ойын сауық отауы
Пәлсапа пернелері: Кун - Фу Цзы
24.11.2024 53 0 Admin

Пәлсапа пернелері: Кун - Фу Цзы

Жалпы кеңес
Пәлсапа пернелері: Кун - Фу Цзы
(б. д. д. 551 ж. 28 қыркүйек, Цуйфу – 479 ж. сонда)
Ежелгі қытай ойшылы. Кедейленген ақсүйек әскербасы отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айырылған ол тек он бес жасында ғана білімге құштарлық танытады, ал елу жасында өз мектебін қалыптастырады.
Конфуцийшылдық б. д. д. І ғсырда мемлекеттік ілімге, ал ІХ ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.
Философиялық афоризмдері:
Басқаруды есім сөздерді түзетуден бастау керек... Сөз дұрыс жазылмаса, оның негізі жоғалады. Негізі болмаса, онда істеген ісіміз де жүзеге аспайды.
* * *
Қармағында мыңдаған әскери арба - жабдықтары бар мемлекетті басқаруда ықыласты мейлінше осы іс - әрекетке шоғырлат та, (халықтың) сенімін ақта; шығысты үнемдей біл және адамдарды аяғын, халықты тиісті кезде пайдалан.
* * *
Жас бүлдіршіндер үйде ата - аналарын құрметтеуі тиіс, түзде – үлкендерді сыйлауы, іс - әрекетте – сақ болуы, сөзінде – әділ, адамдарды шексіз сүюі, сөйтіп осылайша орындағандардың ынта - ықыласы басылмаса, оны вэнь – мәдениетті оқуға жұмсауы қажет - ақ.
* * *
Егер бекзат кісі өзін салмақты ұстамаса, беделін пайдалана алмаса, онда оның білімдарлығы терең емес. сенімділікке және адалдыққа ұмтыл; өзіңмен тең емеспен достаспа; қателіктерді жөндеуден тартынба.
* * *
Адамдар сені біле бермеді деп, қайғырма. Өзің адамдарды білмейтіңіне ренжі.
* * *
Кімде - кім ескіні қайталай, одан жаңаны таба алса, ол жетекші болуға лайық.
* * *
Ата - бабаларың еместердің рухына құрбандық шалу – жарамсақтық. Өз борышыңды өтердегі әрекетсіздік – қорқақтық.
* * *
Адамды сүймейтін – адам! Мұнда қандай рәсім - салт ұстанбақ? Адамды сүймейтін адамда қандай ән мен сән болмақ?
* * *
Садақтың жебесін атқанда теріні тесіп өткізу – басты шарт емес. адамдардың күші бірдей емес қой. Бұрынғы аталар жолының ұқтырары осы.
* * *
Адамсүйгіштікке берілген, зұлымдық жасауға ермеген.
* * *
Жеке басының қамынан туындаған қимыл - әрекет күшті наразылық тудырады.
* * *
Бекзат қайраткер тек әділеттікті ойлайды, ұсақ пенде пайданы ғана ойлайды.
* * *
Дәмсіз тамақты жеу, су ішу, шынтақтап бүктеле ұйықтау – мұның бәрі де қанағаттанарлық күй. Маған тер төкпеген байлық пен атақ өтпелі бұлт сияқты.
* * *
Халықты күштеп жұмыс істетуге болады, бірақ не үшін істеліп жатқанын күштеп түсіндіруге болмас.
* * *
Егер сен оның орнында болмасаң, онда оның басқару ісіне араласпа.
* * *
Оқыған кезде білімді ала алмай қалам ба деп қорық, ал оқуды бітірген соң білгенімді ұмытып қалам ба деп қорық.
* * *
Табиғи қасиеттер адамдарды жақындатады, ал қабылдаған әдеттер – алыстатады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Пәлсапа пернелері: Эмпедокл Акрагантский Пәлсапа пернелері: Эмпедокл Акрагантский
Пәлсапа пернелері: Эмпедокл Акрагантский пәлсапалық айтқан сөздері, афоризмдері
Пәлсапа пернелері: Шан Ян (Гунсунь Ян) Пәлсапа пернелері: Шан Ян (Гунсунь Ян)
Әйгілі қытай ойшылы, даосизм және конфуцийшілдік іліміне қайшы келетін философиялық - саяси легизм (фа - цзя, заңгерлер мектебінің) – ілімінің
Көнеден жеткен өсиет: Білге /Мерген/ Көнеден жеткен өсиет: Білге /Мерген/
Алты жасында жетім қалған Білге (Мерген – Могилян) өсе келе әскери дарындылығымен, ақылды ойымен қаймана жұрттың қошеметіне ие болып, түрік - қытай
Күй аңызы: Зар қосбасар Күй аңызы: Зар қосбасар
Күйші Мәді Шәутиев 1928 жылдары көзден айырылған шағында, әкесі Шалқы мен анасы Маржанға осы күйді арнайды. Ерте қайтқан әкесі мен шешесіне өз
Құдайтану баяны: Аристотель Құдайтану баяны: Аристотель
Платон ғаламның құрылымы рационалды деп есептеді және осы арқылы келесі бір мифті, яғни әлем туралы болжам айтатын концепцияны дүниеге әкелді.
Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады
ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі өзіне өзі қол салуға бейім адамдарды жасанды ақыл - ой арқылы анықтайтын болады, деп хабарлайды Риа Новости
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×