ойын сауық отауы
Он алтыншы сын. Бәлбі Тәкейұлының үлгісі
15.04.2023 322 0 Admin

Он алтыншы сын. Бәлбі Тәкейұлының үлгісі

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Он алтыншы сын. Бәлбі Тәкейұлының үлгісі
Жүйрікті алғаш желіден тануға болады. Болашақта жүйрік шығатын құлын желіде аяқ астын қазып 3 - 4 күн жатпай тұрып алады. Бұндай құлынның желкесін қидырмай, зорықтырмай және сүттен тарықтырмай өсірген дұрыс.
Ал, жүйрік болатын құнанды елпек атпен жетелеп жүріп сынайды. Яғни, жүйрік болатын құнан аттың алды - артын орап қатарласа жүреді.
«Жүйрік болады - ау» деген үмітті жылқыны бесті шыққан соң, тік өрге немесе тік еңіске салып байқайды. Егер тік өр мен тік еңіске бұлғақтамай түсіп - шықса, бұл жақылықтың нышаны.
Жүйрік жылқыны танудың көпшілікке ортақ белгісі – екі алдыңғы аяғын қосып тұсағанда, шашасы мен тұяқ арасынан жұдырық өтіп тұрса, бұл аламанға шабатын жылқының сипаты.
Жүйріктің тағы бір сыны – екі жақ сүйегінің ортасындағы ашыққа түюлі жұдырық жүгіртіп көресіз. Егер үлкен адамның жұдырығы сыйып кетсе, бұл өрен жүйрік, баланың жұдырығы сыйса, орташа жүйрік, ал, сағағы жұдырық сыймайтын тар болса, бұл нашар ат. Яғни, сағағы кең жылқының тынысы тарылмайды, өкпесі үлкен болады.
Жылқының соңғы сүбе қабырғасы орналасқан жер мен мықынының арасы қаншалықты жақын болған сайын жақсы. Өйткені, мықыны тар жылқы еркін көсіле алады.
Өрен шабысты аттың танауында тесіктері болады. Тесік көп болған сайын жылқының тынысы ашылады да, ұзаққа сілтейді. Бұндай жүйріктің алды мен арты бірдей болады.
Қазақ сыншылары бірауыздан бота тірсек жылқыны жүйрік деп таныған. Сондай - ақ, бауыры жазық, кеудесі кең, екі артқы аяғы талтақ, екі көзі отты, құлағы жұқа және тақыр, құйрығы сұйық әрі жіңішке, бақайы тік және қысқа болса, ондай жылқыны жүйріктер қатарына жатқызамыз. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Он алтыншы сын. Бағдәулет Батырбекұлының үлгісі Он алтыншы сын. Бағдәулет Батырбекұлының үлгісі
Жүйрік жылқы майы аз, қара етті болады. Майын ішіне жинайтын жылқының белгісі – дене бітімі ашаң, жүні жылтыр болады. Мұндай жылқылар алағызған,
Он төртінші сын. Биқұмар Камалашұлының жазғаны Он төртінші сын. Биқұмар Камалашұлының жазғаны
Жүйрік аттар жаратылыс бітіміне байланысты әртүрлі шабады. Мысалы, кейбір аттар бәйге шығар, шықпадан тура барлық жүйріктен оза шығады да, сол
Он үшінші сын. Қадыл Айдаубайұлының үлгісі Он үшінші сын. Қадыл Айдаубайұлының үлгісі
Өрен жүйріктер үйірдің ортасында жүргенде әсем болып көрінбейді. Бойын (сынын) жасырып жүреді. Қол - аяғы жуан, арбиған, олпы - солпы, алқам - салқам
Атбегілік арналары: Тай - құлынның сыны Атбегілік арналары: Тай - құлынның сыны
Жүйрік құлын тумай жүйрік ат болмайтыны түсінікті қағида. Қазақта «ат тұяғын тай басар» немесе «өзіңнен құлын тумай атқа жарымайсың» дейтін қанатты
Атбегілік арналары: Тай - құлынның сыны Атбегілік арналары: Тай - құлынның сыны
Жүйрік құлын тумай жүйрік ат болмайтыны түсінікті қағида. Қазақта «ат тұяғын тай басар» немесе «өзіңнен құлын тумай атқа жарымайсың» дейтін қанатты
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай сыншының үлгісі Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай
Шын жүйрік төсінің астынан адам жүгіріп өткендей кеуделі, омыраулы болады. Мұндай кең кеуделі аттың өкпесі қанша ұзақ шабыс, аламан бәйгеде де
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×