ойын сауық отауы
Амазонкалар жайлы мифтер
20.01.2022 735 0 Admin

Амазонкалар жайлы мифтер

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Амазонкалар жайлы мифтер. Орта азияның ежелгі халқы – сарматтардың (Савроматтардың) қайдан шыққаны жайында
Грек мифологиясындағы амазонкалар – соғыс құдайы Арес (Марс) пен Гармония нимфасынан тараған жауынгер әйелдер тайпасы. Бір кездерде олар Фемискир қаласының қасындағы Фермадонт өзенін немесе Кавказ тауының баурайы мен Азов теңізінің төңірегін мекендеген.
Амазонкалар ұрпақ жаю үшін жат жерліктермен немесе көршілес тайпа ерлерімен отасқан. Ұлдарын басқаларға тәрбиелеуге беріп (немесе өлтіріп), қыздарын өздерінде қалдырып отырған. Олар садақпен, айбалтамен, жеңіл қалқанмен қаруланған. Амазонка атауы қару ұстауға неғұрлым ыңғайлы болуы үшін қыздардың сол жақ төстерін күйдіру ғұрпының атауынан шыққан - мыс.
Амазонкалар Арес пен Артемидаға құлшылық етіп, уақыттарын шайқаспен өткізген. Амазонкаларға қарсы Беллерофонт шайқасқан. Геракл аманзонкалардың қаласы Фемискирді жаулап, олардың патшайымы Ипполитаның белдігін алады. Тесей Антиопаға (Ипполитаның шешесі) үйленеді. Бұдан соң амазонкалар Афиныны қоршайды. Бірақ кейінірек Амазония аталған жерде тас - талқан етіледі. Пенфесилея есімді амазонка - әйел соғыста торяндықтарға көмектесіп, Ахиллестің қолынан ажал құшады.
Амазонкалар Эфес қаласының іргетасын қалап, Артемиданың құрметіне сондағы атақты ғибадат үйін орнатқан дейді. Амазонкалар және олардың олимпиялық қаһармандармен күресі жайындағы мифтерде матриархаттық сипаттар көрініс тапқан.
Фермадонт түбіндегі үлкен жеңістен кейін эллиндер (аңыз бойынша) тірідей қолға түсірген амазонкаларды алып, үш кемемен үйлеріне қайтып келе жатады. Ашық теңізде амазонкалар эллиндерге тарпа бас салып, барлығын қырып салады. Алайда, олар кеме жүргізу ісімен таныс болмаған. Желкендер мен ескектерді меңгеруді білмеген. еркектер өлтірілгеннен кейін кеме ашық теңізде ұзақ жүреді, ақыры, желдің бағытымен Меотида көліндегі шақпақты шыны тастарға укеліп тоқтайды. Шыны тастар, әлбетте, еркін скифтердің жерінде ғой. Осы арада амазонкалар жағаға түсіп, төңіректі шарлап кезе бастайды. Сөйтіп жүріп жылқы табынын ұшыратып, оларды ұстап мініп алады. Енді аттармен құйғытып, скиф жерін тонауға кіріседі.
Скифтер мұның мән - жайын ұға алмады. Себебі, олар үшін амазонкалар тайпасы, тілі мен киімі беймәлім еді. Скифтер амазонкалардың қайдан сап ете түскенін түсінбей аң - таң болады. Оларды жас жігіттерге балап, айқаса кетеді. Шайқаста қаза тапқан амазонкалардың бірнеше мәйіті скифтердің қолына түседі. Сонда ғана олар әйел заты екенін біледі. Осыдан соң скифтер енді амазонкаларды өлтірмеуді, әйелдер қанша болса, шамамен сонша жас жігітті жіберуді ұйғарды. Жігіттер амазонкаларға жақын жерге қостарын тігіп, олар не істесе, соны істеуге тиіс болады. Егер амазонкалар оларды қуаласа, ұрысқа түспей, қашулары керек. Ал қуғын тоқтағанда жігіттер қайта жақындап, қостарын қайтадан тігуі тиіс.
Скифтер ержүрек жауынгер әйелдерден ұрпақ алуды қалағандықтан, осылай ұйғарған болатын.
Скифтік жігіттер осы жарлықтарды орындауға кірісті. Әйелдер беймәлім көршілерінің ешқандай жаулық пиғылы жоқтығын байқаған соң, олардың мазасын алмады. Күн өткен сайын екі қос бір - біріне жақындай түсті. Амазонкалар сияқты скифтік жігіттердің де қолдарындағы қаруы мен астындағы аттарынан басқа түгі болмаған. Ел тонап, аң аулаумен айналысқан екі жақ та бірдей өмір салтын ұстанды.
Тас түсте амазонкалар оңашада табиғи қажеттіктерін атқару үшін бір - бірлеп, кейде екі - екеуден жан - жаққа тарайды екен. Мұны байқаған скифтер де соны істейтін болды.
Бірде жігіттердің біреуі жалғыз амазонкамен ұшырасып қалады, бірақ әйел оны қумайды. Әрине, тілдерін түсінбейтін болғандықтан, олар бір - бірімен сөйлесе алмайды. Әйел қолдарымен ымдап, жас жігіттің ертең дәл осы жерге жолдасын ертіп келуіне болатынын білдіреді. Өздерінің де екеу болатынын, құрбысымен келетінін ыммен түсіндіреді.
Жігіт қосқа оралып, мұны жолдастарына айтады. Келесі күні әлгі жігіт тап сол жерге жолдасымен бірге келсе, екі амазонка күтіп тұр екен. Бұл хикаяны қалған жігіттер де біліп, басқаларын да оп - оңай жуасытып алады.
Осыдан кейін екі қосын бірігіп, бірге тұрады. Әркім алғаш кездескен әйелмен отасады. Әйткенмен, күйеулері өз әйелдерінің тілдерін үйрене алмады. Әйелдер болса, күйеулерінің тілін қағып алады. Ақыры, бір - бірін түсіне бастаған кезде ерлер амазонкаларға былай деді: «Біздің ата - аналарымыз, дүние - мүліктеріміз бар. Бұдан әрі мұндай өмір кеше алмаймыз. Сондықтан, елімізге қайтып, өз халқымызбен өмір сүргіміз келеді. Біздің әйеліміз тек өздерің ғана боласыңдар, сендерден басқа адаммен енді отаспаймыз».
Бұған амазонкалар былай деп жауап қайырды: «Біз сендердің қауымдарыңмен бірге тұра алмаймыз. Өйткені дағдыларымыз олардікіндей емес: садақ тартамыз, найза лақтырамыз, салт атпен шабамыз. Әйел жұмысына бейімделмегенбіз. Керісінше, сендердің әйелдерің бұл айтылғандардың бірімен де айналыспайды, олар тек үй жұмысын атқарып, қоныстарыңнан аттап шықпайды, аң ауламайды, жалпы, мүлдем ешқайда бармайды. Сондықтан олармен үйлесе алмаймыз. Егер біз сендерге әйел болып, бірге өмір сүруімізді қаласаңдар және адалдықтарыңды көрсеткілерің келсе, онда ата - аналарыңа аттанып, еншілеріңді алыңдар. Осында қайтып келген соң, өз бетімізбен тұрмыс кешейік».
Жігіттер өздеріне тиісті енші үлестерін алып, амазонкаларға қайтып оралды. Сонда әйелдер тағы айтты: «Біз осы елде тұруымыз керек деген ойдың өзінен шошимыз. Себебі сендердің елдеріңе ғаламат қиянат жасадық. Сендер біз үшін әке - шешелеріңді, ошақтарыңды тастап кеттіңдер. Бізді әйел етіп алғыларың келді. Енді қанеки, былай қылайық: бұл елден көшіп, Танаис өзенінің ар жағына қоныс аударайық».
Жігіттер бұл айтқанға да көнді. Олар танаисты кешіп өтіп, өзеннен шығысқа қарай үш күн және Меотида көлінен солтүстікке қарай үш күн жүріп, сол мөлшердегі бір жерге қоныстанды. Олар қазірге шейін осы арада мекендеп жатқан көрінеді.
Сол кезден бері саврамат әйелдері өздерінің баяғы замандағы дағды - ғұрыптарын сақтап келеді: олар күйеулерімен бірге, кейде, тіпті, оларсыз - ақ салт атпен аңға шығады, жорыққа аттанады әрі ерлермен бірдей киім киеді.
Савроматтар скифтерше сөйлейді, тек амазонкалар бұл тілді өте нашар үйренгендіктен, бағзыдан бұзып сөйлейді. Үйлену ғұрыптарына келетін болсақ, оларда қыздар жауын өлтіргенше күйеуге шықпайды. Кейбіреулері кемпір болғанша тұрмыс құрмай өтеді, өйткені ғұрыпты орындауға шамасы келмейді.
Скифтер мен амазонкалардың ұрпақтары – савроматтар немесе сарматтар Жайықтың оңтүстік бетіндегі алқапта, Елек өзенінде өз мемлекетін құрды, б. д. д. VI - IV ғасырлардағы көшпелілердің үлкен одағына айналды. Савроматтар скиф халықтарының – түркілердің түп бабаларының тарихында елеулі орын алды, Орта Азияның байырғы халықтарымен байланысты болды. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Киммерий патшалары туралы мифтер Киммерий патшалары туралы мифтер
Көшпелі скиф тайпалары Азияны мекендеген. Массагеттер әскер күшімен өздерін ол жақтан тықсырып шыққанда, скифтер араксқа жылжып, киммерий жеріне
Скифтердің арғы бабасы Геракл туралы миф Скифтердің арғы бабасы Геракл туралы миф
Герионның бұқаларын қуалаған Геракл ол кезде әлі жан аяғы баспаған бір елге (қазір оны скифтер мекендейді) табан тигізеді. Герион Понттан (Қара
Кентаврлар жайлы миф Кентаврлар жайлы миф
Жылқыны адамның осыдан үш мың жылдай уақыт бұрын қолға үйретіп, азия мен еуропада көлік және жүк тасу құралы ретінде пайдаланғаны мәлім. Христофор
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера
Химера – Құдай тектес, арыстан басты, ешкі денелі, жылан бөкселі, аузынан от бүріккен тажал. Оны құдайлардың сәуегейлікпен айтқанындай, сымбатты
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Жер бетіндегі барлық халықтарда бар. Солардың бірінде тақуалығы ескеріліп, Құдай тарапынан белгі алған Нұх
Айдаһар Айдаһар
АЙДАҺАР. Қазақ ертегілік - мифтік дәстүріндегі зұлым құбыжық, демон. Оның "аждаһа" түріндегі синонимі де бар. Айдаһар атауы өзімізге кеңінен танымал
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×