ойын сауық отауы
Адамды семіртетін ас түрлері
05.02.2024 460 0 Admin

Адамды семіртетін ас түрлері

Денсаулық
Адамды семіртетін ас түрлері
Ұйқыға жатарда ет, балық етін жемеген жақсы. Жесеңіз, жатардан кемінде төрт сағат бұрын жеңіз. Өйткені ол асқазанда осынша уақыт қорытылады, сөйтіп ағзаға қажетті энергияға айналады. Ал егер ұйқыға тоя ет жеп жатсаңыз, онда ол қорытылмайды, жатып қалып, қажетсіз заттарға ыдырайды, ағзаны бүлдіреді, қанға өтіп, улайды. Қажетсіз, толы заттан қарын қампаяды.
Нан өнімдерін де жатарда жеген дұрыс болмайды. Олар тез қорытылады да, қанда инсулин мөлшерін арттырады. Бұл кезде ағзада қимыл - қозғалыс болмағандықтан энергия жұмсалмайды, ол қарынға, мықынға май болып іркіледі.
Шоколадты жатарда жеуді әдетке айналдырсаңыз да тап осындай нәтижеге «қол жеткізесіз».
Чипсы, сухариктерден де осындай әсер аласыз. Өйткені оларда калория мен химиялық қоспалар көп. Ұйқы кезінде зат алмасуы төмендейтіндіктен олардан да келер зиян аз емес.
Жаңғақтар мен кепкен жемістердің ағзаға көп калория беретіні белгілі. Сондықтан оларды жатарда көп жесеңіз, семіруге, май түзілуіне жағдай жасайсыз.
Кофе, кока - кола, шайды жатар алдында ішкен де дұрыс емес. Олар ұйқыны бұзады. Мұндайда адам түн ішінде тұрып алып тамақ жеуі де мүмкін. Жоғарыда аталып өткендей, түнгі тамақ ағзаға майды көп береді.
Алкогольдің де осындай әсері бар.
... Ағза өзін аш сезінбес үшін ұйқыға жатарда бір стакан кефир, простакваша, ряженка, йогурт ішкен, аздап көкөніс, жеміс - жидек, жеңіл салат жеген дұрыс.

Жазда жиірек жалаңаяқ жүрген жақсы Жазда жиірек жалаңаяқ жүрген жақсы
Жаздың әр мезгілінің ағзаға өзіндік әсері бар. Оны дер кезінде әрі дұрыс пайдалансаңыз, денсаулыққа тегін ем алғанмен тең боласыз.
Күнбағыс майы Күнбағыс майы
Көпшілігіміз күнделікті ас-ауқатқа қолданатын күнбағыс майын дұрыс қолданса, емдік әсері дәрі - дәрмектен кем түспейді деседі.
Күнделікті рационнан алып тастайтын 5 өнім Күнделікті рационнан алып тастайтын 5 өнім
Денсаулыққа зиянды 5 азық - түлік. Төменде аталған өнімдер ағзаға ешқандай пайда әкелмейді. Біздің денсаулығымыз жейтін тамағымызға байланысты.
Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс. Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс.
Ағзаға пайдалы астың бәрі дәмді бола бермейді. Бірақ, мұның бананға еш қатысы жоқ. Жемістің бұл түрін сүйіп жейтіндер көп әрі ол ағзаға өте пайдалы.
Ұйқыңыз келмей жүр ме? Ұйқыңыз келмей жүр ме?
Егер түн ұйқыңыз бұзылып, көпке дейін көз іле алмай жатсаңыз, сізге тамақтану рационын дұрыстау керек. Сондықтан бүгін біз сіздерге ұйқыны ретке
Суда жүзудің пайдасы Суда жүзудің пайдасы
Шынығудың ең тиімді құралы – ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді. Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×