ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы бар)
27.02.2022 418 0 Admin

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы бар)

Аңыздар
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы бар)
Б. д. д. VIII ғасырда Таяу Шығыста мен өздерінің жылнамаларын құрастырып жатқан кезде Үнді түбегінің қоғамдық және экономикалық жағдайларының қатты өзгергені соншалық – ескі ведалық дін оларға қажетсіз болып қалды. Арийлер жаулап алғаннан кейінгі көптеген ғасырлар бойы жергілікті халықтың жаншылып келген идеялары қайта бас көтерді және дінге ықылас сезімін күшейтті. Адам тағдыры түгелдей өз әрекеттерімен анықталады деген түсінік карма идеясына деген қызығушылық қайта туындайды. Осылайша, адамдардың жауапсыз мінез - құлқының күнәсін құдайларға аудару тоқтатылды. Сансыз көп құдайды біртұтас, дүниеден тыс Шындықтың белгісі ретінде көре бастады. Ведалық дін құрбандыққа негізделген рәсімдерге ерекше назар аударатын, алайда көне үнділік йога (жұмылдыру дағдысы көмегімен ақыл күштерін «біріктіру») тәжірибесіне деген талпыныс адамдарды ендігі жерде тысқары, о дүниелік әлемге бағытталған дін қызықтырмайтынын білдіртті. Құрбандық пен рәсімнің өзі адамды қанағаттандырмайтын болды. Ендігі жерде осы салттардың (дәл осындай қанағаттанбауды Израил пайғамбарлары да бастан кешіргенін ескерткеніміз дұрыс) құпия мағынасын түсінуге ынталанды. Құдайлардың бейнесінен жер бетінен жырақта мекендейтін, табиғаттан тыс болмысты көру ескіре бастады. Адамдар ақиқатты өзінен табу мақсатын алға қойды.
Үндістанда құдайлар бастапқы мәнін жоғалтты. Құдайдан да жоғары бағалана бастаған діни ұстаз әлдеқайда зор беделге ие болды. Үндістанның ұлы рухани көрегендігі сонда – ол адам құндылығын және өз тағдырын өзі реттеу мүмкіндігін ашып көрсетті. Жаңа діндер – индуизм мен буддизм құдайларды жоққа шығармады және оларға құлшылық етуге кедергі жасамады, өйткені кез келген мәжбүрлеу мен терістеу, олардың доктринасы сәйкес тек зардап әкелетін. Құдайлармен күресудің орнына, индуистер мен буддистер олардан кем соқпау, тіпті асып түсу жолдарын іздестірді. Б. д. д. VIII ғасыр данышпандары араньяктар мен упанишадтар деп аталған шығармаларында осы тақырыпта пікір таластыра бастады. Осылайша, веданта – «Ведалардың соңы» философиясының негіздері қаландыҮстін - үстін жаңа упанишадтар пайда болды да, сегізінші ғасырдың соңында олардың жалпы саны екі жүзге жетті. Дін ретінде индуизмге жалпы анықтама беру мүмкін емес, өйткені ол догматикадан қашқақтайды және осы ғана дұрыс деп қабылданатын түсіндірме берудің мүмкіндігін жоққа шығарады. Дегенмен упанишадтардың арасында кез келген құдайдан кем түспейтін және барлық болмысты жасырынған құдайлықтың бірегей ұғымы қалыптасқан.
Ведалық дәстүр бойынша, құрбан шалу рәсімдері кезінде діндар адамдар Брахман деп аталған қасиетті күшті сезінді. Дәл осындай күш абыздардың (брахмандар немесе браминдер) бойында бар деп есептелді. Құрбан шалу рәсімі үстінде әлемді кішігірім күйде елестеткендіктен, «Брахман» ұғымы уақыт өте келе дүниені тұтас қамтитын күшті білдірді. Әлем Брахманның жұмбақ табиғатынан туындайтын, бүкіл болмыстың құпия мәні ретінде танылып, құдайлық әрекет деп қабылданды. Упанишадтар үнемі Брахман барлық нәрсенің ішінде болады деген тұжырымды санаға сіңіргісі келді. Бұл, турасын айтқанда, арғы әлемге өту, барлық заттардың ішкі табиғатын тану дегенді аңғартты. Болатын кез келген нәрсе – Брахманның әрекеті, ал шынайы көрегендік дегеніміз – әртүрлі құбылыстардың астарынан бірлікті көре білу қабілеті. Кейбір упанишадтар Брахманға ерекше сипаттар дарытса, басқаларында ол мүлде көмескі күйде қалып қойды. Брахманға «Сен» деп сөйлеуге, «Ол» деп атауға болмайды, себебі ол – бейтарап ұғым. Оны еркек не әйел жынысына жатқыза алмайсың. Билік етуші құдай ретінде Брахман өз қалауын білдірмейді, адамдарға арнап сөз сөйлемейді, олардың көзіне көрінбейді. Ол бүкіл адамзаттан жоғары, өтініш - тілектерге жауап бермейді және күнә жасағандарды жазаламайды. Ол бізді «жақсы көреді» не «жек көреді» деп те айта алмаймыз. Оған әлемді жаратқанына алғыс білдіру немесе мадақ арнау керек емес, мұның еш мағынасы жоқ. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы бар) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы бар)
Пұтқа табынушылардың құдайларынан ерекшелігі, Яхве қандай да бір табиғат құбылысына теңестірілмейді және мүлде басқа кеңістікте орналасқан. Ол жұмсақ
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
«Болмыстың» он сегізінші тарауында J Құдайдың Ибраһимге Хеврон маңындағы Мамре орманында көрінгенін айтқан. Ибраһим назарын салғанда, «күндізгі
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Бастапқы кезде адамдар барлық нәрсенің Алғашқы Себебі және көк пен жердің Иесі – Құдайды жаратты. Ол кезде оның бейнесі де, ғибадатханасы да,
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Монотеистік діндердің үшеуінде де мифтің зор маңыз атқарғанына қарамастан, біз әлі яхвенің Шығуда қатал және жендет Құдай болып қалмағанына көзіміз
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Ғаламды тұтас қабылдау тек Таяу Шығысқа ғана емес, барлық ежелгі әлемге тән болды. Б. д. д. VI ғасырда Пиндар сондай сенімнің гректік нұсқасын
Әуелгіде Әуелгіде
Әуелгі бейберекетсіздік көрінісі ретінде, халық алдында патшаның намысы қорланып, оның тағына маскарадтық киімдегі сайқымазақ отырғызылатын, содан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×