ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Қарызсыз өмір - бар кезде бағаланбайтын құндылық
10.10.2021 713 0 Admin

Кітап үзіндісі: Қарызсыз өмір - бар кезде бағаланбайтын құндылық

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
"Егер сен өзіңнің жек көретін адамыңды ажалдан арашалап алып қалсаң, — ол сенің ерлігіңнің сипаты. Егер өзіңді жек көретін адамды қорғап қалсаң, ол — жаныңның жайсаңдығының белгісі. Ал егерде бір-біріңді иттің етіндей жек көретін қас жауыңды ажалдан құтқарсаң, ол да сенің асқан абзалдығыңның белгісі" деген-ді.
Асылы, Хасеннің атасы кісі өлтіруді қолдамайтын. "Күнәһарды түзететін ең үлкен жаза — оның айыбын бетіне басып айту,— деп түсіндіретін.— Қасыңа өлім ойлағаның, оны мұқатқаның емес, керісінше, тіршілікте кездесетін барлық қайғы қасіреттен, азап-мехнаттан құтқарғаның. Тек тікелей өміріңе, не халқыңның бостандығына қауіп төндірген адамды ғана өлімге қиюға болады."
Ілияс Есенберлин "Көлеңкеңмен қорғай жүр"
Дұрыс айтасың, шырақ, тууы бір пенденің өлуі де бір екен. Өмір ауылынан кейбіреулер бұралаңы ұзақ азапты жолмен барады, ал енді біреулер қысқа да қызықты даңғыл жолмен барады. Бірақ шыққан жері де, баратын жері де біреу ғой. Ол –өмір мен өлім сапары. Қалған қарекетің – алдамшы дүние, иә-иә, бәрі де бекершілік.
 Оралхан Бөкей "Өз отыңды өшірме"
Таң. Күн шуағы түн атты қараңғылықты жеңіп, өз нұрын шашу арқылы әлемді жарықтандыруға барын салуда. Күннің жылылығы әлемді ғана емес жүрегіне жылу жетіспей, жаураған жандарды да жылытқысы келгендей нұрланады.
Адам өмірі де қызық құбылыс. Сонда адам ғұмыры да осы түнді шегіндірген күн нұры секілді екенін ұғынасың. Адам өз өміріне берілген сынақты жеңе білуі арқылы жарыққа толы күнге жетері сөзсіз. Бірақ, мұның бәрі оңай дүние емес екенін сезесің. Үміт оты сөнгісі келмей, әр сәттен бір бақытты күтіп сергелдеңге салады.
Алдан Смайыл "Найзақара''
Ақыл деген асылды Құдай адамдарға тең үлестірмеген. Өмірді де теңдей етіп бермеген. Марқұм болғандар бәрі бірдей бір тиянақты, айталық, бәрі бірдей жетпіске жетіп өлмейді ғой. Біреу ерте, біреу кеш дегендей. Тіпті дүниеге келер-келмес кетіп қалатындар бар, жүзге жетіп жығылатын бар.
Ақыл да сондай: біреуде аз, біреуде көп. Ал басым көбінікі –орташа. Ақылы тым көптер де, тым аздар да, орташалар үшін қалыптан тысқары. Ақылы көптер де жынды, ақылы тым аздар да жынды. Орташалардың ұғымы сондай. Орташалар басым көпшілік болғандықтан, олардың пікірі үстем. Көп қорқытады, терең батырады. Ғылыми тілмен айтқанда: «аномалия». Яғни, халыққа дағдылы қалыптан шығып кеткен. Алла-Тағала адамдардың бәрінің басына ноқтаны бір қалыптан шығарған да, ал сол бастың ішіндегі миды әрқилы жаратқан.
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
— Жұрт бірінің көзіне бірі шөп салып та, бір күн қосылып бір күн ажырасып та, итшілеп өмір сүреді. Бірақ ондай өмірдің қажеті не? Ерлі-зайыпты болып өмір сүрер болсаң адал, қуанышты өмір сүр. Ал нәрестесіз өмірде қызық бола ма?
Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
Қарызсыз өмір - бар кезде бағаланбайтын құндылық. Өмір қарызсыз болғанда оны байқамайсың, көрмейсің, сезбейсің. Бірақ өміріңе қарыз кіргенде қарызсыз кешкен күндерің нағыз игілік екенін түсінесің.
Бақытжан Бұқарбай & Бағлан Әбдірайым "Қарызсыз, QAZAQ"
Егер өзің мелдектеп тойып отырып, аш адамға бір уыс талқан бергенің сауап емес, парыз. Ал егер өзің қиналып, жоқ-жітік бола тұра, бір уыс талқанды аш адаммен бөліссең, – бұл сауап. Сауап - жауапсыз қалмайды.
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
Ей, балам, жыршылар сөз қуып, бірімен-бірі жарыса бастаса, жырдың да, сөздің де құны қашады. Ақырында олар жыршыдан жырдың жауына айналады.
Шыңғыс Айтматов “Ақ кеме”
Өзге бірeугe әсeр eту дeгeнің – oған өзіңнің жаныңды бeрдім дeгeн сөз. Oл eнді өзіншe oйлай алмайды, өзіншe eмeс, өзгe бірeудің oтына жанады. Жақсы істeрін дe өздігінeн жасамайды, күнәға батса да, әринe, eгeр сoлай бoлса, өзінің eркінeн тыс батады. Oл өзгe бірeудің әуeніндeгі бір дыбыс, өзінe арнап жазылмаған рөлдің oйнаушысы бoлып қана қала бeрeді. Өміргe кeлгeн сoң, oның мәні – өз жoлыңды табу. Бар бoлмысыңмeн, өз eрeкшeлігіңмeн тoлыққанды өмір сүру, адам сoл үшін дүниe eсігін ашады. Ал біз, адамдар, өз-өздeрінeн қoрқатын заманға тап кeлдік.
Оскар Уайльд "Дориан Грейдің портреті"
Міне енді алыс-жұлыс, үміт-арман... бәрі-бәрі бітті, деді ол үнсіз күбірлеп. Кенет ғажайып бір ой ең ақырғы ақыл-сезімін шарпып өтті. 
— Қандай данышпан едің, байғұс қазақ?! Сенен басқа бірде-бір халық дүние шіркінге «жалған» деген ат қоймаған болар. Қалай тауып қойғансың. Қу дүние, шын жалған екенсің... Өттің де, кеттің ғой..
Ілияс Есенберлин "Көшпенділер"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Адам бейшараны қуанту үшін көп нәрсе де керек емес екен ғой Кітап үзіндісі: Адам бейшараны қуанту үшін көп
Мен уәдеде тұрудың керемет үлгісін әкемнен көріп өстім. Кішкентай кезімізде «ойыншық әперем», «қыдыртам» деп уәде берсе, соны істегенше жаны тыныштық
Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында да, бар екен! Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында
Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тартқандар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл - кеңірдек боп айтысып жататын.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×