ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Ауыздан шыққан анттың бәрі орындалса, адам адам емес, баяғыда - ақ періште болған болар еді!
12.01.2022 655 0 Admin

Кітап үзіндісі: Ауыздан шыққан анттың бәрі орындалса, адам адам емес, баяғыда -

Әңгімелер
Кітап үзіндісі: 
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
— Ердің көкірегі жүкті болмай, әйелі әулие тумайды.
— Тақсыр, көкірегі қалайша жүкті болады? Оның хикметін ашықтай түссеңіз.
— Ер жігіт «Ұрпақ тәрбиесі не болады?» «Надандықтан қайтсек құтыламыз?», «Ұрпаққа не қалдырдым?» деп қайғырғанда кеудесі рухани уайыммен «жүкті» болады. Көкіректі осындай өкініш қапсын. Тәңірдің де құлынан тілейтіні — осындай алаң! Аң аулап, көкпар шауып, қыс бойы соғым жеп, қымыз ішкенге мәз болмаңдар. 
Санжар Керімбай "Өркениетті адам"
Қартайса да тұрмысқа икемсіз, бала сияқты нәзік адамдар болады. Ондайлар өз бетімен жол бастаудан гөрі жетекке ыңғайлы. Бұл кемшілігі емес, жаратылысы. Олар әйел махаббатынан гөрі аналық махаббатқа зәру. Көңілін тауып, мәпелеп, шын ықыласыңмен жақсылыққа бейімдесең — жақсы болады. Ал қиыншылыққа кездессе өз бетімен жол тауып шыға алмай бүлініп кетеді.
Тахауи Ахтанов "Махаббат мұңы"
Ауыздан шыққан анттың бәрі орындалса, адам адам емес, баяғыда - ақ періште болған болар еді! 
Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер қайтіп келмейді"
Жер беті хрусталь ыдыс тәрізді ғажайып құрылым. Ал пенде біткен сүзеген өгіз сынды. Бүлдірмегені жоқ. Олардың ақыл — ойына зұлымдық деген зиянды түйсік кіріп кеткен. Тоқтату мүмкін емес.
Ділдә Матайқызы "Айналайындарым менің"
Бір қыз, бір жігіттен адасып жүр. Өздері қандай ғажап кейіпте: үстерінде аппақ көйлек, ақ көйлектің етегі тотықұстың құйрығы іспеттес шұбатылып жатыр; ақ көйлектің өңірі алтынмен оқаланған, жалт - жұлт жарқырап көз қарықтырды. ғажабы сол, тұман сейіліп, тұман көк нұрлы шұғылаға бөленсе де, адасқандар бір - бірін іздеп таба алмады. Көздерін сүзіп, ауаны қармалаған күйі албаты лағып жүр. Маған мына кейуана кейіптегі қалқып жүрген адамдар өмір бақида жолығысып, қол ұстасып қатар сапар шеге алмайтындай, әмбе олар бір - бірін құдайдай құлап жақсы көріп ынтыққан сайын, жалқы сәт жүздесіп бетпе - бет келіп қауыша алмайтындай, өйткені бұлар ғашық жаратылған жандар, өйткені бұлар тақау келіп табысса болды тәжікелесіп, бұған дейінгі, бұдан сандаған жылдар кейінгі кіршіксіз де кірбеңсіз аптапты сезім, таза жүректеріне қылау түсіріп алатындай; ал қылау түсіріп алса, махаббаттың таң - тамаша сапарына шығып, түсінде немесе қиялында ғана ұшырасып ғұмырлық мәйек алатын інжіл сыңарды іздеу бақытына ие болмайды - ау, – деп ойладым.
Оралхан Бөкей "Ұйқым келмейді"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Балам, жақсылық жаса, жамандықтың іздеушісі көп болады Кітап үзіндісі: Балам, жақсылық жаса, жамандықтың
Балам, жақсылық жаса, жамандықтың іздеушісі көп болады. Жақсылықты айтпағанымен есіне алып жүреді. Сәуле Досжан "Жатқа туған бала"
Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында да, бар екен! Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында
Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тартқандар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл - кеңірдек боп айтысып жататын.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×