ойын сауық отауы
Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар (жалғасы)
22.10.2021 606 0 Admin

Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар (жалғасы)

Салт-дәстүр
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Тыйымдар
  • Сатылған немесе сыйлаған малды еске алып, қайғырса, сол жақта өліп қалуы мүмкін.
  • Мал туралы сөз болғанда, «Не бағып жүрсің?», «Не айдап жүрсің?», «Не сауып жүрсің?» деп сұрамайды – иесі өкпелейді.
  • Малшы мал баққанда ұстайтын таяғын бөтен біреуге бермегені жөн. Өйткені шопанның таяғы киелі болып есептеледі. Ол жын - шайтанды малдан аластайды.
  • Малды ит - құстан, жын - шайтаннан сақтау үшін күн батқаннан кейін қорадан шығармайды.
  • Жаңа ай туғанда қойға қошқар жіберсе, иесі өкпелейді.
  • Қойларға қошқар жіберіп жатқанда ұрсысуға, қамшы өруге болмайды. Қойдың құты қашады.
  • Он екі мүшесінің бірі кем адам қойға қошқар жіберуіне болмайды. Қозылар сондай болып тууы мүмкін.
  • Малдың сүйегін аяққа баспайды, жерге көміп тастайды.
  • Қойдың мүйізін, жүнін өртесе, қорадағы қойдың сүйегі сырқырайды.
  • Малды аяқпен тебуге, ал атты бастан ауыздықпен ұруға болмайды. Иесі өкпелейді.
  • Малға «кет!» деп дауыс көтеріп зекімейді.
  • Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді. Малдың берекесі кетеді.
  • Қой қоздап жатқанда малды сатпайды, біреуге сыйламайды. Малдың құты қашады.
  • Түйені таяқпен ұрып айдамайды, жетекке алады.
  • Мал табынының алдынан немесе қой отарының арасынан бойлап өтсе, иесі өкпелейді.
  • Малдың кемшілігін айтып сөйлесе, мал ауырады немесе сүт бермейді.
  • Мал қорада дәрет сындырса, малдың желіні іседі, сүті қайтады.
  • Малдың сүйегін отқа салса, қорада байлаулы тұрған малдың сүйегі сырқырайды, жылқы малы шошымалы болады.
  • Тірі малға көрсетіп мал сойса, сауын малы сүтінен айырылады.
  • Жылқының жусауын, қотандағы қойдың тынысын, малдың өрісін бұзса, иесі өкпелейді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Буаз малды төлдер алдында, өрістен қайтқанда, өріске айдарда қуаласа, өз мерзімінен бұрын төлдеуі мүмкін. Мұны «іш тастау» дейді. Мал қораның
Үй тұрмысына қатысты тыйымдар мен ырымдар Үй тұрмысына қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киіз үйге кіргізілген отынның артығын шығарып тастамайды. Өйткені бұл – үйден өлік шығады деген ырым. Қазақтың киіз үйінде бір жағдайда ғана – үйде
Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Мал айдап бара жатқан адам кездескенде «айдар көбейсін!» дейді, ал малшыға «бағар көбейсін!» деген тілек білдіреді. Жас ботаны бірден көзге
Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Төрт - түлікке қатысты ырым - тыйымдар Төрт - түлікке қатысты ырым - тыйымдар
Малды теппе құлындайды биесі, Тәубе қылар үй иесі, малдың бар ғой киесі. Пенделердің сөккенін, мал жібермес теп - тегін. Айуанды тепкенің – ырысыңды
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×