ойын сауық отауы
Шеміршекті тозудан сақтайтын дәрілер
25.09.2024 129 0 Admin

Шеміршекті тозудан сақтайтын дәрілер

Денсаулық
Шеміршекті тозудан сақтайтын дәрілер
Бүгінде буын аурулары жасы ұлғайған адамдарды ғана емес, жастарды да жиі төңіректейтіні белгілі. Әсіресе спортпен айналысатындарды ауыр жаттығулардан соң буындар ауырып мазалайды. Өйткені шеміршектерге көп салмақ түсіп, оны нығыздайды, тоздырады. Осы орайда алдын - алу, сауықтыру шараларын жасап, бірқатар препараттарды қолдана жүргеннің артықшылығы жоқ. Олар мынадай:
Глюкозамин. Ол бүлінген шеміршек ұлпаларын қалпына келтіреді. Қажет болған жағдайда оны 1, 5 – 2 айдай ішіп жүрген жақсы. Тек шамадан асырмау керек. Әйтпесе ол ағзадағы көмірсу алмасуына кедергі келтіреді, ұйқы безінің жұмысын зақымдайды. Сондықтан оны 6 - 8 апта, 1500 – 2000 миллиграмнан (екі - үш мезгіл) ішіп тұрған пайдалы. Емдік курсы жылына 2 - 3 мәрте. Әрине, дәрігермен кеңесуді ұмытпау керек. Бұл әсіресе ағзаға көп күш түсіретін спортшылар мен ауыр қара жұмыстағыларға пайдалы.
Коллаген гидролизаты (желатин) де шеміршек ұлпасын қалпына келтіруге көмектеседі. Ол жануартекті болғаны дұрыс. 3 ай бойы күніне 10 грамнан ішіп тұру керек.
Хидроитин де шеміршек ұлпаларының ауыр салмақтан бүлініп - тозған жерлерін қалпына келтіре алады.
Балық майындағы Омега – 3 майлы қышқылдары да пайдалы. Күніне 10 грамнан (бір - екі аптадан артық ішуге болмайды) ішіп тұру керек. Сосын 3 грамнан ішуге болады. Жалпы, егер балық майын жай кезде күн сайын 3 грамнан артық ішсе қан қоюланып, жүрекке салмақ түседі, диабет қаупі туындайды. Дәрігермен кеңесіп ішкен дұрыс.
Куркума да пайдалы, онда күшті антиоксиданттар бар. Ол зиянды гистамин түзілуін тоқтатады, қабынуға қарсы әсері мол кортизолдың түзілуін күшейтеді.
Көкөніс, жеміс, астық тұқымдастар құрамында болатын метилсульфаниметан да буындарға пайдалы.
Көк шайдағы катехиндер буын шеміршектерінің нығыздалып, «желінуіне», тозуына қарсы тұрады, ол мықты антиоксидант.
Міне, осы аталған заттарды қажет кезінде емдеп - сауықтыру, аурудың алдын - алу үшін қолданып тұруға болады. Тек қанша уақыт, қаншалықты мқлшерде қабылдау керегін дәрігермен кеңескен абзал.

Бауырды тазалайтын 7 амал Бауырды тазалайтын 7 амал
Бауыр ағзадағы зиянды токсиндерді шығаруға, зат алмасу үрдісіне қатысады. Холестерин деңгейін реттейді, пайдалы минералдар мен витаминдерді сақтайды.
Халық емі: Жоңышқаны жай шөп демеңіз... Халық емі: Жоңышқаны жай шөп демеңіз...
Менің ауруым - жүрек ишемиясы, аттеросклероз, жоғары қан қысымы. Ақпарат құралдарының бірінен жоңышқаның емдік қасиетінің зор екенін оқыдым.
Халық емі: Он бес түрлі ауруға ем болатын сусын Халық емі: Он бес түрлі ауруға ем болатын сусын
Бұл сусынды өзіңіз - ақ, үйде жасай аласыз. Көп уақытты алмайды. Қымбат та емес. Ал пайдасы шаш - етектен. Айтып отырғаным кәдімгі лимон қосылған су.
... Сорпа – бетке ... Сорпа – бетке
Сиыр етінен жасалған сорпаның құрамында метионин амин қышқылы бар. Ол ағзадағы зиянды заттардың шығуын реттейді. Әрі сорпа 20 - 40 минутта қорытылып
Жаңғақтың жүрекке жәрдемі бар Жаңғақтың жүрекке жәрдемі бар
Жаңғақтың адам денсулығына пайдасы көп. Сондықтан оны емге пайдалануға болады.
Жазда жиірек жалаңаяқ жүрген жақсы Жазда жиірек жалаңаяқ жүрген жақсы
Жаздың әр мезгілінің ағзаға өзіндік әсері бар. Оны дер кезінде әрі дұрыс пайдалансаңыз, денсаулыққа тегін ем алғанмен тең боласыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×