Қ. Ысқақ / Ақсу – жер жаннаты
Әңгімелер
Ұлы Даланың рухани жауһары
Қ. Ысқақ / Ақсу – жер жаннаты
ХХ ғасырдың 60 - 80 - інші жылдардағы қазақ әдебиетінің талантты өкілдерінің бірі – Қалихан Ысқақ. Жазушының қаламынан туған «Ақсу – жер жаннаты» («Қара орманның» жаңа нұсқасы) романы қазақ әдеибетіне қосылған елеулі туындылар болып табылады.
«Ақсу – жер жаннатының» жазушы өмірден таңдап алған құбылысы – тақырыптан, алдына қойған мақсаты, айтпақ ойы – идеядан туындаған сюжеттік - композициялық құрылымы аса мықты характерлерді ашуға қызмет етіп тұр.
Жазушы Қ. Ысқақтың «Ақсу – жер жаннаты» романындағы Бекет дүниені, өмірді, адамды танып - білем екен деп талпынған азамат. Алуан түрлі кейіпкерлер, олардың тіршілігі, қым - қуыт тағдырлары және романның проблема етіп көтеріп тұрған мәселесінің маңыздылығы – бәрі - бәрі шығармаға кең тыныстылық қана беріп тұрған жоқ, сонымен қатар әлі де жалғасын табар, әлі де жазылар сұлбасын танытқандай. Оқырманның жазушы шеберлігіне тәнті болып, одан әлі де болса туынды күтері сөзсіз. Бұл жайды сыншы Т. Тоқбергенов өте ұтымды жеткізген. «Романның соңғы нұсқасы жазылып бітті, көптен ойда жүрегн үлкен тірлік талай толқыманы өткеріп, әу баста діттеген жеріне жетті дер болса, онда роман осымен тәмама. Алайда, шығарма, біздіңше, тағы жалғасатын тәрізді. Неге екенін қайдам, Сиғаттың орнын басқан Бекет тағдыры енді ашылатындай. Соған байланысты кейіпкерлер әулиетінің сексенінші жылдардағы ұрпағы өз - өзінен жаңа романға сұранып тұрған сыңайы бар. Бекеттен басталып, Бекетпен аяқталған романның ендігі жалғасы да сол Бекет болатын нобайы көрініп тұрғандай» деп жазады сыншы Т. Тоқбергенов.
Бекет өзін - өзі танып бітті ме? Өзгелерді ше? Әлі ешкім де толықтай танып, біліп, түбіне жетпеген әлемді, дүниені, ондағы адамдарды, сол адамдардың өмір сүрудегі мақсатын, мүддесін таным зердесінен өткізе алды ма?
60 - 80 - інші жылдары дүниеге келген қазақ романдары осынау проблемаларға тереңірек үңілді, соның нәтижесінде шығармаларында философиялық сипат пайда болды, ал бұның өзі сол кезеңдегі ерекше бір әдеби ағымды аңғартады дегенді жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан да «Ақсу – жер жаннаты» романы, мәселеге осы тұрғыдан келсек, әлі де айтары бар, мейлі Бекет болар, мейлі Бекеттің қазіргі кезеңдегі ізбасары болар, әйтеуір жалғасы бар шығарма болып көрінеді де тұрады. Мына бір пікірді келтіре кеткеніміз орынды:
Адам өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс тұра алмайды. Мәселе адамның сол қоғамның заңдылығын үнсіз мақұлдап, ессіз орындауында немесе қоғамдағы қарама - қайшылықтарды терң түсініп, оның өміріне үнсіз бас шұлғудың орнына, өз пікірін, өз ойын іркілмей айтып, қайыспай қарсы тұруында болса керек. Тереңірек үңілсек, Қ. Ысқақ романының мазмұны – сұлу Алтайдың әсем табиғатын қалайда болашақ ұрпаққа бүлдірмей, мұра - мирас етіп қалдырамыз деген ниеттен туындап, пішініне адамның түрлі драмалық жағдайлары, тебіреніс, толғанысын бейнелейтін психологиялық, философиялық сипаттар арқау болған.
Романда бірінші бөлімнің бірінші тарауындағы мына сурет жазушының өзіндік жазу машығын ғана әйгілеп тұрған жоқ, сонымен бірге Бекеттің болсын, басқа да қаһармандардың болсын, күрделі өмір жолын көрсетеді, сол арқылы жер басып жүрген барша адамзаттың ғұмырын, тағдыр - талайындағы күнгейі мен көлеңкесі, күндізі мен түні, ақ - қарасы, қуанышы мен реніші толы сапарын да байқатады.
«Мұз астында тып - тыныш қыстап шыққан Күлмес өзені әр жерінен үзік - үзік тесіле бастаған екен, жар жағасындағы жалғыз көшенің біркелкі ағаш үйлері бір түннің ішінде шатыры мыжырайып, ескіріп қалыпты. Қыштан соққан екі қабат қос орда қоймен бірге жайылған бзқақса есектей одырайып көрінген, олардың ауданның ақсүйек мекемелері екенін Бекет штукатурлы кәрі келіншектей сәңқой сырт пошымынан - ақ танып отыр. Ел - жұрттан екі - үш шақырым қашып тшығып, ұлтарақтай жазықтың дәл ортасына жалпая кеп қонған әуежайдың қортық тамы да жым - жырт жусап тұр. Енді қайтып ешкімді шығарып салмайтындай, енді қайтып ешкімді қарсы алмайтындай екі арадағы суыртпақ жол уәһәм дүниеден күдерін үзіп бос жатыр. Өзек талдырып, өмір өксіткен уайымшыл бір тыныштық бар қуатыңды құмарлығымен қоса қақтай сауып тауысқан нәумез шақ. Сен жұртқа, жұрт саған жексұрын көрінетін сияқты».
Шығармада Бекет араласқан, Бекет қарым - қатынас жасаған барша кейіпкерлердің әрқайсысы бас қаһарман үшін өмірді танытқыш мектеп десе болғандай. Романдағы барлық сюжеттік желі осынау адамдардың мінездерінен, бір қарағанда оғаш, ожар сөздері мен іс - әрекет, пиғыл - пейілдерінен бастау алған. Жанжігіт қарт, Асхат, Сиғат, Жақып, Мешел, Бескемпір т. б. романдағы тұлғалар жеке, дара, дербес сюжеттік желілерге арқау болғандай әсер қалдырады. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ақсу – жер жаннаты Қалихан Ысқақ «Қара орманның» жаңа нұсқасы қазақ әдеибетіне қосылған елеулі туынды
Ж. Аймауытов / Ақбілек
Қасқырға жем болып қала жаздап, арып - ашып, ажал тырнағынан әрең дегенде құтылып шығып, өліп - талып туған ауылына жеткен Ақбілекті бұрынғыдан да
Тарихи түптөркін: Ақешкі ауылы
Ақешкі ауылы – Алматы обл. Ақсу ауданындағы елді мекен. Ауылдың Ақешкі аталуы жайлы халық аузында мынандай аңыз айтылады: «Бір бай кісі бір жылы
Ұлы Даланың рухани жауһары: Т. Әлімқұлов / Ақбоз
«Ақбоз ат» романы – Тәкен Әлімқұловтың проза жанрындағы ең көлемді, әрі ең маңызды шығармаларының бірі.
Р. Нұрғали / Ай қанатты арғымақ 2 бөлім
Бұған дейін де қазақ әдебиетінде жазылған жуан қарын романдарда орыс кейіпкерлеріне жөнді - жосықсыз жастық төселіп, жасанды қаһармандардың қатары
Б. Майлин / Азамат Азаматыч
Романның тақырыбы – қазақ кедейлері қатарынан оқыған, интеллигенция өкілдерінің дайындалып шығу жолы.
Атамекен
Сүйем сені туған ел - атамекен, Абзал анам сенсің ғой құшағың кең. Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің, Сенен артық не табам, қайда кетем.