ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Баябан
18.01.2022 618 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Баябан

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті: Баябан
Жапан түз, құлазыған дала, шөл, айдала.
Мысалдар:
1. Қадірлі болса баябан дария,
Шалқар көлмен тең.
Қайырсыз болса жаман бай,
Ел қонбаған шөлмен тең.
(Ақтамберді жырау, Алдаспан)
2. Надяның көңілін қимады ма, әлде шыннан көкірегін әуен кернеді ме, Рысқұлов алдыда толқын - толқын, тас толқын болып жатқан баябан ұлы далаға қасқая қарап, қоңырлата бір шырқады дейсің.
(Ш. Мұртаза, Қызыл жебе: 4 кітап)
3. Атанған «Шөл - баябан» далаларды
Өзгертті; орнатты зор қалаларды.
(Ә. Тәжібаев, Жолдас, Навои)
4. Ол астында арқыраған машина, қолында бесатар мылтық тұрғанда ештеңеден тайынбастан, баябан далада сайран салып, жортып жүре беремін деп есептейтін.
(Сұлтанәлі Балғабаев, Шөл)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Әлет Көркем сөздің құдіреті: Әлет
1. Мезгіл, мерзім, кез, уақыт, уақ; 2. Жарық, сәуле, нұр; Айдың, күннің, жұлдыздың айналасын қоршаған сәуле.
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар 1. Шама, мөлшер, уақыт; болжам; 2. Мұрша, әл, мүмкіндік.
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Аралық дәнекер, келістіруші, мәмілеші, бітім жасаттырушы. Мысалдар: 1. Жемісті сайдың бойында, Бітуажа мен болып,
Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу
Жоспар, директивтер тәжірибеге, ғылымға негізделсе, оның орындалуы творчествоға негізделген. Ешбір Иванның яки Байжанның творчестволық қуаты
Көркем сөздің құдіреті: Мимырт Көркем сөздің құдіреті: Мимырт
Мимырт Жай, шабан, баяу, жайбасар, марғау. Мысалдар: 1. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып,
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×