ойын сауық отауы
Кітаптан үзінді: Елді билеуден адамның өзін - өзі билеу қиын
01.01.2022 2 102 0 Admin

Кітаптан үзінді: Елді билеуден адамның өзін - өзі билеу қиын

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Кітапты оқушы ғана сынамайды, оқушыны сынайтын да кітап болады!
Зейнолла Қабдолов "Менің Әуезовім"
— Мен мезгілсіз өлген адамды өте аяймын, — деді ол,— әсіресе, әйел жынысты болса...
— Heгe?— дедім мен.— Еркек - әйелі не, өлген соң, бәрі аянышты...
— Жоқ, әйелдің өлімі ерекше, — деді ол, — әйел жалғыз өлмейді, өзімен бірге бірнеше адамды ала кетеді. Мүмкін олардың ішінде Пушкин, Гете, Шекспир, Ньютондар болуы...
Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
Елді билеуден адамның өзін - өзі билеу қиын. Жағдайы келгенде бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін - өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді.
Құдайберді Бағашар "Ислам және өнеге"
Өмірді сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес.
Кімге аңсарың ауды, спорттың қай түріне жаныңды бердің, яки сені ес - түссіз ұнатқандардың арасынан өмірді іздеген болсаң, іздей түс! Бірақ өмірді де ол жерден таппассың. Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата - тегімен байланыстыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес!
Өмір дегенің дос - жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу. 
Редьярд Киплинг "Өсиет"
Пайғамбар жасына жақындасам да, кейде менің бала болып кеткім келеді. Өзім құралпы, өзімнен кіші, көңілі жақын жандармен алысып - жұлысып, күресіп, белдесіп ойнағым келеді. Кейде тіпті ауылға барғанда, кішкентай балалармен кәдімгідей асыққа таласқым да кеп кетеді.
Мұным қалай деп өзіме - өзім тыйым саламын. Бірақ кейде өз құрбы - құрдастарыммен қалай алыса түскенімді байқамай қалатынмын.
Жатып алып ойласам: мұның бәрі өмір заңының бұзылуынан екен. Өмір заңы: бала - бала болуы керек. Балаға тән аз дәуренді басынан кешіру керек. Егер балалық дәуренің шала болса, сол жетіспей қалған сыбағаңды кейін есейгенде аңсап тұрасың. Ал жалпы, қай жаста болсаң да кей - кейде бала болып, балалық шаққа оралғанның ерсілігі жоқ па деймін. Сәби шағын мүлде ұмытып кеткендер, артына бұрылып бір қарамағандар – тегін білмес топастар ма деп қаламын. Олар туған анасын да, Отанын да тез ұмытып кететін опасыздар сияқтанады да тұрады.
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Ұрылардың ең зияндысы - уақытымызды ұрлаушылар Кітап үзіндісі: Ұрылардың ең зияндысы -
Ұрылардың ең зияндысы - уақытымызды ұрлаушылар. Себебі ұрының ұрлаған әрбір затын қайтаруға мүмкіндік бар, алайда уақытты ұрлаушылардың ұрлағанын
Кітап үзіндісі: Адам бейшараны қуанту үшін көп нәрсе де керек емес екен ғой Кітап үзіндісі: Адам бейшараны қуанту үшін көп
Мен уәдеде тұрудың керемет үлгісін әкемнен көріп өстім. Кішкентай кезімізде «ойыншық әперем», «қыдыртам» деп уәде берсе, соны істегенше жаны тыныштық
Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында да, бар екен! Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында
Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тартқандар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл - кеңірдек боп айтысып жататын.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×