Кітап үзіндісі: Адам бейшараны қуанту үшін көп нәрсе де керек емес екен ғой
Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Мен уәдеде тұрудың керемет үлгісін әкемнен көріп өстім. Кішкентай кезімізде «ойыншық әперем», «қыдыртам» деп уәде берсе, соны істегенше жаны тыныштық таппайтын. Бала сезімтал болады ғой. Оған сөз бердің бе, міндетті түрде орында, әйтпесе ақ парақтай көңіліне кірбің түседі. Бала тәрбиесінде осыған ерекше көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Бір байқағаным, бүлдіршіндердің алдында уәдеңді орындасаң және олардың да уәдесін алып, оны орындауын талап етсең, олар көнеді екен. Мысалы, «Кәмпит сатып әперем» деп уәде бердім ғой, міне, мен сөзімде тұрдым, ал енді сен де ойыншықтарыңды жина, уәде бердің емес пе» десе, ол бала тіліңді алады.
Данияр Жігітбек "Лайфхактар"
Адам бейшараны қуанту үшін көп нәрсе де керек емес екен ғой. Көңіл жетсе, бәрі жетеді екен ғой.
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
Шырағым, өмір дегенің әке - шешеңнің алақаны емес, тірлікке көңілің толмаған әрбір сәтте өзіңді жоқ қылуға тырыспа. Алланың жазуын күт. Жазмыштан озмыш жоқ, балам. Әрқашан да сабырлы бол, - деді әкем неге екені белгісіз маған күдіктене қарап.
Зайда Елғондинова "Менің ертегім"
Егер сен көптеген еркектер қасқыр тәріздес және әйелдер олардың олжасы екенін білсең, сен де қасқырды көргендегі қой секілді қашар едің. Егер сен көптеген еркектер ұры тәріздес екенін білсең, онда сен де сараң ұрыны көргендегідей одан сақтанушы едің.
Аслан Орақбаев "iQызым"(Әй, қызым)
Менің ойымша, тозақты көрмеген адамды жұмаққа жібермеу керек. Өйткені азаптың не екенін ұқпаған жан жұмақтың қадірін білмейді. Сондай - ақ кім де кім махаббаттың зардабын, ауырпалығын тартпаса, оның қуанышын, қызығын бағаламайды. Карта ойынында қолың шыққандай, махаббатта да оп - оңай жолың бола берсе, адамның оған да еті үйренеді, асыл құнын түсіріп алады.
Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
Шіркін, жер бетінде тек түн ғана болса. Адамдар тас қараңғы түнекте өмір сүрсе. Біреудің арық, біреудің семіз екені, біреудің киімі бүтін, біреудің киімі жыртық екені сонда байқалмас еді ғой. Біреу өзін артық санап, мақтанбас еді. Енді біреу кемдігіне қорланып, күйзелмес еді.
Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер қайтып келмейді"
Егер адамдар бірін - бірі осылай құшырлана аймалап, бауырына басса, байлықсыз - ақ, атақ – даңқсыз - ақ бақытты болар еді... қайтерсің, біреу сенің қарайып, жер басып жүргеніңе қуанады. Біреу сенің осы дүниеге келгеніңді де көре алмайды.
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
Дүниеде адамның басынан төзімді, кең нәрсе жоқ шығар. Қандай ауыр, азапты ойлар сияды оған?..
Тынымбай Нұрмағанбетов "Періштелердің өлімі"
Мен Жақыпты шын сүйемін. Сүйгендіктен де ол туралы айтылған әрбір сөз менің мазамды кетіреді. Сүйген адамымның жаны өзімдей кіршіксіз болғанын жақсы көремін, махаббатымды қорлағым келмейді. Бұл мен үшін ауыр жүк. Тағдырым менің өз қолымда. Осы тағдырымды дұрыс шешу — ең алдымен өзіме байланысты. Бұл менің қыз басыма сын. Өз өмірімнің қожасы болып отырып дұрыс дос тауып, дұрыс өмір сүре алмасам — өз жамандығым, өз айыбым. Біз осылай ойлауға тиіс емеспіз бе, қыздар.
Мұқан Иманжанов "Қыз сыры"
Әжем туралы аз сөз: ел аузында ол «жұрт анасы» аталған адам, оған себеп — жаугершілік кезде «батыр қатын» аталуы бір болса, екіншіден — қолда бар асын аямайтын мырзалығы, үшіншіден — кішіпейіл мінезінің жағымдылығы, төртіншіден - ағайынды алаламай ұстайтын бүтіншілдігі, бесіншіден - қисыққа бұрмайтын әділдігі, алтыншыдан – сөзіне ел ұйытатын ақылдылығы, жетіншіден – уәдесіне беріктігі. Сондықтан, әжемнен ақыл сұраушылар да, оған кеп жүгінушілер де көп болған. Алдына келген адамға, әжем үнемі әділетін ғана айтқан. Әжем айтқан сөз тоқтаулы боп, оны ешкім бұзбаған...
Сәбит Мұқанов "Мөлдір махаббат"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі кітаптан үзінді жазушы ойларынан жазушы еңбектерінен үзінді Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер қайтып келмейді"
Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында
Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тартқандар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл - кеңірдек боп айтысып жататын.
Кітап үзіндісі: Асылы, істеген жақсылығыңды бала
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға, Сұм өмір абақты ғой саналыға. Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі, Сондықтан жаным күйіп жанады да.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны