ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
03.02.2022 475 0 Admin

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)

Аңыздар
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
«Болмыстың» он сегізінші тарауында Құдайдың Ибраһимге Хеврон маңындағы Мамре орманында көрінгенін айтқан. Ибраһим назарын салғанда, «күндізгі аңызақ уақытында» өзінің шатырына келе жатқан үш кісіні көреді. Таяу Шығысқа тән әдеттегі қонақжайлыққа басып, Ибраһим олардың жайғасып, тынығуларын сұрайды да, өзі меймандарына дереу ас әзірлеуге қамданады. Әлбетте, әңгіме барысында кісілердің бірі оның Құдайы екені анықталады, оны үнемі «Яхве» деп атайды; Оның екі жолдасы періштелер болып шығады. Бұл оқиға ешкімді қатты таңғалдыра қоймайды, бірақ б. д. д. VIII ғасырда, J - дің жазғанындай, бірде - бір израилдық Құдайды «көруге» үміттене де алмайтын заманда, керісінше, көпшілік үшін мұндай ойдың өзі қол жетпес құдіретті қорлау саналар еді. J - дің замандасы Е - нің ойынша, патриархтардың Құдайларға жақындығы туралы аңыздар – қиял жемісі. Ибраһимнің немесе Жақыптың Құдаймен кездесулерін баяндағанда, ол ізетті ара қашықтықты сақтайды және көне аңыздарды антропоморфты етіп көрсетпейді. Кейін ол Құдайдың Ибраһиммен періштелер арқылы сөйлескенін айтады. J - ге мұндай кірпияздық тән емес және ол өзінің әңгімелерінде Құдайдың көрінісіне қатысты алғашқы аңыздарға тән ескі сарындарды ұстанады.
Жақып та бірнеше рет Құдаймен кездеседі. Күндердің күнінде туыстарыынң арасынан өзіне әйел таңдау үшін Харранға қайтып оралады. Жолай Иорданияға жақын Лузға түнеп шығуды ойлап, басына тас жастанып ұйықтайды. Сол түні түсінде жерден аспанға қарай көтерілген баспалдақты көреді, періштелер сол баспалдақпен Құдай мен адам патшалығы арасын жол қылып, біресе түсіп, біресе көтеріліп жүреді. Бұл жерде Мардуктың зиккураты еріксіз ойға оралады: онда аспан мен жердің арасында адам құдайлармен кездесе алатын. Өз баспалдағының ең жоғары сатысында Жақып Эльді көреді. Ол жарылқаушылық танытады және бұрындары Ибраһимге уәде еткенін шамамен сол күйінше қайталайды: Жақып нәсілдері қуатты халыққа айналады және Ханаанның барлық жеріне иелік етеді. Тағы басқа да уәде беріледі, ол Жақыпқа қатты әсер етеді. Пұтқа табынушылық діндер көбінесе бір аумақтың ішінде таралатын: құдайдың билігі шектеулі аймақта ғана жүретін, сондықтан бөтен жерлерге саяхат шеккен кезде өмірлік тәжірибесінен ақыл түйген адамдар жергілікті құдайларға табынатын. Алайда Эль Жақыпқа оны Ханааннан басқа елге барса да қорғайтынын айтып уәде береді: «Мен сенімен біргемін; және Мен сені қайда барсаң да қорғаймын». Құдайдың көрінісіне қатысты бұл аңызда Ханаанның жоғары құдайы жалпылық сипатқа ие бола бастағаны көрсетілген.
Жақып оянған кезде өзінің адамдар Құдайлармен сөйлесе алатын киелі орында ұйықтап қалғанын түсінеді. оның аузына мына сөздерді салады: «Шынында, Құдайдың (Яхве) өзі осы жерге келіп отыр, ал мен мұны білмеппін!». Жақыптың тұла бойы түгел керемет сезімге бөленеді, құдіретті күшпен бетпе - бет келген пұтқа табынушылар мұндай сезімді бастан жиі кешіріп отырған: «Мына орынның қорқыныштысын - ай! Бұл Құдай үйінен басқа ештеңе емес (вер - филь), бұл – аспан қақпасы». Баб - или деп атайтын. Сосын, Жақып бұл ерекше орынды жергілікті пұтқа табынушылар салтымен киелі жерге айналдырады: басына жастанған тасты алып, тігінен қояды да, оған зәйтүн майын құйып дәріптейді. Бұдан кейін Луз – Вефил, «Құдай үйі» деп атала бастайды. Тас ескерткіштер – ханаандықтардың Вефилде б. д. д. VIII ғасырдың соңына дейін өркендеген құнарлылық культінің әдепкі сипаты. Кейінгі дәуірде израилдықтар діндарлықтың мұндай көріністерімен барынша күресіп бақты, бірақ Вефилдегі пұтқа табынушылықтың киелі орнын бұрынғыша Жақыптың өз Құдайымен кездесу аңызына байланысты қарастырды. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Монотеистік діндердің үшеуінде де мифтің зор маңыз атқарғанына қарамастан, біз әлі яхвенің Шығуда қатал және жендет Құдай болып қалмағанына көзіміз
Құдайтану баяны: «Медиандық теория» Құдайтану баяны: «Медиандық теория»
Яхвенің алғашқыда Мадиан жерінің Құдайы болғаны туралы «Медиандық теория» деп аталатын болжамды қазіргі таңда ешкім де мойындамайды, бірақ дәл сол
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Жақып Вефилден кетпес бұрын, көзбен көрген Құдайын өзінің элохимі етуге шешім қабылдайды; бұл ұғым өз бойына адамдардың құдайлардан қаншалықты мән
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Алайда Яхве деген кім? Ибраһим бас иген Құдай Мұсаның да Құдайы ма, тек аты бөлек пе? Қазіргі таңда бұл сұрақ өте маңызды. Бірақ Тәурат, бір
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Құдайдың өлімі, әйел құдайдың сергелдеңі мен екеуінің Құдай патшалығына жеңісті оралуы – әлемнің көптеген мәдениетінің тұрақты діни сюжеті. Ол
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Ғаламды тұтас қабылдау тек Таяу Шығысқа ғана емес, барлық ежелгі әлемге тән болды. Б. д. д. VI ғасырда Пиндар сондай сенімнің гректік нұсқасын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×