Кітап үзіндісі: Балам, жақсылық жаса, жамандықтың іздеушісі көп болады
Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Балам, жақсылық жаса, жамандықтың іздеушісі көп болады. Жақсылықты айтпағанымен есіне алып жүреді.
Сәуле Досжан "Жатқа туған бала"
Туған жерің, мейлі көкмайса болсын, мейлі кезерген шөлейт болсын, бәрібір көркем де, ал балалық шағың мейлі рақатпен өтсін, мейлі жоқтықпен өтсін, бәрібір балдан тәтті емес пе?!
Төлен Әбдік "Оралу"
Балалар, менің қымбатты жас достарым. Мынау қатал дүниеде әкесі не шешесі өліп жетім қалу секілді бақытсыздық әркімнің - ақ басында кездесуі мүмкін. Ол секілді жаны жаралы балалар, мүмкін, араларыңда да бар шығар. Сендер қанша араз болсаңдар да, оларға «жетім» деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар, айналайындар. Ұр, соқ, төбелес. Тіпті етінен ет кесіп ал. Ал бірақ әлгідей деп тілдеме. Тағдыр онсыз да аяусыз жазалаған бейшараның адамшылық менмендігін «жетім» деген сөз біржолата жер етіп, таптап кететінін сендер ұғыңдар. Аяңдар!
Бердібек Соқпақбаев "Балалық шаққа саяхат"
Ағаштың бауырына не бір жұпар шөптер араласып өседі? Мұның маңында сая да, күн де, көлеңке де, ылғал да жетеді. Ал гүлдердің сан түсті бояудан көйлек киген неше түрі бар емес пе, қарашы. Көкше өңірі жалпақ түз осындай бәйшешектей балауса қыздарға да бай. Ана ұшып жүрген араны көрдің бе. Ақын да сол ара сияқты. Неше бір көздің жауын алған рауғашқа да қонып шырын жинайды. Гүлсіз ара, арасыз түз гүлі болмаса, ақын мен қыз күні де сондай. Біріне - бірі дем беруші, өсіруші, жетілдіруші. Ақын да арадай бағбан. Ол гүлдің қанатын сындырмайды, аялайды, арадай ұшып жүріп ән салып, гүл жырын, әсемдік жырын жырлайды. Менің гүлім сендерсіңдер — балауса қыздар. Маған әрқайсыңның бір аты шашың, кірпігің, айдындай ашық көзіңнің жанары, селт еткен қабағың, қиылған қасың, ыстық лебің, лүпілдеген жүрегің, күрсінген демің, дірілдеген ернің — бәрі де жыр. Мен соны жырлаймын, өмірдің көркін, қуанышын жырлаймын. Әттең шамам келіп бар сұлулықты әнге қосып шырқай алсам, екі дүниеде арманым болмас еді.
Сәкен Жүнісов "Ақан сері"
Біреуді пәленше көп біледі деп мақтайды. Көп білген адам көп тындырса, мақтауға болар еді. Көп біліп, түк тындырмайтындар да бар. Мұндай іске пайдасыз білгіштікті білдім деудің қажеті жоқ. Ондай «білгіштен» аз біліп, көп тындыратын қоңырқай адамның өзі артық.
Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар"
Азғындықтан басқа не үйреттiң бiзге? Iшкенiмiз – арақ, шеккенiмiз – шылым. Жолдан тапқан баланы шырылдатып жетiмхананың босағасына тастаймыз. Еңкейген ананы шашынан жұлып, қартайған әкенi сақалынан сүйретiп панасыздар үйiне өткiземiз – осы ма сенiң үлгi - өнегең?
Дiнiмдi алдың, тiлiмдi алдың – ендi алмаған нең қалды? Жоқ, жетедi осы табанда жаншылып құл болғанымыз.
Тұрысбек Сәукетаев "Ай қараңғысы"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында
Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тартқандар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл - кеңірдек боп айтысып жататын.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме? Пауло Коэльо "Алхимик" Махаббат пен
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны