ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Өмірдің мәні беруде!
03.02.2022 717 0 Admin

Кітап үзіндісі: Өмірдің мәні беруде!

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Кімнің азған заманның адамы болғысы келеді? Қан уыстап туған Шыңғыс Ханның кекшілдігі әдірам қалсын. Азу тісіміз ақсиғанда адам баласына тән көп қасиеттерді жерлеп тынғанымызды сезінуден қалдық. «Битке өкпелеп тоныңды отқа тастама» дейтін қазақ даналығы бәрін меңзеп - ақ тұр. Бит екеш битке де өкпелеген дархан қазақ болған - ау шамасы жер бетінде. Не деген асыл сезімдер деші. Бірін бірі иттің етінен жек көретін, өкпелей алмайтын қоғамда өмір сүргеніңді сезінудің өзі зор қасірет екен. Құлың болайын, маған өкпелеңізші!..
Ырысбек Дәбей "Жылқы атылған жаз"
Қолыңызда бармен бөлісуге тырысыңыз. Бөліскен сайын байи түсесіз.
Өмірдің мәні беруде!
Данияр Жігітбек "26 жылда қалыптасқан 26 қағида"
Жасыратыны жоқ, біздегі барлық биіктік бір адамның оймен өлшенеді. Егер жазатайым ол жақсыны жаман деп қалса – жаман, жаманды жақсы деп қалса жақсы болады. Бітті, өзгермейтін аксиома. Біздің сорымыз – сол!
Тұрысбек Сәукетаев "Мен жындымын"
Кейде, қызым, аналық өзімшілдік қараулықтың да шегі болмайды. Ондайлар баламның қамын ойладым деп, және сол ойына имандай сеніп жүріп, өз қамын ойлайды, өз дегенін істетеді. 
Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін"
Әйелдің көкейіне бірнәрсе түспесін, түссе болды, жетер жеріне жеткізбей тынбасы белгілі.
Шәрбану Бейсенова "Бір махаббат баяны"
Білесің бе, жақсы адамдардың басым көпшілігі тіршілікте бақытты бола бермейді. Бір ғажабы - олар мұны бақытсыздық деп ешқашан есептемейді. Өйткені олар өзіне тиісті бақыттың басқаларға үлескенін біледі және мынау маған тиесілі еді деп айтпайды. Жақсы адам болудың қиындығы да сонда.
Дулат Исабеков "Қарғын"
Әрбір істің бір себебі бар, ал кедейленудің себебі - ысырапкершілік, ысырапқорлық дүниемен ғана шектелмейді. Ас - ауқатты пайдалануда, адамның мінез - құлқы, сөзінде де болады. Ысырапқорлық өзіңді алдап, деміңді тарылтып, ақылыңды аздыртады. 
Қайқаус "Қабуснама"
Орыста «дистанция» деген сөз бар, ол — екі нәрсенің арасындағы алшақтық, яғни, тұтасып кетпеушілік. Осы дистанция махаббат мәселесінде де керек сияқты, еркек пен әйел ғана емес, дос пен дос, әке мен бала... сияқты жақын адамдар да бір - біріне жапсырылып қалмай, араларында алшақтық ұстауға қажет сияқты, әйтпесе, адам өзінің «мендігін» жоғалтып алатын сияқты.
Сәбит Мұқанов "Мөлдір махаббат"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тұрмыс құру екі жас бірін - бірі көріп - біліп, сүйіскенде ғана баянды болмақ Тұрмыс құру екі жас бірін - бірі көріп - біліп,
Тұрмыс құру екі жас бірін - бірі көріп - біліп, сүйіскенде ғана баянды болмақ. Махаббат кеңесшіні керек етпейді, оған өктемдік жүрмейді. Барар жерді,
Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында да, бар екен! Кітап үзіндісі: Бақыт деген бұл əлемде, шынында
Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тартқандар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл - кеңірдек боп айтысып жататын.
Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда Кітап үзіндісі: Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда
Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы
Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды Кітап үзіндісі: Адам топ әскерді алдап, өлімге
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін - ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады. Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер
Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Кітап үзіндісі: Теңіз терең емес, адамның жаны
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×