ойын сауық отауы
Күй аңызы: Торы жорғаның бөгелек қақпайы
22.09.2021 1 112 0 Admin

Күй аңызы: Торы жорғаның бөгелек қақпайы

Аңыздар
Күй аңызы: Торы жорғаның бөгелек қақпайы
Қазанғаппен сыйлас, қадірлес Бүркітбай деген бай болған. Мал тегін адамға бітпейді ғой, Бүркітбай төрт түліктің тілін білетін, шаруаның ығын тапқыш, табиғат сырын танығыш зерек жан болса керек.
Бір жылы жаз ортасы ауғаннан - ақ шөп буыны ерте қатып, құс ерте қайтып, жылқы малы ішін тартып, алдағы қыстың қолайсыз болатын сыңайы байқалады. Табиғат сырына зерек Бүркітбай ширақ қимылдап жүріп, ұсақ малы мен қара малын базар шығарып, ақшаға айналдырып үлгереді. Ал жылқысын сенімді жігіттерге тапсырып, Аралдың Құланды деп аталатын құрақты, қамысты қорығына айдатады.
Бүркітбай қателеспеген екен, қылышын сүйретіп қыс келеді. Қара күзден бастап көк иық етіп ұзақ жауған қара жауынның аяғы сақылдаған сары аязға ұласады. Дала төсін көк сауыт мұз құрсайды. Жерден қылтанақ теріп жей алмаған төрт түліктің аз күнде жілік майы үзіліп, ақсүйек жұт болады.
Әбден, күйзеліп көктемге «шықпа, жаным, шықпа!» деп әзер жеткен ел бар үмітін Құландыдағы жылқыға артады. Содан, көктем жылт етіп шығып, ел - жұрт біріне - бірі сүйеніп, жайлауға тұяқ іліктіргенде Бүркітбайдың қалың жылқысы да көрінеді. Жай көрінбейді, бір басы екеу болған көп жылқы шұрқырап, сұлық жатқан дала төсіне жан бітіреді. Жер қайысқан жылқының алдында Бүркітбайдың малының басы Торы жорға айғыр, жал - құйрығы жер сызып, кекілін сілки шұлғып, үйреншікті жайлауын бетке алып келе жатса керек.
Осынау көрініске сүйсініп, іштей шүкірлік еткен Қазанғаптың қолындағы домбырасынан тың сарын лекілдей төгіліп қоя берген екен. Сонда жаңа күйге елең ете қалған Бүркітбай да қуанышын жасыра алмай: «Қазанғап - ау, мына күйің сонау көрінген торы жорғаның бөгелек қақпайы сияқты ғой!» — депсе керек. Қазанғап болар - болмас жымиып қойып: «Болса, болар!» — деген екен.
Ел қуанышын өз бағына балайтын Қазанғаптың бұл күйі кешікпей - ақ «Торы жорғаның бөгелек қақпайы» деген атпен дүйім жұртқа тарап еді дейді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Той малы Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Той малы
«Той малы» /дәстүр/. «100 жылқы той малына кетіпті» /М.Ж.Көпеев/. қызды әкетуге келгенде күйеу жігіт осы тойға арнап той малын әкеледі.
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қарашаның соңы - желтоқсанның басында болатын алғашқы аязды жұрт «Қырбастың қызыл амалы» дейді. Үркердің сол жамбасқа келуі желтоқсанның 4 - 5
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қатты жаңбыр жауып, шағылысқа түскен бұғылардың бойындағы жағымсыз иістен тазаратын қарашаның алғашқы он күндігі «Бұғының мойын жуары» атанған.
Күй аңызы: Майдажал Күй аңызы: Майдажал
Қазанғап деген адамға мыңдап жылқы бітсе де, соншама жылқының ішінен небір жүйрік, небір жорға бітпепті. «Ат шаппайды, бап шабады.
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қыркүйек – күзем айы, күздің басы. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күн суып, жауын басталып, күз келеді. Халық аузында күздің бірнеше атауы бар: Мырза
Төреғали Төреали - Қара торы қыз Төреғали Төреали - Қара торы қыз
Жаңа ән "Қара торы қыз"
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×