Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген....

Түсінбеймін
Біле алмаймын, білмеймін, түсінбеймін, (Түсінбесең, түсінбе, түсін мейлің) Қуанып көктен ырыс құйды екен деп, Қолымнан тостағымды түсірмеймін....

Несіне ойланасың
Несіне ойланасың, Несіне қиналасың, Қайтесің, Бір жылы сөз қимағасын? Атаң қазақ ескерткен әлдеқашан, Ешкімде сыйламайды сыйламасаң!...

Халқыма хат
Сыйың мен құрметіңе қарамай - ақ, Ауылыңнан аттанып ем жалаң - аяқ. Ақсақал, ақ емшегің болғанымен, Өсіп ем ақымақты итке баламай - ақ....

Күрсінбеші
Тағдырыма тура келген серігім, Мен бейбаққа сыйлады екен сені кім?! Шар басымда, шаңырағым, сен тұрсың. Басқалардың барлығынан жерідім....

He жетпейді?
- He жетпейді? Құлпырған маңайың гүл,- деп маған, Ырза болмай, ағайын жүр. Жаным барда, бойымда қаным барда, Жырымнан жан ашуын алайын бір....

Біреулерді мерт қылып аламын деп
Біреулерді мерт қылып аламын деп, Ашуыма ауыздық саламын кеп. Тентек іні бетіме тік қараса, Жасқанамын жандай - ақ залалым көп....

Өткінші жаңбыр
Өткінші жаңбыр өрекпіл барып өткенде, Үздік те создық тырнаның үні жеткенде, Киіз үйлерге қараймын - дағы бөктерде, Ырза боламын осы бір ырғын көктемге....

Өтініш
Ескі көздер бара жатыр азайып, (Олар жайлы ойламаудың өзі айып). Ей, тірілер! Соларды бір еске алып, Тебіренейік, толғанайық, жазайық!...

Өмірімді несіне жек көремін
Өмірімді несіне жек көремін, Ауыр - жеңіл болса да өткеремін. Өмір қашып барады құсқа мініп, Мен артынан жетем бе деп келемін....
