ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Біз не үшін өмір сүреміз, адамның бақыты неде?
21.04.2021 944 0 Admin

Кітап үзіндісі: Біз не үшін өмір сүреміз, адамның бақыты неде?

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Біз не үшін өмір сүреміз, адамның бақыты неде? Әрине, ол балаларды мұң - мұқтажсыз өсіріп, оларды азамат, үлкен адам, қоғамның бесаспап "құрылысшы" етіп баптап, үлкен өмірге қанат қақтыруда ғой. Бүтіндей өмірдің қызығы мен рахаты, пәктігі мен тазалығы сол баланың тәтті күлкісінде екендігін бірақ әрқайсысымыз біле бермейтініміз көрініп қалып жүр.
Ғалым Әріп "Алты томдық таңдамалы шығармалары"
Аққан дарияны қайта басына қарай ағызғың келе ме? Батқан Күнді қайта шығысқа қарай жылжытқың келе ме? Туылған бала анасының қарнына қайта кіре ме? Төгілген көз жасы көзге қайтып кіре ме? Демек, өтіп кеткен істерге қайғырғаның, жаныңды қинап жаншылғаның дұрыс емес. Ол бекерден - бекер өзіңді - өзің азаптағанмен бірдей.
Өткен қайғылы істің парақтарын ашу бүгінгі күніңді жоқ қылады. Қайратыңды мұқатып, уақытыңды талқандайды. Алла Тағала Құранда бұрынғы елдердің жасағандары туралы баяндап келіп: "Олар да өз алдына бір үмбет еді. Келді де кетті" ("Бақара" сүресі, 134) деген.
Демек, өткен іс өтті, бітті. Уақыт - мезгілдің "денесіне" қайтадан операция жасаудың пайдасы жоқ. Тарихтың "дөңгелегі" артқа жылжымайды.
Аид әл - Қарни "Мұңайма"
Бейіттер - бұлар да өзінше бөлек жатқан бір ауыл есепті. Жұрттың бәрі, ақыр түбінде, осында келеді, осы ауылдың мәңгілік тұрғынына айналады. 
Бердібек Соқбакпаев "Балалық шаққа саяхат"
Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкістан, Иранға бардым. Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью - Йоркта болдым – олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім.
Түсімде ылғи балалық шағымды көремін. Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу - Жабағылыны көремін. Түсімде ылғи туған үйімді керемін. Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұртаза түсіме сирек кіреді, өйткені ол кеткенде, мен бес - ақ жаста едім. Елесі еміс - еміс қана.
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
Неге бұлай боп кеткенін қайдан білейін, бұл ғасырдың толқынысы тым бөлек. Баяғы бабалардың рух тәрбиесі туралы қалыптастырған ілімі біртұтас, ортақ дүниетанымға қызмет жасайтын. Солай өмір сүретін. Қазір қазаншының еркі өзінде болған заман. Еркі өзінде болған соң қайдан құлақ шықпайды? Бізге жат түрлі мәдениет "қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып Күн болғысы" келіпті. Түрлі ағымның жетегінде жүрген елдің Жарылқаушысын жаттан тапқаны да көп. Атам қазақтың адами болмысы сағынышпен еске алатын сағымға айналғаны қашан?!.
Ырысбек Дәбей "Әкелеріміз айтатын әңгіме"
Бірақ бақыт дегеннің өзі не? Мен соны толық түсінем бе деген күдік ойда жоқта сап ете түсті. Бақыт адамның ойлаған арманына жетуі шығар. Бірақ адамда арман көп қой. Соның бәріне қолы жеткен адам ғана шын бақытты ма? Әйтсе де, адамның арманы, сірә, тіршілікте таусыла қоймас. Сонда қалай, жер бетінде бақытты жан жоқ па? Бар, әрине. Көп. Әйтпесе неге біреулерді бақытты, біреулерді бақытсыз дейміз? Мүмкін, бақыт дегеніміз өзгермейтін, тұрақты, қатып қалған нәрсе емес шығар. Бүгін бақыттың дәмін татқан кісі, күні ертең - ақ қайғыға уланып қалуы ықтимал емес пе?
Сөйтіп, мен бақыттымын ба, жоқ па? Арманына жеткен адам бақытты десек, мен, шынында да, бақытты шығармын. Оқыдым. Өзім қалаған мамандыққа ие болдым.
Қызметім де жаман емес. Тату - тәтті отбасын құрдым. Екі бірдей ұлым бар. Жап - жақсы пәтер алдым. Бірақ мен тек осыларды армандадым ба? Жоқ, әрине Арманым көп. Мүмкін, бір кезде бүкіл арманымның бәрі түп - түгел орындалар. Ол үшін күресу қажет. Ал күресу үшін ертеңгі операциядан тірі шығу керек.
Меніңше, бақыт дегеніміз қара бастың қамы емес. Басқаларға қыруар қуаныш, зор шаттық сыйлаған жандар ғана бақытты. Ал, мен өзгелер үшін не істедім? Бәрін тек өзім үшін ғана істеп жүрген сияқтымын ғой.
Немат Келімбетов "Үміт үзгім келмейді"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме? Пауло Коэльо "Алхимик" Махаббат пен
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан? Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан?
Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр –
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×