжімеденов «Ақ шағыл» атты роман жазып, өз ізнеістері мен талантының жаңа бір қырын танытты. Бұл – оның проза саласында жасаған алғашқы қадамы.
Шығрма оқиғасында аспаннан аяғы салбырап түскендей көзге ұрып тұрған дәнеңе жоқ, соғыстың соңғы жылдарында бозбалалықтың дәмін алғаш татып, нәпсінің тәтті дәмін тұшынған жасөспірім Еділжан мен ат жалына жабыса мініп, бәйгеге шабу сияқты шабандоздыққа жарап қалған «шөтке шаш қара бала» қатарлы буынның бәрі де күні кеше көзбен көріп, бастан кешіріп, куәсі болған белгілі оқиға, таныс тірлік. Бір қарағанда мұның өзі оқиға ұсақтығын, жұпынылық жайын аңғартатын боп көрінуі де ықтимал. Бірақ, зер салып үңіле қаарған көзге тіпті де олай емес. Шығарма оқиғасының арқауы қашанда шынайы тірлік, өмір құбылыстары екені даусыз.
Роман оқиғасы бас кейіпкер Сейсіметтің 1944 жылдың күзінде армияға алынып, майданға жүрер алдында нағашысы Әжімгерей қартқа сәлемдесіп, қоштасып кетуге келген сапарынан басталады. Есіктен кіре «Құйыдым ғой» деп еңіреп қоя берген сақау жігіттің олақ тілі мен киген киімі сияқты икемсіз, олпы - солпы сырт пішінінің өзі оқушының әрі күлкісін, әлі аяушылық сезімін тудырады. Тоқтау атйып, ақылға шақырып көз жасын тыйғызған Әжімгерей қартқа Сейсімет енді бір сәт ата - бабасының әкесінің батырлығын, ерлігін, күшін айтып мақтанып, өсіп кетеді. Табиғатында адал, пенде баласына залалы жоқ, қулық - сұмдықтың иіс мұрнына бармайтын аңқылдақ аңқау Сейсіметтің не сөзінде пәтуа, не ісінде береке болмайды. Ол құдық қазғанда, пішен шапқанда, асау үйреткенде, тіпті табиғаттың бойға берген қара күшінің өзін ысырап етіп жұмсайды. Және онысына әсте бір ойланып, қынжылып көрген емес. Қай шаруасы орнына келмей жатса да, «Тойы айғай, тоқпақ жалды тоғайда бай, қыздардың ең жақсысы ноғайда бай», - деген жаттанды әуеніне басып, қаперіне түк те кіріп шықпаған парықсыз қалпында жүре береді. Сол қылығының өзінен ол оқырман көңілінде адамға тән дүнияһи пендешіліктен «құдай сақтап» мақұрым қалған табиғаттың бір кіршіксіз, пәк перзенті сияқты әсер қалдырады. Әрі күлесің, әрі аяйсың. Жазушының суреттеуінде ол әрбір істелетін жұмыстың ыңғайы бар - ау, жоқ - ау деп ойламайды, ағаш жонса, қолына еменнің иір бұтағы түссе де, ығын іздеп, оңайын көздеп жатпай, пышақты қарсы салатын орашолақ жан. Тіпті Мәруа сияқты сұлу қызды Сейсіметтің туған ағалары алып қашып, әкеп бермегенде, оның батылы жетіп, өз жөнімен үйленуі де неғайбыл еді. Жеңгесі шығарып беріп тұрған қызды (болашақ әйелін) алып қаш дегенде, ол «төмен етек, қысқа аяқты» адамға қиянат жасау қылмыс деп түсінетіндіктен емес, адамгершілікке жат деп таныған адал көңілімен бас тартады. Ал осылайша өзін сүймей қосылған жары Мәруәнің бойында пендешілік бар - ау деген де оның ойына кіріп - шыққан емес. Майданда жүргенде ол ел қатарлы ерлік те жасап, кеудесіне бірнеше медаль тағып қайтады.
Қорыта айтқанда, Сейсімет образы – жазушының сәтті жасаған табысы, қосымшасыз, боямасыз, бар болмысымен берілген тұтас тұлған. (жалғасы бар) 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

С. Елубай / Ақ боз үй С. Елубай / Ақ боз үй
Қазақ прозасында ХХ ғасырдың 20 - жылдарының аяғы, 30 - жылдардың бас кезіндегі халық басынан кешкен ауыр хал, жаппай аштыққа ұшыраған кезең біршама
Досыма хат Досыма хат
Аманбысың, досым - ау алыстағы, Көп болыпты соңғы хат, алысқалы. Тым бейхабар кетті деп айыптама. Мұрша бермей, өмірдің ағыстары.
Нұрлан Ноғаев: қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді Нұрлан Ноғаев: қазақ қоғамын ұлтсызданудан
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді. Аймақ басшысы бұл туралы облыста өткен республикалық
Өмір Өмір
Бір күйді бастайыншы, күй артығы өзен боп бір теңізге құяр түбі... қайтсем де бүгін Мекке барамын деп желіден өреді екен түйе әр күні.
Қошалақ Қошалақ
Жатырмысың, самалды сай, сырлы алап, жусаныңнан сынап - шықтар сырғанап. Құм - шағылдан өсіп шыққан шоқыңа, жолаушыдай өте алмадым бір қарап.
Шүкір, шүкір! Шүкір, шүкір!
Нақ сол түні ақынға үкім кесілді, дар арқаны - бір қыл арқан есілді. Бір ат арба туарылды сол түні, бір айбалта суарылды сол түні.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×