ойын сауық отауы
Жеті шелпек шарапаты
06.06.2017 7 912 0 Дауыл

Жеті шелпек шарапаты

Бұл қызықты
Жеті шелпек шарапаты...

Баяғыда бір жолаушы келе жатып, жолдан сандық тауып алады. Ашып қараса алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде, ол үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді.
– Ей, бейшара не тапсаң да, өз сорыңнан көр. Сандықта жатып мың жыл бойына: «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын» деп тіледім. Ешкім құтқармады. Бүгін: «Кім де кім енді құтқаратын болса, соны жұтып өлтіремін», – деп серт бердім. Сен кезіктің. Енді сертімді орындаймын, – дейді. Жолаушы шыр - пыр болып, «сені құтқардым, жібере гөр» деп қанша жалынса да жылан көнбейді. Кенет жолаушы алыста келе жатқан отыз адамды көзі шалып қалады.
Қуанған жолаушы олардан араша сұрайды. Олар жыланнан қорқып:
– Бұл жылан алып екен. Бұған шамамыз жетпес, – деп қолды бір сілтеп кетіп қалады.
Жылан жолаушыға жақындай түседі. Бейбақ:
– Өлген жерім осы болды ғой, – дей бергенде тағы да бес кісінің сұлбасы көреді.
Жолаушы құтқар деп оларға жалынады.
– Отыздың шамасы жетпегенде, бізден не күтесің? – деп олар да кетіп қалады.
Жылан төне түседі. Бейбақ иманын үйіреді. Сол кезде бір кішкентай бала келе қалады.
– Ей, жылан, мына бейбақтың не жазығы бар? – деп сұрайды. Жылан мән - жайды баяндап:
– Отыздан қайыр, бес жаннан пайда болмағанда сен не істей аласың? Жолыңнан қалма, – дейді. Бала:
– Ей, жылан, жазықсыз жанға жала жаппа. Өтірігіңе сенбеймін. Айтқаның рас болса мына денеңмен, кішкене сандыққа қалай сыйдың? Көз көрмей, көңіл сенбейді, – дейді. Жылан бұрқан - талқан ашуланып:
– Сандықтан қалай шықсам, солай сыйып та кетемін, қарап көз жеткіз, – дейді де, түтінге айналып жоғары көтеріліп, сандыққа кіріп кетеді. Бала сандықты «тарс» жауып, аузын бекітеді. Сосын жолаушыға:
– Жыланның құтылдың. Енді жолыңнан қалма, – дейді. Жолаушы қуанып:
– Айлаңды асырдың, батыр. Қарыздармын. Жөніңді айт, кімсің? – дейді. Сонда бала:
«Бұл жылан - орынсыз айтқан өз сөзің. „Он бәленің тоғызы тілден“ деген. Орынсыз сөз иесін қабады. Ақылды адам тілін буады. Отыз кісі - ұстамаған оразаң, бес кісі - қаза қылған бес уақыт намазың. Құлшылыққа салғырт қарадың. Олардан қайран болмады. Бірақ, сен жұма сайын жеті шелпек пісіріп, кедей - кепшіктерге садақа беретін едің. Алла сенің осы қасиетіңді жақсы көретін. Мен – өзің пісіріп таратқан сол шелпекпін. Сені құтқаруға Құдай арнайы жіберді, – депті.
Осыдан бастап ел ішінде жеті шелпек жеті бәлені жояды. Жеті шелпек пісірсең, жеті атаңа сауабы тиеді деген ұғым, түсінік қалыпты.

Таңғы асты тастама Таңғы асты тастама
Бірде Жақып пайғамбар таңертең жолға шықпақ болады. Бәйбіше: – Мына таңғы асты ішіп кет, шайды дайындап қойдым, – дейді. Жақып: – Жолдан қаламын, –
Қолды жуған соң сілкіме Қолды жуған соң сілкіме
Бірде Ғайса пайғамбар жолаушылап келе жатып Ібілісті көреді. Ібіліс ізіне жүздеген ұрпағын ертіп алып, сап болып кетіп бара жатыр екен. Ғайса: – Әй,
Барлығы ниетке байланысты... Барлығы ниетке байланысты...
Бір кісі пойызға асығып жүгіріп келе жатады. Енді жақындай бергенде пойыз қозғала бастайды. Әлгі адам әрең дегенде үлгеріп, қолын созып тұтқадан
Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Орман патшасы Орман патшасы
Қараңғы салқын түнде кім Аяңдамай, желеді? Жанында жас ұлы бар, Жолаушы жортып келеді.
Қожанасыр Қожанасыр
Қожанасыр – қазақ фольклорының ең сүйікті кейіпкерлерінің бірі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×