ойын сауық отауы
Уақытыңды басқар: Уақыт хақында түйін сөз
27.11.2023 174 0 Admin

Уақытыңды басқар: Уақыт хақында түйін сөз

Жалпы кеңес
Уақытыңды басқар: Уақыт хақында түйін сөз
Жетістікке жету үшін өз уақытыңыз бен қабілетіңізді басқаша қолдануыңызға тура келеді. Уақытыңызды сондай дәрежеде тиімді пайдаланыңыз. Тіпті «Ертең өлесің!» деген хабар жетсе де, күнделікті іс - амалдарыңызға ештеңе алып - қосудың қажеттілігі сезілмейтіндей болсын!
Уақытты барынша тиімді өткізу үшін, ең алдымен, «ерік - жігер» қуатын ең жақсы түрде қолдана білу керек. Өйткені адамның бойындағы ерік - жігер өзге рухани қуаттардан эоғары болады. Ерік - жігер қуатының әрекетке көшуі үшін өз білгендерін амалға асыратындай «тірі» иман керек. Сонымен қатар уақыттың ең лайықты түрде пайдаға асуы көңілдерде орныққан Алланы тану мен жауапкершілік сезіміне байланысты.
«Ақылды адам өз - өзін қолға алуды қалайды, ал бала тәттіні қалайды».
Руми
«Нағыз ақылды – әрдайым өз - өзін есепке тарта отырып, ізгі амалдар жасап, өлімнен кейінгі өмірге қамданған адам. Ал нағыз бейшара – тойымсыз нәпсінің қалауына ерік беріп, соған қарамастан (о дүниеде ізгілермен ьірге болармын деп) Алланың мейірімінен үміт еткен адам» деген хадисте сипатталған ақылды адамның ісіне сай әрекет етуге ұмтылу керек. Нәпсінің өткінші қалауы үшін асыл мұратымыз бен мақсатымызды пида етпеу қажет.
Барлығы да адамның өзіне байланысты. Өз уақытын тиімді түрде қолданып - қолданбауды шешетін оның өзі ғана.
«Ауру қалса да, әдет қалмайды» деп өз - өзімізге тосқауыл қоймай, 21 күнде жаңа әдет қалыптастыруға болатындығын білуіміз өажет. Абайдың «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды кісінің тілін кесер едім» дегеніндей, түзелуге тырысу керек. Ал әдетті өзгерту – мінезді өзгертуге қарағанда анағұрлым жеңіл тапсырма.
Сондықтан өзгеріңіз, дамыңыз, алға ұмтылыңыз, ешқашан тоқтап қалмаңыз. Әлемді өзгертуге болады, тек алғашқы қадамды бүгін жасаңыз. Бәрі де мүмкін. Себебі «қалауын тапса – қар жанар».
Сағат қолданыңыз. Сағатты тек қолыңызда жүретін әшекей ретінде қолданбаңыз. Сағат сізге уақытыңыздың жылжып, өміріңіздің өтіп, өлімнің жақындап келе жатқанын еске салатын әрбір секунд сайын есігіңізді қағатын хабаршы ретінде болсын.
Уақыт – кез келген жетістіктің ажырамас бөлігі. Қандай іс атқарсаңыз да оған уақыт қажет болады. Өмірдің қандай да бір рақатын сезіну үшін де уақыт керек.
Сізге де Пайғамбарымызға, сахабаларға, ұлы ғұламаларға, әйгілі адамдарға берілгендей бірдей мөлшерде уақыт сыйға тартылды.
Ары қарай ерік - жәгер атты құралымызды қолдану арқылы өзіміздің өміріміз бен уақытымызды қолға алу – өз мойынымыздағы жауапкершілік.
«Уақыт зымырауда – бұл жағымсыз жаңалық. Алайда өз уақытыңыздың ұшқышы сіз екендігіңіз – жақсы жаңалық».
Майкл Альшулер 

жиған - терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Неліктен түнгі құлшылыққа мән берілген? Неліктен түнгі құлшылыққа мән берілген?
Түнгі уақытқа қатысты аяттар күндізгі уақытқа қатысты аяттардан саны жағынан әлдеқайда көп: «ләйл», яғни түн сөзі 92 рет, «нәһәр», яғни күндіз сөзі
Уақытыңды басқар: Ислам және уақыт Уақытыңды басқар: Ислам және уақыт
«Ғасырға (уақиғаларға толы заманға, әсіресе, ақырғы бөлігіне) серт! Шынында, адам баласы (уақытын пайдалану тұрғысынан) зиян ішінде».
Арадағы бос уақыттарды тиімді өткізу Арадағы бос уақыттарды тиімді өткізу
Ғалымдардың «Аср» сүресіне байланысты түсініктемелерінен уақытты жоспарлауда ең пайдалы істі таңдау қажеттігін, әрдайым аса пайдалысын іздеуге
44 - қадам: уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. тіпті әр минутыңызды пайдалы нәрсеге жұмсаңыз 44 - қадам: уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз.
Уақытты дұрыс пайдалану – бұл өмірді дұрыс пайдалану. Уақыт – сіздегі үлкен байлықтың бірі. Оны еш нәрсемен айырбастап, сатып та ала алмайсыз. Сол
Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі
Уақытты ұрлаушы үшінші жайт – жоспарланған не жоспарсыз жиналыстар. Дұрыс жоспарланбаған әрі сапалы түрде дайындық жасалмаған жиналыстар адамның өте
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×