ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Асылы, істеген жақсылығыңды бала тәуір біледі
18.09.2021 661 0 Admin

Кітап үзіндісі: Асылы, істеген жақсылығыңды бала тәуір біледі

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да.
Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,
Толғанып қарауым сол баяғыға.
Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар
Әдемі ертегідей баяғыда.
Әдемі өткенді ойлап айнымасам,
Сұм өмір күшті уын аяды ма?

Ертегі уатпай ма баланы да,
Сөз сиқыр ғой, жазбай ма жараны да?
Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған,
Еркімен өзі - ақ отқа барады да.
Жай тақтақ жабайыдан жол қалғанда,
Қанды ор боп ақын жолы қалады да.
Ойлайды, күңіренеді, толғайды ақын,
Күрсініп көзіне жас алады да.
Ақында адамзаттан дос болмайды,
Жалғыз - ақ сырын сөйлер қаламына... 
Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян"
Асылы, істеген жақсылығыңды бала тәуір біледі. Кейбір үлкенге істеген жақсылығың зая кетеді. Қолдан келсе, баланы қуанту керек. Ол қуанса — шын қуанады. Ал, ересектердің арасында «сырты жылмаң, іші арамдары» кездесетінін, құдайға шүкір, көріп жүрміз. Қолдан келсе, баланы қуанту керек. Әкем менің сондай кісі еді, жарықтық.
Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя"
– Маған баяғыда бір студент: «Сіз кімнен өнеге аласыз?» – деп сұрақ қойғанда, «Мен қорқақтардан, қаңғыбастардан, маскүнемдерден, өмірде қателескен, жолы болмаған жандардан өнеге алам» – деп жауап бергем. Әлгі студент таң қалып:
– Мұныңыз қалай? Өнегені жақсы адамдардан алу керек емес пе? – деді қайта сұрақ беріп.
– Қорқақтар да, қаңғыбастар мен маскүнемдер де дүниеге мен сияқты, сен сияқты пәк күйінде келген. Кейін олар өмірдің қиыншылығымен күресе алмады. Содан тасқа соғылған шөлмекке ұқсап быт - шыты шықты. «Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында» деген қазақта аталы сөз бар. Ең оңай нәрсе – жамандық, оған жету үшін көп ойланудың, көп күш жұмсаудың қажеті шамалы. Жаман жолға түсу де оңай. Олар сол оңай жолмен кетті. Мен адаспас үшін олардың қателіктерінен де өнеге алам. 
Бауыржан Момышұлы "Мен – халқымның Бауыржанымын"
Иә, тән тозады. Жан да тозады. Тек тозбайтын да азбайтын темір сүйек бір пәле - адамның жады ғой. Күндердің күнінде адамды титықтатып құртып, ішінен кеміріп жеп жататын жалғыз жебір жау болса, ол, тегі, осы жадың болар... 
Әбдіжәміл Нұрпейісов "Қан мен тер"
Адам адамның есінде мәңгі қалу үшін, үлкен ерліктің керегі жоқ шығар. Мәңгілікке татитын бір әрекет жетіп жатыр.
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
Әркімнің "Бәрін тастап кеткім келеді!" дейтін кезi болады. Көпшілiгi мазасын алған ойларынан арылу үшін айтса, біреулер шынында да бәрін тастап кетіп қалады. Ең өкініштісі - тастап кететін нәрсеңнiң, қашып кететін жеріңнiң жоқтығы. 
Сергей Минаев "Мәскеу, мен сенi жек көремін"
Өкпе - реніштің қайдан келетіні жайлы ойландым. Не үшін біреуден көңіліміз қалады? Не үшін ренжиміз? Сөйтсем, бұның басты себебі біреуден бір нәрсе күту, үміт ету екен. Үмітің ақталмай қалса, өкпелейсің. Мысалы, жақыныңнан жылы сөз күтесің, ол күткеніңді бермесе, ренжисің. Біз өзгелерден жақсы мәміле қылуын, бізді құрметтеуін күтеміз. Олай болмай жатса, көңіліміз қалады. Ата - анамызға не үшін ренжиміз? Себебі олар бізді түсінуі керек, жақсы көруі керек деп ойлаймыз. Уағдаласқан уақытта кездесуге келмеген досымызға налимыз. Ешкімге өкпелемеу үшін не істеу керек? Иә, ешкімнен ештеңе күтпеу керек. Ешкім саған жақсы қарауға, сен күткендей қарым - қатынас жасауға міндетті емес. Ешкімнен ештеңе күтпеудің тағы бір ұтымды жері: күтпеген нәрсең орын алса, мұндай тосын сыйға ерекше қуанасың.
Данияр Жігітбек "Лайфхактар"
Адамды ұлы ететін оның адамға деген сүйіспеншілігі.
Шоқан Əлімбаев "Данышпандық субстанциясы"
Әйелге ғашық болған ердің бірінші сөз салуы Адам атадан қалыпты. Әйел заты ер адамға қанша жерден ынтық болса да, сезімін сыртқа шығара алмай қиналатыны Хауа анадан қалыпты. Әйел адамның осы ибасы кеткен кезде қиямет орнайды екен. 
Санжар Керімбай "Әлдиден эпосқа дейін"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Ғашықтық – ақымақтықтың бір ағайыны Кітап үзіндісі: Ғашықтық – ақымақтықтың бір
Әлі лайланбаған мөлдір бастаудай баланың ашық жаны бұл дүниеден ойлағанының бәрі бола бермейтінін, үмітінің бірі жеткізсе, бірі алдамшы сағымдай
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді. Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді.
Ұлттық мақтаныш - ұлт азаматының мызғымас заңы, қасиетті ісі. Кімде - кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе, ол барып тұрған азғын. Әзілхан
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×