Халық емі: Тамақ ауруының түрі көп
Денсаулық
Халық емі: Тамақ ауруының түрі көп
Күн суықта балалар арасында тамағы ауырып, жөтелу жиі кездеседі. Негізі тамақ ауруының да түр - түрі бар. Оның бәрін ангинамен шатастыра беруге болмайды. Ата - аналар үшін тамақ ауруының түрлері мен белгілерін білу маңызды. Ендеше, назар аударыңыз:
1. Қыста кішкентай балалар арасында суықтап ауыру жиі орын алады. Мұндайда баланың дене қызуы көтеріледі, мұрны бітеді, ол жөтеледі. Әсіресе бұл кішкентай сәбилерге ауыр тиеді. Егер бала 3 айлықтан асқан болса, оған дәрі беруге болады. Суықтаған бала көбірек тынығуы, сұйықты жиі ішуі керек.
2. Ларингит кезінде трахея мен көмекей қабынады. Бала құрғақ жөтеледі, дене қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындайды. Тез арада дәрігерге көрсетіп, тиісті ем қабылдау керек. Тыныс алуды жеңілдетіп, жөтел ұстамасын төмендететін амалдар жасау керек.
3. Фарингит кезінде тамақ қабынады, оған көбіне вирустар себепкер. Сирек жағдайда ол стрептококк жұқпаларынан да болады. Сәби тамағым ауырды деп айта алмайды, ол тамақ жегенде, жұтынғанда жылайды, себебі тамағы ауырып, мазасын алады. 3 айлық балаға мұндайда парацетомол мен жылы сусындар ішкізеді. 2 - 3 күн бойы жағдай өзгермесе, сәбиді дәрігерге көрсету керек.
4. Ротавирус та қыста жиі кездеседі. Ол 3 - 10 күн аралығын қамтиды. Баланың дене қызуы көтеріледі, ол құсады, үлкен дәреті бұзылады. Мұндайда 3 айлықтан асқан балаларға температураны басатын дәрі беріп, сусыздануды болдырмас үшін сұйықты көп ішкізу керек. Болмай бара жатса, тез арада дәрігерге көрсеткен абзал.
5. Бронхит кезінде жоғары тыныс жолдарындағы инфекция бронхқа түсіп, оны қабындырады. Бала алғашында құрғақ жөтеліп, кейін жөтелі күшйе түседі, біраздан кейін біртіндеп басылады. Бұл» жедел - өтпелі бронхит. Ал обструктивті бронхит кезінде жөтел ұстамасы «ысқырып» естіледі. Баланы дәрігерге көрсетіп, тиісті ем алу керек. Әйтпесе жиі қайталаған бронхит соңы астмаға айналып кетуі мүмкін. Бұл кезде баланы өз бетімен емдеуден абайлау керек, дәрігерге көрсеткен жөн, ол дұрыс диагноз қойып, тиісті ем қолданады.
6. Құлаққа инфекция түсуі де сәбилерде жиі кездеседі. Бала тынышсызданып, жылауық болып кетсе, құлағын ұстағанда жылауын үдетіп, оған қарсылық білдірсе, онда оның құлағына инфекция түскен болуы мүмкін. Сондай - ақ бұл кезде сәбидің дене қызуы көтеріледі. Мұндайда оны тез арада дәрігерге көрсету керек. Ортаңғы құлақ қабынуы дұрыс емделмей, қайталана берсе, ол баланың нашар естуіне апарып соғады. Жалпы, баланың құлағын құрғақ кезде ұстау керек, сабынмен жуған дұрыс емес. Ал ауырған кезде тіпті шомылдыруға да болмайды. Дәрігерге көрсетіп, тиісті ем қабылдау керек.
7. Менингит те қыс кезінде жиі кездеседі. Ол ми мен жұлын қабықшаларының қабынуынан туындайды. Оған паротит те (құлақ түбі безінің қабынуы) себеп бола алады, ол вирустық менингит деп аталады. Бұл жиі кездеседі, аурудың жеңілдеу түрі, дегенмен бұл кезде ауруханада емделу керек болады. Ал менингиттің бактериялық түрі (менингококк, пневмококк, т. б. микробтар әсерінен болатын) қауіпті. Дер кезінде, әрі дұрыс емделмесе, ол ауыр жағдайларға соқтыруы мүмкін. Менингит жұққасын 2 - 10 күн аралығында блінеді. Алғақы белгілері суықтан ауырған кездегідей болады. Сосын ол күшейе түседі, науқастың дене қызуы қатты көтеріледі, кенеттен лоқсып, құсуы жиілейді, басы қатты ауырады. Сосын науқасты ұйқышылдық басады, ол естен тануы мүмкін. Сондықтан, кейде жанталаса қимылдайды, жарықты тым нәзік сезетін болады, көңіл - күйі жиі құбылады. Мұндайда уақыт өткізіп алмай баланы тез арада дәрігерге көрсеткен абзал.
8. Безгек, бұл – науқас бала дене қызуының 37, 5 градустан жоғары көтерілуі. Бұған ұрындырмас үшін баланы маусымға, ауа райына сай жылы киіндіру керек. Жалпы, бала суықтап ауырғанда, жоғарыда аталғандай аурулардың біріне тап болғанда оны өз бетімен емдеуден абайлау керек. Ең дұрысы, дәрігерге көрсетіп, тиісті ем қабылдаған абзал. Бала денсаулығына немқұрайды қарамаңыз, оған қамқор болыңыз!

Халық емі: Бас ауырса...
Бас ауруының себебі көп. Мысалы, жақпайтын тамақ ішсе де бас шыдатпай ауырады. Мұндайда асқазанды тазартса жетіп жатыр. Көзілдіріктің сай келмеуінен
Лимонның сөлі тамақ ауруынан сақтайды
Бәз біреудің қызы баспа (ангина) ауруымен жиі ауырады. Бір жасқа толмаған шағында балмұздақ жеп, тамағы қатты суықтағаны бар.
Дені сау адамның көңілі орнықты
Ауа райы суыта бастағанда айналаңда мұрны бырқырап, пысқырып - түшкірген адамды көргенде қандай ой келеді?
Жазда неден сақтану керек?
Жаз маусымы – адам ағзасы үшін көптеген жайлылықтар әкелетін мезгіл. Десек те кей жағдайда жайсыздықтарға да ұрындыратын кездері бар.
Халық емі: Тұмау кезінде аспирин ішкен қауіпті
Қара күз бен қыс айларында, ерте көктемде адамдарды жиі әбіржітетін аурудың бірі – тұмау. Ежелден келе жатқан бұл ауруды зерттеу, оған қарсы вакцина
Аяқтың салмағы артқаны қауіпті
Кейде адамдардың аяғым зілдей болып кетті деп мазасызданатыны бар. Бұл әсіресе әйелдерде жиі кездеседі. Әдетте ол вена қан тамырларының кеңеюінен деп