ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Жамандық пен жақсылық адамдардың қанына емес, жанына ұя салған ғой
23.03.2022 895 0 Admin

Кітап үзіндісі: Жамандық пен жақсылық адамдардың қанына емес, жанына ұя салған

Әдебиет
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Біреудің наласына қалу деген нені білдіреді? Бұл дегеніміз - артынан жамандау, ол туралы өсек - аяң тарату, сынап - мінеу, кемшілігін, қателігін бетіне баса беру, жұрт көзінше мазаққа айналдыру, сырын жалпыға мәлім ету, сөзбен шағу, аяғынан шалып қалуға тырысу, басып - жаншу, достың кейпіне ене отырып, жамандық тілеу, ор қазу.
Егер де сіздің де осылардың біріне қатысыңыз болса, кілт тоқтаңыз! Алланың қаhарына ұшырамаңыз! Өзіңізді бақытсыздыққа душар етпеңіз. Жаратқанның мейірімі шексіз. Бақытты да бай - қуатты атану мәртебесі сізге бұйыруы әбден мүмкін. Ақымақ қылықтармен өзіңізді құзға итермеңіз. Дәл қазір "адалдықтан айнымаймын, аузымды былғамаймын" деп уәде етіңіз! Ертең жолыңыз ашылып кетсе, таңғалмаңыз оған...
Мәрзия Бекайдар "Қисық қабырға"
Уақыт өтіп барады, тындырған түгі жоқ. Мәселен, кеше түстен бүгінгі түске дейінгі бір тәулік ішінде не бітірдің? Жарайды, уақа емес, емтиханнан соң шаршаған шығарсың. Ал сонда бос кеткен күнің осы ғана ма? Мұндай күннің талайы кетіп жатқан жоқ па... Қор боп, жылап кетіп жатқан жоқ па... Өстіп кете бермек пе? Сонда отызға келгенде, қырыққа келгенде кім боласың? Елуге не бетіңмен жетесің? Елуге жете қойсаң жақсы, үлесіңе берілген өмір өлшеулі, одан әлдеқайда аз болса қайтпексің? Тағдырдың пешенеңе жазған еншісі қарашы жұрттан өзгеше болса, өзгеше екеніне сенімді болсаң неге еңбек етпейсің, неге жан қинап терлемейсің? Бар ойы — қарын қамынан аспаған қаса наданнан не айырмаң бар?
Мұхтар Мағауин "Көк мұнар"
— Бірақ сен оқуың керек! Оны біліп қой! — деді Шеген.
— Оқымаған бала оқыған балаға жолдас бола алмай ма? — деп, жәбірленгенімді білдіргім келіп бір тұрдым да, бата алмадым. Сұрай алмадым.
Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"
Жамандық пен жақсылық адамдардың қанына емес, жанына ұя салған ғой. Неғұрлым байыған, тұрмысы түзелген сайын тəубесін ұмытқыш келеді. Екі аяғым бар болса, мен де үйіме қондырмас па едім, қайтер едім, а, Маша?!
Оралхан Бөкей "Қар қызы"
- Адам неге азып барады? Рухани тұрғыдағы азғындыққа жоламай - ақ қой, өзгесін айтшы... Неге біз аурушаң, әлжуаз боп кеттік? Неге ауру – сырқау, жұқпалы дерт, індет жайлағыш? Неге кемтар нәрестелер көбейді?
- Енді оның себебі көп қой, экологиялық ахуал қиындады...,- деп білгенімді айтпаққа оқтала бергенімде, «Былжырақ», - деп қолын бір сермеді.
- Білмейсің! Көзің ашық болғанмен мұрныңның астында сүңгідей болып қатып тұрған қаспақты көрмейсің.
- Білсең айтшы қане көреген данышпаным, - деп мен қитығып қалдым.
- Біле білсең, осының бәріне ғылым, оның ішіндегі медицина ғылымы кінәлі...
- Қалай?
- Қалай болса - солай. Алдымен мына сұрағыма жауап бер, сенің әжең қанша құрсақ көтерген?
- Жетеу
- Соның қаншасы адам болып кетті?
- Төртеуі, тұңғышы бір жасында шетінеген, одан кейінгі екі ұлы туа салып кетіпті.
- Міне, көрдің бе? Сол замандағы адамдардың барлығынан сұра сенбесең, кемінде бір – екі баласын жерге берген. Өйткені бұрынғы адамдар бала күнінде табиғи сұрыптаудан өтетін. Ана құрсағында жақсы жетілген, өмір сүруге қабілетті сәбилер ғана аман қалатын. Әлжуаздар туа салып шетінеп кететін немесе бертінде түрлі ауруларға төтеп бере алмай қыршынынан қиылады.
- Түсінбедім ойыңды, не айтқың келіп отыр?
- Сөзімді бөлмей тыңда! Қазіргі медицина өлейін деп жатқан шақалақты тірілтіп алады. Әлжуазды дәрі – дәрмек салып, әйтүп - бүйтіп адам қыламыз. Содан тұқым аламыз. Әлжуаздан дімкәс туады, дімкәстан көксау, көксаудан ауру, ал аурудан кемтар туады.
- Суворов шала туған, Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков шала туған,
деп ойыма түскен шалатуғандарды тізбелей бастап едім орнынан атып тұрды.
- Сен мыңнан бірін айтып отырсың, - деді бәсең үнмен. Негізінде солай, адамзат азбауы үшін тек мықтылардан тұқым тарату керек. Айналайын – ау, қораңдағы қойға да қошқар сайлағанда кәтегінен емес, ірісінен таңдайсың ғой қозылары кесек болсын деп... Бұл да – сондай селекция. Қазіргі түрлі ауру – сырқау тұрмақ ырбиған - тырбиған жігіттердің пайда болуы, қызтекелердің қаптауының түп негізі соған барып тіреледі.
Есболат Айдабосын "Тибет аруы"
Демек, махаббаттың да биігі бар, төмені бар, тек, өтірігі жоқ. Өтірік өмір сүруге де болмайды, біреуді өтірік сүюге де болмайды. Тіпті, біреуді арам мақсатпен айналдырып тұрсаң да сезімің кәдімгі шын сезім болады. Ал енді әр адамның басында махаббаттың бір рет пе, екі рет пе, қанша рет болатынын кесіп айту қиын. Оның біреу екенін айтып атақтылар мен даңқтылар құлаққа әбден сіңіріп кеткен, сондықтан ол қағидаға қарсы шығу кімге де болса абырой әпермейді. Ол қылығың «мен біреудің бірден - бір махаббатымын» деп сеніп, сол сезімнің рақатын көріп жүрген әйел қауымына да оспадар көрінеді. Егер бұл жайында міндетті түрде бір пікір айту керек болып жатса, тіке айта салмай, әуелі өз махаббатыңның бүкіл тарихын айтып біткен соң барып бірдеме деген дұрыс. Содан оңдысы жоқ.
Бексұлтан Нұржекеев "Бір ғана махаббат"
"Егер жас кезінде сүйген қызың, өзінің сұлулығын сақтай білсе, оған деген махаббатың қояншық ауру секілді, көрген сайын бүкіл жан сезіміңді билеп әкетеді" деген сөзді оқығаным бар бір кітапта. 
Ілияс Есенберлин "Алтын құс"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Кітап үзіндісі: Өмір — талас, кім күшті — сол
Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Адам баласының таласы бетпақ дүниеде алма - кезек түсіп осылай өтіп жатады. Еш уақытта да
Кітап үзіндісі: Өмірдің мәні беруде! Кітап үзіндісі: Өмірдің мәні беруде!
Қолыңызда бармен бөлісуге тырысыңыз. Бөліскен сайын байи түсесіз. Өмірдің мәні беруде! Данияр Жігітбек "26 жылда қалыптасқан 26 қағида"
Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында да, бар екен! Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында
Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тартқандар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл - кеңірдек боп айтысып жататын.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×