ойын сауық отауы
Он алтыншы сын. Бағдәулет Батырбекұлының үлгісі
03.04.2023 353 0 Admin

Он алтыншы сын. Бағдәулет Батырбекұлының үлгісі

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Он алтыншы сын. Бағдәулет Батырбекұлының үлгісі
Жүйрік жылқы майы аз, қара етті болады. Майын ішіне жинайтын жылқының белгісі – дене бітімі ашаң, жүні жылтыр болады. Мұндай жылқылар алағызған, сергек, әдемі келеді.
Жүйріктің дене бітімі: жуан бел, сауырлы, қабырғалы көмпіс келеді. Құлан тұяқ жылқы нағыз жүйрік болады. Оның тұяғы жұмыр, тау - тасқа жүруге қолайлы, тағасыз мінсе де тасырқамайды.
Қазтабан жүйріктің тұяғы өскіш, табаны жалпақ, көгалды саздауыт жерде жақсы шабады. Бұндай жүйріктерді тасты жерде жарыстырғанда жеңіл тағаламаса болмайды.
Жүйріктің жал - құйрығы үлпілдек жұмсақ болады. Құлан жал жүйріктер де кездеседі. Олардың белгісі – жал - құйрығы шалаң, келте келеді.
Бұйра жал жүйріктің – жал - құйрығы бұйраланып өзіне жарасым тауып тұрады. Жарма жал жүйріктер де бар. Жалы екі жаққа тең бөлініп жатады. Құйрығында ақ қыл аралас жүйрікті «шалқұйрық» дейді.
Қамыс құлақ жылқы жүйрік болады. Салпы құлақ жылқылар көмпіс шабан болады. Қайшы құлақ жүйріктер өте сезгіш, сезімтал болады. Бабы келсе, өрен жүйріктер шығады.
Басы өте үлкен жылқы маубас болады. Мұндай жылқылар сағыз жүрісті, көмпіс, күшті келеді. Бас сүйегін ұстағанда қаттылығы қолға да, көзге де сезіліп тұратын жылқы нағыз жүйрік. Бұндай жылқыларды: «Басында кесім еті жоқ» дейді. Бұл өте сирек кездесетін жүйріктер.
Сиыр құйымшақ жылқыдан жүйрік шықпайды. Белі қысқа жылқы жүйрік болмаса да, күшті болады. Мінезі шадыр жылқының белгісі шошқа қабақ болады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Он төртінші сын. Биқұмар Камалашұлының жазғаны Он төртінші сын. Биқұмар Камалашұлының жазғаны
Жүйрік аттар жаратылыс бітіміне байланысты әртүрлі шабады. Мысалы, кейбір аттар бәйге шығар, шықпадан тура барлық жүйріктен оза шығады да, сол
Оныншы сын. Масығұт Темірбековтің үлгісі Оныншы сын. Масығұт Темірбековтің үлгісі
Аттың сыны туралы Абай ертеректе айтып өткен. Бұл бізге үлкен оқулық, ат таңдауға өлшеміміз. Бәйге аты туралы амаляттық танымдарымызбен сыншыл
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Жүйріктің мұрыны бөкеннің текесінің мұрыныдай кең танаулы болады. Мұны «теке мұрын» немесе «теке тұмсық» деп атайды. Ерні салпы келіп, тістері ұзын
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Жүйріктердің бас бітімі жай аттардың басынан ерекшеленіп тұрады. Қазақ жүйріктері тәует бас болып келеді. Құлағы тік, «қамыс құлақ» болғанда,
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай сыншының үлгісі Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай
Шын жүйрік төсінің астынан адам жүгіріп өткендей кеуделі, омыраулы болады. Мұндай кең кеуделі аттың өкпесі қанша ұзақ шабыс, аламан бәйгеде де
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Бұндай жүйріктің басты белгісі денесі тым үлкен болып келеді. Төрт тұрағы (аяғы) ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы ет -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×