ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында да, бар екен!
22.09.2021 915 0 Admin

Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында да, бар екен!

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тартқандар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл - кеңірдек боп айтысып жататын. Осы күні сол пікірлердің де жаны бар ғой деп ойлаймын. Кейде адам жазайын деп жазбайды жанына жансыз қағаздан медеу іздеп, ішіндегі шерін сыртқа шығару үшін жазады екен - ау. 
Зияш Телеуова "Банкирдің өлімі"
Адамның бірінші жауы - екі көзі, ол бәрін айтып тұрады, тек оқи білу керек.
Дулат Исабеков "Қарғын"
Бақыт деген бұл əлемде, шынында да, бар екен! Қайдан екені белгісіз, күтпеген жерден адамның басына қона қалады. Сол бақытты күтіп кейде көп күндер, айлар, жылдар өтеді! Сен күтіп жүріп шаршайсың.
Айгиз Баймұхаметов "Ертегісіз өткен балалық"
Менің ана сүтімен бойыма сіңген ұғымымда әйел еркектің құдай қосқан қосағы, басыбайлы, өмір бойы еншісіне тиген адамы, басқа ұғым болады деп ойлаған да жоқ едім. Еркек бас, үйдің иесі, әйел, бала - шағаның иесі де сол...
"Әйел теңдігі" деген де мен үшін, мен үшін ғана емес - ау, бүкіл қазақ әйелдері үшін, көңілі қалған адамына қосылудан әріге онша ұзап шыққан емес...
Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін"
Өміріңде не ата - анаға, не дос - жаранға көңілдегі жақсылығыңды жасай алмай, бүкіл уақытыңды өткізіп алу қандай өкінішті. 
Төлен Әбдік "Әке"
Жақсы көрсең, сен де өзіңдей жақсы көр, өзіңдей сүйе біл! Оған дәрменің жетпесе, ақ гүлді кірлі қолыңмен ұстама.
Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
Әйел шын ардақтайтын, жақсы көретін адамынан ұялғыш келеді, оның көзінше өзінің ар - ұятын, не болмаса мінез - құлығының кемістігін көрсететін қылықтарын жайып салудан именеді. Тегінде әйелдер ғана бүйтпейді, адам атаулының бәрі сондай. Қазақ «Еліме қадірім жоқ бетімді көреді, қатыныма қадірім жоқ етімді көреді» деп бекер айтпаған.
Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
Ғашықтық деген де ішпей - жемей есіңді алатын мастықтың бір түрі ғой деймін, маған өзім өскен ұям, кең сарайдай төрт бөлмелі, жиһазды пәтерімнен, аналардың кішкентай тар бөлмесі ыстық болып бара жатты. 
Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін"
Тек ықыластана білсең болды. Қалам - Аллаһтың аты. Дәрет алып, ойыңды да, бойыңды да тазартып келіп ұста!
Тұрысбек Сәукетаев “Мен - жындымын”
Япыр - ау, неге жұрт ел ортасында өлгісі келеді? Неге өмір бойы басқа жерде ғұмыр кешіп, өлу үшін туған елге оралады? Неге?..
Төлен Әбдік "Оралу"
Өліге иман, тіріге мал керек. Өлі мен тірінің арасындағы бес кетпен топырақ. Сол себептен көзге топырақ құйылмай тұрғанда өлім дегенге ешкімге сенбейді. Бұ өмірден кәрі де кетіп жатыр, жас та кетіп жатыр, бүгінгі тірінің ертең марқұм боп, аласұрған әрекетінің бәрі әдіре қалғанын жұрт көріп жүр, біліп жүр, сонда да қанағат тұтып, атақ пен байлыққа, жалған намысқа көзі тойған емес. 
Дулат Исабеков ''Тіршілік''

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Асылы, істеген жақсылығыңды бала тәуір біледі Кітап үзіндісі: Асылы, істеген жақсылығыңды бала
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға, Сұм өмір абақты ғой саналыға. Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі, Сондықтан жаным күйіп жанады да.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Біз не үшін өмір сүреміз, адамның бақыты неде? Кітап үзіндісі: Біз не үшін өмір сүреміз, адамның
Біз не үшін өмір сүреміз, адамның бақыты неде? Әрине, ол балаларды мұң - мұқтажсыз өсіріп, оларды азамат, үлкен адам, қоғамның бесаспап "құрылысшы"
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×