Ленский сөзінен
Барасың қайда, қайда болмай маған, Жас өмір алтын - күміс жарқылдаған. Келер күн келеді екен не дайындап, Қараңғы, қарағанмен болжай алман?...

Көңілдің күйі тағы да
Көңілдің күйі тағы да Өмірсіз жанның алды ішін. Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын....

Күнді уақыт итеріп
Күнді уақыт итеріп Көк жиектен асырса, Көлеңке басын көтеріп, Алысты көзден жасырса...

Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға
Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға, Алла асыраған пендесі аш бола ма? Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар боларсың баспанаға....

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы
Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы, Теңіздің түбіндей - ақ қарап бақшы. Сол жүректен жылылық, достық пенен Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы....

Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз
Жолға шықтым бір жым - жырт түнде жалғыз, Тастақ жол жарқырайды буға амалсыз. Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп, Сөйлесіп ымдасқандай көкте жұлдыз....

Жартас
Қонады бір күн жас бұлт Жартастың төсін құшақтап. Жөнелді ертең, қалды ұмыт, Көк жүзіне ойнақтап....

Жалау
Жалғыз жалау жалтылдап Тұманды теңіз өрінде. Жат жерде жүр не тындап? Несі бар туған жерінде?...

Есек пен бұлбұл
Тойған есек шөпті оттап маңайдағы Сонырқап шатқа кетті қай - қайдағы. Тентіреп өлкені өрлеп келе жатып, Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы....
