ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Жауынгерлердің ержүректігіне және батылдығына барлығы сүйсінеді және бас иеді.
02.12.2021 416 0 Admin

Кітап үзіндісі: Жауынгерлердің ержүректігіне және батылдығына барлығы сүйсінеді

Әңгімелер
Кітап үзіндісі: Жауынгерлердің ержүректігіне және батылдығына барлығы сүйсінеді және бас иеді.
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Қаздың балапанындай алқа қотандай жайғасқан немерелерін айналып - толғанған әжемнің тек қарашада, қылаулап алғашқы қар жауғанда ғана айтар әңгімесі ағыл - тегіл. Оның ақылы жүздеген ұстаз, мың сан мектептен артық, тәрбие деген ұғымның асқаралы таптырмас үлгісі екенін қайдан білейік. Дүние жүзінде Апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда.
Оралхан Бөкей "Апамның астауы"
Соңғы екі ғасыр бойы қазақ халқы дүние дидарына тек қана орыстың көзімен қарап, тек қана орыстың жүрегімен баға беруге машықтанып алды. Біз дүние дидарына орыстың да көзімен емес, қытайдың да көзімен емес, ағылшынның да көзімен емес, арабтың да көзімен емес, қажет десеңіз қазақтың да көзімен емес, біз әділдік пен парасат көзімен қарауға қалыптасуымыз қажет. 
Ақселеу Сейдімбектің күнделігінен
Бір күні əкем географиядан беретін Жаңыл апайдың сабағының үстінде кіріп келді. Есік қақпай кіргеніне қысылып, өліп барамын. Әкем басындағы бөркімен, қолындағы қамшысымен апайдың дәл қасына келіп тұрды да:
– Шырағым, басыңдағы орамалың қайда? – деді. Жаңыл апай қып - қызыл болып кетті.
– Сыртқа шыққанда тартамыз ғой, – деді күмілжіп.
– Аяқ - қолың неге жалаңаш? – деді әкем онымен қоймай. Апай қысылып не дерін білмейді.
– Өзің қай баласың?– деді әкем бір кезде апайға алыстан мал қарағандай, қолын көлегейлеп қарап.
– Сапабектің жолдасымын ғой.
– Не дейді, ойбай! Сапабек дейсің бе?
– Иә.
– Мына өзіміздің жаман жырық Жақанның ба?
– Иә.
– Көксау? – деді әкем тағы бір аурудың шетін шығарып. Жаңыл құлағына шейін қызарып, жерге қарады. Әкем Жаңылды қойып, алдыңғы партада отырған балаға шұқшиды.
– Сен кімнің баласысың?
– Қойшығұлдың.
– Не дейді? Әкең оннан әрі сипыр білмейді. Саған қайдағы данышпандық келіп қалған?...
Балалар ду күлді. Әкем тағы бір - екі баланың шығу тегін жамандап болғаннан кейін, менің қасыма келді.
– Ой, танауыңнан айналайын, – деді үйде отырғандай еміреніп. Класс тағы да ду күлді.
– Қойсайшы, әке, – деймін сыбырлап.
– Биттеп кеткен жоқсың ба? – дейді әкем басымнан сипап. Кластың іші гу - гу.
– Әке, қойшы енді, - деймін жаным шыға сыбырлап. Қою қайда?
– Ұйықтар алдында шешеңнің мамасын ұстап жатушы ең, жалғыз өзің елегізіп ұйықтай алмай жүрген шығарсың. Осы оқуы құрғыр - ақ өлтіретін шығар баламды, – дейді.
Жерге кіруге шақ қалдым. Тіпті Жаңыл апай да күліп жіберді. Әкемнің жырына да кірмейді.
– Ішің ауырмай ма? Ішіңнің желі бар еді ғой, – дейді маған. Айналып - толғанумен кластан шықты.
Cол күні кешке дейін балалар мені мазақ қылумен болды. 
Төлен Әбдік «Әке»
«Жауынгерлердің ержүректігіне және батылдығына барлығы сүйсінеді және бас иеді. Қасиетті деп танылған нәрселер үшін басын қауіп - қатерге тіккен адамды қаһарман дейміз. Алайда, қаһармандық дегеніміз тек осылардың төңірегіндегі дүние емес. Адам өмірінде сондай - ақ рухани ерлік деген де дүние бар. Ұяла білу де адам баласы үшін ерлік болып саналады. Батыл және күшті адам болуларың керек. Бұған адамгершіліктерің мен көркем мінездеріңді сақтай отырып жете аласыңдар. 
Григорий Петров "Мінсіз мұғалім"
Карта ойынында қолың шыққандай, махаббатта да оп - оңай жолың бола берсе, адамның оған да еті үйренеді, асыл құнын түсіріп алады.
Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында да, бар екен! Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында
Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тартқандар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл - кеңірдек боп айтысып жататын.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×