ойын сауық отауы
Уақытыңды басқар: Ұнамсыз ұйқы
27.10.2023 828 0 Admin

Уақытыңды басқар: Ұнамсыз ұйқы

Пайдалы кеңестер
Уақытыңды басқар: Ұнамсыз ұйқы
Таң атқан соң күн найза бойы көтерілгенше ұйықтаудың сергектікке, ас қорыту, жүрек пен жүйке жұмысына және басқа да денсаулыққа кері әсерлері бар. Бұл – дүние және ақырет ісінен шалғытатын ұйқы. Сонымен қатар күнмен таласып ұйықтаудың зияны эайлы да ескертілген. Ғалым сахаба Абдулла ибн Аббастың (р. а.) баласының таңертең ұйықтап жатқанын көріп «Тұр, ризық - несібе бөліп беріліп жатқан уақытта ұйықтағаның не?!» деуі Алла Елшісінің таңғы уақыттың берекеге себеп болатынын айтып, дұға еткендігін білгеніне орай ескертуі екенін көре аламыз.
«Екінтіден кейін ұйықтап, мазасыздық сезген адам өзінен көрсін» деген хадиске қарағанда екінтінің соңғы уақытынан ақшам намазына дейін күн батуға бет алған шақта ұйықтаудың да ұнамсыз екендігін байқаймыз. Бұл уақытта ұйықтаған жан оянған кезінде не болып жатқанын, күннің қай уақыты екенін ұғына алмай, дел - сал болып тұрады. Қазақ халқы да осындай хадистерден тәлім ала отырып, «бейуақта ұйықтама» деп бұл уақытта ұйықтаудан тыйған.
Сонымен, күн шығып жатқанда және батып жатқанда ұйықтау – зиянды әрі табиғатына жат, ұйықтап тұрған адамды мең - зең қылатын жағымсыз құпталмаған ұйқының түрі.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Уақытыңды басқар: Қайлулә ұйқысы Уақытыңды басқар: Қайлулә ұйқысы
Күндіз Пайғамбарымыз (с. а. с.) ұйықтап алатындығын бұған дейін айтып өттік. Қайлулә – күн тал түстен ауысқан шақ. Қайлулә ұйқысының пайдасы мен
Уақытыңды басқар: Түнгі ұйқы Уақытыңды басқар: Түнгі ұйқы
Пайғамбар (с. а. с.) түннің бірінші бөлігінде құптан намазынан кейін ұйықтаушы еді. Құптаннан бұрын ұйықтағанды ұнатпайтын.
Түнгі және күндізгі ұйқылар Түнгі және күндізгі ұйқылар
Бұған дейін келтірілген аятта демалудың жолы ұйқы екендігі көрсетілгенімен, ұйқының уақыты айтылмайды.
Уақытыңды басқар: Намаздың мәкрүһ уақыттары Уақытыңды басқар: Намаздың мәкрүһ уақыттары
Парыз намаздар үшін мұстахап уақыттар болғанындай, жалпы намаз оқудың мәкрүһ уақыттары да бар. Бұлар екіге бөлінеді. Біреуінде ешқандай намаз оқуға
Уақытыңды басқар: Намаз уақыттарының сыры Уақытыңды басқар: Намаз уақыттарының сыры
Бесін уақыты болса, күндіздің толықсып кемелденіп, енді бір сәтке біртіндеп күннің екінші жартысына ауа бастаған кез.
Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты
Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен басқа ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте: «Таң намазынан бұрын және таң намазы кірген кезде, таң
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×