ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Мешкей
24.11.2024 64 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Мешкей

Әдебиет
Көркем сөздің құдіреті: Мешкей
Тойымсыз, обыр, қомағай, оңаза
Сияз деген мол шығын. Ол, көп елдiң қалың даугерлерi келiп орнайды деген сөз. Осы елдiң жуан, семiз мешкей билерi, күндiз – түстiк, кешке – қонақ асы жеп, асықпастан ай жатады деген сөз.
(М. Әуезов, Абай жолы: 1 том)

Өзінше мешкей атақ ілініпті,
Бұл мінез жұртқа тегіс білініпті.
Күніне екі - үш мезгіл ет жейтін боп,
Өткізген енді солай тірлікті.
(М. Дулатов, «Алаш» партиясына қосылмаған ақынға)

Астаулап тегенелеп, қазан - қазаннан буын бұрқыратып түсірген етті талтаңдасып, дедектеп бір жерге жинай бастады. Ақсақалдар, мешкейлер пышақтарын суырды.
(Ж. Аймауытов, Қартқожа)

Жер қайтып сен, қойның толы өліктерден арылдың?
Маскүнемдер әлегінен, әлегінен жуан - жуан, мешкей, семіз қарынның?
Қоңырсыған қою етті қайда құрттың, нағылдың?
(М. Мақатаев, Осы бір шірінді — құнар)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақша мата атаулары Қазақша мата атаулары
Көркем сөздің құдіреті 1. Жібек, Манат, Биқасап Тегеріші манаттан, Жібектен ызып бау таққан Үйге де кірер ме екенсің? (Дулат Бабатайұлы, О, Ақтан
Көркем сөздің құдіреті: Кенде Көркем сөздің құдіреті: Кенде
1. Тапшы, мұқтаж, зәру; 2. Кем, аз.
Көркем сөздің құдіреті: Өбектеу Көркем сөздің құдіреті: Өбектеу
1. Жаны қалмау, асты - үстіне түсу, әлпештеу; 2. Жағымпаздану.
Көркем сөздің құдіреті: Әлет Көркем сөздің құдіреті: Әлет
1. Мезгіл, мерзім, кез, уақыт, уақ; 2. Жарық, сәуле, нұр; Айдың, күннің, жұлдыздың айналасын қоршаған сәуле.
Көркем сөздің құдіреті: Ындын Көркем сөздің құдіреті: Ындын
Көркем сөздің құдіреті: Ындын Түпкі мақсат, ниет, пиғыл, пейіл, діт, месел, көңіл.
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×